«Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.М.Базарова
Пән аты: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 2 «А»
Күні: 18.11.2016ж
Пән мұғалімі: Ниязбаева Н.Қ.
Сабақтың тақырыбы: «Астана» Күләш Ахметова
Сабақтың мақсаты:
1) Балаларға Күләш Ахметова және еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.
2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту.
3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері,слайд, қанатты сөздер, «Астанаға саяхат» видеоклип.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық, сезімнен туған өлеңдер, венндиаграмасы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ- жауап
Сабақтың барысы:
І.Ұйымастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Қонақтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Мұғалім:
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ.Себебі, бізге бүгін қонақтар келіп отыр.сабағымызды бастамас бұын біз топқа бөлініп алсақ.
Топқа бөлу
І топ-Пирамида
ІІ топ-Бәйтерек
ІІІ топ-Есіл
ІҮ топ-Ханшатыр
ІІ. Үй жұмысын сұрау және бағалау:
С. Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?»
Сәкен Жүнісов туралы сұрау.
І топ-Пирамида (Әңгіме кейіпкерлерінің суретін салу)
ІІ топ-Бәйтерек(Әңгімені сахналау)
ІІІ топ-Есіл(Сурет бойынша әңгіме құрау)
ІҮ топ-Ханшатыр(Әңгіме кейіпкерлерін зерттеу)
ІІІ. Өткен сабақты бекіту және жаңа сабақты хабарлау
Қорытындылау.(Оқушыларға сұрақ – қою арқылы өз ойларын сұрау)
Сонымен балалар әркімнің мекені өзіне қандай екен?( ыстық, жайлы, жақсы мекен,)
Қане, онда өзіміздің мекеніміз туралы мақал – мәтел айтайық?
Өз туған жерің саған несімен ұнайды?
Мәтін кейіпкерлеріне ұқсап өз тұрған жерің туралы толғана әңгімелеуге тырыс: «О, шіркін! Дүниеде менің Қазақстанымнан артық жақсы мекен, жайлы қоныс, барма екен? Өзі кең, ауасы таза, табиғаты керемет. Туған елімнен артық ел жоқ, өз елім өзіне Мысыр шаһарындай.»
Дұрыс айтасындар әркімнің туған жері өзіне ыстық. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін. Ребусты шешу арқылы білетін боламыз.
ІҮ. Негізгі бөлім:
Жаңа сабақты
1 тапсырма. Ребусты шешу арқылы бастаймыз.
Ребустың шешуі: Астана, Алматы деген қалалардың аты шығады.
Оқушылар осы екі қала туралы білгендерін айтады.
Алматы 1925 жылы Қазақстанның астанасы болған. Алматы - өте әдемі қала. Ол Алатаудың етегінде орналасқанАлматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан. Алматыда Көк – Төбе бар. Оған шығып Алматыға қарасан, Алматы алақандағыдай көрінеді.
( слайд)
Астана- Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан .
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Көптеген ғимараттар бар.
(видео ролик)
Ендеше бүгін Күләш Ахметованың бас қаламыз Астана туралы өлеңімен танысамыз.
(слайд Күләш Ахметова)
Күләш Ахметова - 1946 жылы 25 сәуірде Қырғыз Республикасы, Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге келген.Ақын, жазушы. Өлеідері бірнеше тілге аударылған. Бірнеше жыр жинақтарының авторы.
Оқулықпен жұмыс:
А) мұғалім оқиды
Ә)оқушылар оқиды ( әр топтан бір оқушы оқиды)
Астана
Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
Өзегіңді жарып аппақ бір сезім,
Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба?
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,
Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған
Енді, қазақ, бір-біріңді аяла!
Түбі бірге, түп қазыққа шоғырлан!
Алатауда қалды жылдар ең асыл,
Есілдің де жандай ыстық жағасы
Жан даламның-
Алматы мен Астана
Көздерінің ағы мен қарасы!
Екі қаланың да біз үшін орны ерекше. Балалар енді ақын апамыздың ойын мына сызба бойынша бейнелейікші ол үшін. Мына сызбаға қарайық.
Мысалы: Өз Астанам өз қолыңмен соғылған.
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
Алатауда қалды жылдар ең асыл,
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән.
Алматы мен Астана
Өз Астанам өз қолыңмен соғылған
Көздерінің ағы мен қарасы!
Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
ІV. Сергіту сәті: (Физминутка)
Дәптермен жұмыс
(Даптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз. Тақырыпты және Күләш Ахметованың өмір баянын дәптерге түсіріп аламыз)
Сөздік жұмыс.
Саф – таза ауа.
Өзек – адамның мүшесі.
Ұлылық – үлкендік.
Түп қазық – берік орныққан
V. Топтық жұмыс:
І-топ: «Астана» эссе.
ІІ-топ:Астанаға деген сүйіспеншіліктеріңді және болашақтағы өз армандарыңды сызбаға түсіріңдер
.
Менің Астанам
|
Астана-болашағым
|
|
|
|
|
ІІІ топ. Астана сөзіне дыбыстық талдау жасау,сурет салу.
А –
С –
Т –
А –
Н –
А-
ІҮ-топ. Астана туралы өлең шумақтарын айту.
«Күн шұғыласы » ойыны.
Астана деген сөзді айтқанда көз алдыңа нені елестетесіңдер?
Әр топтан бір оқушы шығып, күн шұғыласына Астана қаласының символына айналған жерлерді жазады.
Астана
Шығармашылық жұмыс:
1.Әр топқа қима қағаздар беріледі сол қима қағаздан өлең жолдарын құрайды.
БЕКІТУ.
Астанада қандай жерлер бар?
Астанада қандай көрікті жерлер бар?
Астана қаласына саяхатқа шыққыларың келе ме?
VІ. Қорытынды:
Кең өлкеме терең жайып тамырын,
Жайнай бергің, жаның нұрдай, Астана!
Әлденеңе кәріп қылып Тәңірім,
Енді бізді табындырма басқаға – деп ақын ағаларымыз жырлағандай, халқымыздың аялы алақаны, ыстық мейірімімен тұрғызылған әсем қаламызды қадірлеп, қастерлеп келер ұрпаққа аманат етіп жеткізетін бәйтеректей саялы азамат болады деген үмітпен мен сабағымды аяқтаймын.
VІІ. Бағалау:
Кері байланыс.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
VІІІ. Үй тапсырма беру:
Астана өлең шумағын жатқа айту.
Достарыңызбен бөлісу: |