Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 4«б»
|
Бастауыш сынып мұғалімі: Н.С Мырзашева
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Астанаға ақ бата.Бата сөз. Диқан Әбілев
|
Пәні:
| Әдебиеттік оқу |
Мақсаты:
|
Астанаға берілген бата мәтіні арқылы, бата сөздердің мағынасын ашу.
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Пәндік нәтиже:Мәтін мазмұны мен идеясын ашуға, батаның мазмұнына мән бере отырып, талдауға мүмкіндік беру.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Жұпта, топта және өз бетімен жұмыстану дағдыларын дамытып, тез, өнімді жұмыс арқылы уақытты пайдалана білу мүмкіндігіне дағдыландыру.
Тұлғалық нәтиже: Өзгенің де пікірін тыңдауға мәдениетті сөйлеуге,сауатты жазып, тіл байлығын арттыруға жағдай жасау.
|
Керекті жабдықтар:
|
Оқулық, Астананың суреттері, слайдтар, автордың портреті, постер, стикер.
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
2 мин.
5 мин.
|
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Нақыл сөз. 2. Бата сөз. 3.Мақалдар топшамасы бойынша топқа бөліну
II. Үй тапсырмасын тексеру. «Серпілген сауал»
Оқушылар шеңберде тұрып, бір-біріне доп лақтыру арқылы үйге берілген тапсырманы қорытындылайды.
|
Оқушылар сабақ басынан қимыл-қозғалыспен бастап, көңіл-күйлері көтеріледі.
Допты лақтыра отырып, ұтып алған оқушы өлең шумағын немесе мақалды айта береді.
|
Тұсау кесер
1 мин.
1 мин.
2 мин.
|
ІҮ.Жаңа сабақ. «Бата беру»
тақырыбында видеоролик қарау
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі.
Осы роликті қарай отырып, оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.
Сабақтың табыс критерийін анықтау:
1. Бүгінгі сабақта не істеуіміз мүмкін?
2. Қандай жұмыс түрімен айналысамыз.
3. Тақырыпты меңгеру үшін қандай әрекет жасаймыз.
Дәптерлеріне күннің жадын, тақырыпты жазып алу
Авторы туралы түсінік беру.
Авторы туралы түсінікті ресурс парағынан оқып жұпта талдайды.
Жұптық жұмыс.
|
Қосымша мәлімет алады.
Бата туралы түсінік қалыптасады.
Оқушылар бүгінгі сабақта не істеуіміз мүмкін екенін шамалап айтып береді.
Оқушылар топтағы көршілерімен бірлесе отырып жұпта талдайды.
|
Негізгі бөлім
2 мин.
2 мин.
15 мин.
10 мин.
|
Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтінді іштей оқу.
2. Мәнерлеп оқу.
Сұрақтармен жұмыс.
1. Бата дегеніміз не?
2. Бата қандай жағдайда беріледі?
3. Бұл жерде батаны неге берген?
4. Бұл жердегі берілген бата қандай сезімнен туған деп ойлайсыздар?
Шығармашылық тапсырма.Постермен жұмыс
І топ: «Кешегі Астана»
ІІ топ: «Бүгінгі Астана»
ІІІ топ: «Болашақтағы Астана»
«Кешегі Астана» Ресурс парағында Бұған дейінгі астана болған қалалар:
1920 жылдан- 1924 жылға дейін Орынбор қаласы
1924 жылдан – 1929 жылға дейін Қызылорда қаласы
1929 жылдан – 1997 жылға дейін Алматы қаласы
1997 жылдан бастап Астана қаласы.Патша жарлығымен 1830 жылы Ақмола бекінісін салуға 200 адамы бар Ф. К.Шубин келіп қаланың қазіргі орнына қазық қақты. 28 мамыр күні басталып, 2 жылға созылған құрылыс 1832 жылғы 22 тамызда аяқталады. Қала халқы санының өсуі:
1890 ж — 5 640 адам
1914 ж — 16 500 адам
1997 ж — 230 000 адам
2009 ж — 750 000 адам
Астананың халықаралық тұсауы 1998 жылдың 10 шілдесі күні кесілді. Содан соң Астананың туған күні 6 шілдеге ауыстырылды.
«Бүгінгі Астана»
Астананың ресми тілі: қазақ тілі.Жер аумағы: 722 км 2
Адам саны соңғы есеп бойынша 852 985. Онда әр түрлі ұлт өкілдері бар. Телефон коды: 7172 . Автомобиль коды: z 01
Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауындағы жазықта орын тепкен
Қысы суық, аязды. Ызғарлы аяз шамамен 245 күнге, ал қыстың ұзақтығы 5-6 айға созылады.«Астана-Бәйтерек» монументі ,«Пирамида» сарайы туралы мәлімет, Пирамида Есілдің сол жағалауы мен оң жағалауын байланыстырады.Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы 25 қабаттан тұрады.
«Хан шатыры» ойын-сауық орталығы туралы. Т.б
«Ертеңгі Астана» 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды. Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады
Астана болашақта халық саны жағынан миллионер атанады деп болжануда. 2030 жылы 1 200 000 адамы болады деп болжануда.
Болашақта бүгінгіденде көп жоғарғы оқу орындары, колледждер мектептер ашылады деп сенеміз.
Сонымен қатар, зәулім үйлер мен ғимараттар шетелдердегідей мысалы Америка құрама штатындағыдай бой көтереді.
Қыстағы салқындық болашақта болмайды, себебі биік ғимараттармен қаланы қоршаған орман-тоғайлар салқындықты жібермеуі мүмкін.
Алматы қаласындағыдай трамвайлар ағылуы мүмкін.
Топтық жұмыстың өнімін қорғау.
|
Алдымен іштей оқып, содан соң әр топтан екі оқушыдан дауыстап жүргізіп оқып талдайды.
Оқушылар қолдарын көтеріп жауап береді
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыстанады
Әр бір топ спикерлерін сайлап, ресурс парақтарын, суреттерді пайдалана отырып, постерді дайындайды.
Топтың жұмысын спикерлер қорғайды. Өзара бағалау барысында «Екі жұлдыз ,бір ұсыныс» жазып қалдырады.
Әр топ спикерлері топ жұмысын қорғайды.
|
Қорытынды
5 мин.
|
VІ. Қорытынды.
Сұрақтармен жұмыс.
|
сабақ қорытындыланады
|
Бағалау
|
Әр топтағы жұмыстанған оқушыларды кестеге сай бағалаймын.
|
Балалар бүгінгі жұмыс жасау деңгейлерін бағалайды.
|
Үйге тапсырма
|
Бата сөздер жаттап келу
|
Күнделіктеріне жазып алады.
|
Рефлексия
|
«Сабақ соңындағы сезімім»
|
Әр оқушы , өзінің сезімін білдіретін суреттің тұсына барып тұрады.
|
Сабақ бойынша өзіндік талдауым:
Сабақ жоспарын жеті модульді ықпалдастыра отырып құрдым. Сынып оқушыларын ауыз әдебиетінің озық үлгілерін ала отырып,үш топқа біріктірдім.Топтық жұмыстың ережесін қайталай отырып, орындарын ыңғайлап сайлап алуына жағдай жасадым.Табыс критерийін анықтай отырып, басталған сабағым диалогтік оқыту әдісін қамтыды. Оқушылар сабақта не істейтініміз жөнінде айтты.Олардың жауабына өз үлесімді қоса отырып, қосымша ақпараттарды да қостым. Үй жұмысы «Серпілген сауал» допты оқушыларға лақтыра отырып, жауап алудан басталды. Бұл ойынды дөңгеленіп, тұрып орындадық. Алдыңғы тақырыптың толық меңгерілгені айқындалды. Оқушылар Жеті ата- жеті байлық өлеңдері бойынша ұнаған шумақтарын жатқа айтып, «жеті» санына байланысты мақалдарды көптеп орындады. Оқушыларға формативті бағалауды қолданып, мадақтама, қолпаштау білдіріп отырдым. Сыныптағы А деңгейіндегі Н. оқушы мен В деңгейіндегі А. деген оқушылар белсенділік танытты. С деңгейіндегі О. Атты оқушым, жоғарғы деңгейдегі мақалдарды айтса, С пен С атты оқушылар жеті атасын жазып әкеліп таңқалдырды. өткен сабақ осылайша қорытындыланып, жаңа сабақты видеоролик қараудан бастадық. Бұл жерде ой шақыру сәтін АКТ –ны қолдана отырып, уақытты үнемдеп, әрі танымдық қабілеттерін шыңдадым деп есептеймін.Ролик арқылы бата ұғымын қалыптастырдым. Бата қай кездерде беріледі? Деген сұрақтарға С. Есімді оқушым, алыс сапарға аттанған кезде десе, З. есімді оқушым екі жас үйленгенде деген жауап қайырды. А. есімді оқушы дастарханға берілетін бата болады десе, Ж. есімді оқушы бесіктегі балаға берілетін бата түрі болады деп нақтылады. Бата сөзіне нақты сауатты түрде түсінікті өзім беріп, ережесін түсіндірдім. Жаңа тақырыппен күн жадын жаза отырып, оқулықтағы мәтін мен оның авторына тоқталуды жөн көрдім. Авторы туралы түсінікті оқулықтан оқыды, интерактивті тақтадан қосымша мәлімет алды. Ол жұмысты жұпта талдады. Жұптық жұмыста Д. атты оқушым ешқандай түсінігін айтпай, көршісінде тыңдамай отырды. Сабаққа немқұрайлы қарап отырды. Жұптық жұмысты талдай отырып, оқулықтағы мәтінді мәнерлеп, нақышына келтіре тізбектеп оқу жұмысын жүргіздім. Сынптағы З. Ж. С. О. А. Ә. Есімді оқушылар өте жоғарғы деңгейде мәнерлеп оқып берді.Астанаға берілген ақ батаның мән-мазмұнына тоқталып, жіктеп , талдадық. Содан соң шығармашылық тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар топта жұмыстанды. «ертеңгі Астана» туралы мәліметтерді ресурс парағынан ала отырып, постерге орналастырды. Әр топ өз спикерлерін сайлап, олар түсіндіру жұмыстарына дайындалды. Берілген уақыт аяқталған кезде топ жұмыстары қорғалды. 1-топта спикер: З. аттты оқушы, 2-топта Д. атты оқушы, 3-топта О. атты оқушы топтың жұмысын жақсы жеткізді.Әр топтың жұмысы «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» бағалауы арқылы жүзеге асырылды. Бұл жерде балалар, жай сөйлеммен ғана қысқа қайырған. Осы жерде оқушылардың кең ауқымды, жан-жақты талдауға үйрету керектігін өзіме түртіп алдым. Бұл жерде 2- топтан таңдалып тұрған спикер Д. оқушының дауысы жай болатын. Дауысының жай екенін ескертіп, бірнеше ұсыныс жазылыпты.Постерді қорғаған соң, сабақты қорытындылауға арналған сұрақтарға жауап берді. Қорытынды сұрақтарға белсене жауап берген С. А. М. Б. Д. есімді оқушылар. Әр топтағы оқушыларды бағалаушылардың кестесіне сай бағасын қойдым. Сабаққа қатысқан 24 оқушының 15-і бағаланды. 10 оқушы «5» деген баға алса, қалғаны «4» деген бағаға ие болды. Үйге тапсырмаға бата сөзді жаттау берілді. Рефлексияға «Сабақ соңындағы сезімім» атты баспалдақ арқылы кері байланыс ұйымдастырдым. Барлық бала жоғары сатыда орналасқан баланың қасына барып тұрды. Сабақ соңында С атты оқушы бата беріп, сол батағы барлығы қол жайды. Бұл сабақты барлығы меңгерді деген қорытындыға келдім.
|
Сабақ бойынша өзгертулер:
Келесі сабақта «Галерея» әдісін жеңіл тақырып бойынша алуды ұйғардым.
|
№ 43 орта жалпы білім беретін мектеп
Қысқа мерзімді жоспар:
Әдебиеттік оқу.
Тақырыбы: «Астанаға ақ бата»
Мырзашева Н.С.
Достарыңызбен бөлісу: |