№ 25 Красноярка орта мектебі
Тақырыбы:
Өткізген: Абдыгожина Г.М.
2018 – 2019 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ата-баба дәстүрі-әдептілік негізі
Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру; үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай еске сақтауға және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, ата сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, киіз үй, сандық, асықтар.
Барысы:
І. Кіріспе бөлім
*Көңіл-күйлерін жақсарту.
*Қонақтармен амандасу
-Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық ,достарым
Келді қонақ бізге.
-Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі « Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Балалар, біз егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың тарихын, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан мұрасын, мәдениетін, әдет-ғұрпын білуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |