*Ой қозғау Тақырыпты ашу.
-Ұлттық тәрбие дегеніміз не?
-Халқымыздың сан ғасырлардан келе жатқан ұлттық дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп келуі.
-Ұлттық тәрбиеге нелер жатады?
-Туыстық қарым-қатынас, жеті атаны білу, ұлттық намыс, парыз бен қарыз, Отансүйгіштік, салт-дәстүрлер т.б.
-Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
-Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
-Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
ІІ. Негізгі бөлім
*Бейнебаян: Қазақтың салт-дәстүрлері
-Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет –адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады.Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның бүкіл өмірінде салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратыны өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.
* Оқушыларды топқа бөлу.
1-топ. «Тұмар»
2-топ. « Шашбау»
3-топ. «Тұлым »
Топ басшысы топтың атын таныстырады.
1-топ. Тұмар тобы Молдаларға оқытып, үшбұрыштап матаға немесе теріге тігіп кішкентай баланың мойнына тағып қоятын нәрсе. Бұл пәле-жаладын сақтайды деген ұғым.
2-топ. Шашбау тобы Қыз балалардың шашына тағатын әшекей бұйымы
3-топ. Тұлым тобы -баланың кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым дейді. Тұлым қыз балаға қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |