А.с. не? мұражай
І.с. ненің? мұражайдың
Б.с. қайда? мұражайға
Т.с. нені? мұражайды
Ж.с. қайда? мұражайда
Ш.с. қайдан? мұражайдан
К.с. немен? Мұражаймен
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа тақырыпқа даярлау
«Миға шабуыл» әдісі.
- Қазақстанның астанасы қай қала?
Астананың символы не?
Астана қаласында мұражайлар бар?
Сендер қалай ойлайсыңдар, бүгін біз қай қала туралы тақырып өтеміз?
Әрине, Астана қаласы жайында. Ендеше барлығымыз тақтаға қарайық. Астана қаласына саяхат жасйық.
( Еңсеповтів күйі ойайды. Осы кезде Астана қаласындағы ғимараттар рет-ретімен слаит арқылы көрсетіледі.)
Қазір сендермен Астана қаласындағы жаңа ғимараттарды тамашаладық.
-Қандай ғимараттар көрдік?
Сөздікті қатесіз бірнеше балаға оқыту. Дәптерге жазу.
астана – столица қонақүй – гостиница
деп аталады - называется жауап береді - отвечает
жас – молодой өмір сүреді – живут
өзгерген – изменился келесі жылы – в следующем году
Мәтінмен жұмыс.
1- тапсырма Мәтінді қатесіз, түсініп оқыңдар.
Астана – Қазақстанның жаңа астанасы. Астанада биік жаңа үйлер, әдемі ғимараттар, ескерткіштер, мұражайлар, «Конгресс холл» және салтанат сарайлары, қонақ үйлер, спорт кешендері, саябақтар, көшелерде гүлзарлар, субұрқақтар да көп. Астана – болашақтың қаласы.
Мәтіннен кейінгі жұмыс.
2-тапсырма
Біз сендермен қазір барлығымыз Астанаға жасаған саяхатымызды негізге ала отырып «Астанадағы жаңа ғимараттар» жайлы класстер толтырайық.
Класстер. (Интерактивті тақта-флипчарт)
-Тақтаға шығып көрген ғимараттардың атын жазамыз.
Астанадағы ғимараттар
Жауаптары: Астана – еліміздің бас қаласы. Ғимараттар. Бәйтерек-Астана символы. Қонақ үй. Парламент үйі. Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театоры. Қазақстан мұражайы. Алтын адам. Субұрқақ. «Думан» океанариумы.
IY. Сергіту сәті:
-Қане, балалар, орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық.
Шаршадың ба, балақай?
Бой жазайық, ойланбай.
Бір, екі, үш, төрт,
Бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Жарайсыңдар, алақай!
Дәптермен жұмыс. 3 – тапсырма. Диалогті ролге бөліп түсініп оқы.
- Сәлем, Арайлым.
- Сәлем, Сұлтан.
-Сен Астанадан келдің бе?
- Иә, Мен Астанадан келдім.
- Астана өзерген шығар?
- Иә, Астана өте өзгерген.
- Қандай жаңа ғимараттарда болдың?
- Өте көп. Бәйтеректі, Думанды білесің ғой. Сонымен бірге жаңа спорт сарайын көрдім. «Хан шатыры» деп аталатын жерде де болдым. Астанада көптеген қонақ үйлер салынған. Астана өте әдемі!
- Келесі жылы жазда мен де Астанаға барамын.
- Сау бол, Сұлтан
- Сау бол, Арайлым.
4 – тапсырма. Ғимараттар, қонақтар сөздерін септеп жазыңдар.
(Интерактивті тақта-флипчартта көрсетілген септеулерді бірнеше оқушыға оқыту. Үйде дәл осылай қатесіз септеп жазып келуге тапсырылады.)
А.с. нелер? кімдер? ғимараттар, қонақтар
І.с. нелердің? кімдердің? ғимараттардың, қонақтардың
Б.с. нелерге? Кімдерге ғимараттарға, қонақтарға
Т.с. нелерді? Кімдерді? ғимараттарды, қонақтарды
Ж.с. нелерде?кімдерде? ғимараттарда, қонақтарда
Ш.с. нелерден?кімдерден? ғимараттардан, қонақтардан
К.с. нелермен? Кімдермен? ғимараттармен, қонақтармен
5 – тапсырма. Өлеңді жаттап ал.
Отаным
Керемет биік тауларың,
Кестедей бақша – бауларың,
Айнадай мөлдір көлдерің,
Анамдай ізгі елдерің.
(Ә. Табылдиев.)
Y. Сабақты бекіту:
-Сонымен, балалар, біз бүгін сабақта не істедік?
-Қандай жаңа сөздер үйрендік?
-Астанаға жасаған саяхатта қандай ғимараттармен таныстық?
-Қандай мәтін оқыдық?
YI. Үйге тапсырма:
-Мәтінді мазмұндау. 4,5-тапсырма.
-YII. Рефлексия: Күй ойнап тұрады. Сабақ соңындағы көңіл- күйлерін әр оқушы тақтадағы арнайы орынға жапсырып кетеді.
(Интерактивті тақта-флипчарт
YIII. Бағалау: Оқушылардың өздерінен сұрай отырып, дәлелді түрде бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |