Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді Сарыұлы «Балаларыма өсиет» өлеңі Оқу мақсаты



бет2/3
Дата10.01.2020
өлшемі334,29 Kb.
#55646
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
8 сынып



Қысқа мерзім жоспары

Бөлім тақырыбы:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы



Мектеп: 211

Күні: 05.09.2019

Мұғалімнің аты -жөні: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері

Оқу мақсаттары

Т/А. 8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау

ӘТН. 8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу



Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу дағдыларын дамытады;

  • мәтіннен алынған дәйексөздерді түсініп, айтылмақ ойды одан әрі дамыта болжам жасайды

Бағалау критерийі

  • дәйексөз бен тірек сөздерді анықтау

Бастапқы білім

Оқушылар бұған дейін қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен Орхон –Енесей жазба ескерткіштері туралы хабардар. Бұл сабақта жалқы есімдердің емлесін Көне түркі жазба ескерткіштері туралы мәтіндерден анықтап, тілдік қолданыста пайдаланады.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы



Қызығушылықты ояту:

«Суреттер галереясы» әдісі. Сынып қабырғасына көне түркі жазуына қатысты суреттер ілінеді. Оқушылар суреттерді кезегімен көріп, аралайды. Өзіне жақын тұрған оқушымен тарихи ескерткіштер, көне түркі жазуы туралы ойларын айтып әңгімелеседі.

Мұғалім оқушылардың ойын тақырыпқа алып келу мақсатында төмендегі сұрақтарды қояды:

  • Көне түркі жазба ескерткіштерінің құпиясы не?

  • Қазақстандағы «Мәдени мұра» бағдарламасы қандай мақсатта құрылған?




Сабақ ортасы

1-тапсырма.


Алдымен, оқушылар мәтіннен берілген үзіндіні тыңдап, көтерілетін мәселеге болжам жасайды.


VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш – жырларды әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеген кісі совет ғалымы И.В. Стеблева болды…



2-тапсырма.


Аудиомәтінді толығымен тыңдап, өз болжамымен салыстырады.

Мәтінмен жұмыс кезеңі.

Оқушылардың жұптық тапсырмасы:

Тыңдалым мәтініндегі туындаған мәселені анықтап, төмендегі кестені толтырады.



Үлгі:


Көтерілген мәселе

Себептері

Менің пікірім

Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ

Әдебиетші ғалымдар арасында екі түрлі көзқарастың болуы

Ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды

---

---

---


Дифференциация: Әдебиетші ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастың бірізділігіне зерттеу жүргізеді.
Грамматикалық тапсырма.

Оқушыларға бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу талаптары түсіндіріледі.

Жұптық тапсырма ретінде тыңдалым материалынан (аудиомәтін) оқушылар жалқы есімдерді тауып, атауларын анықтайды.
Мысалы,


Адам аттары-антропонимдер (Күлтегін, Тоныкөк, Тұмар)

Географиялық атаулар –топонимдер (Жидебай, Қоскөл)

Жануарлар атаулары –зоонимдер (Байшұбар, Керқұла)

Аспан денелерінің атаулары -астронимдер (Шолпан, Марс)

Тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары - хрононимдер (мысалы, Жеңіс күні, Түркі дәуірі т.б.)

Рухани нысандар атаулары - идеонимдер (Арыстан баб кесенесі)






Сабақтың соңы


«Түркі әлеміне саяхат» әдісі.

Оқушылар топта зерттеуші, саяхатшы, тілші және суретші мамандықтарының бірін таңдайды.

Міндеттері:

- зерттеуші өз жұмыстары немесе «ашқан жаңалықтары» бойынша есеп дайындайды.

- Саяхатшы Орхан –Енесей жерлеріндегі оқиға жайлы күнделік жазады.

- Тілші өзі көрген, куә болған жайлар туралы репортаж дайындайды.

- Суретші түркі сапары жайлы сурет салады.

Рефлексия «5 саусақ» әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Үзінді жаттау, бас әріппен жазылатын жалқы есімдерді жазу.




Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақ: №3

Мектеп:211

Пән: қазақ әдебиеті




Күні: 06.09.2019

Мұғалім: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Қорқыт ата

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т /Ж. 8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Қорқыт ата кітабында неше жыр бар екенін, ол жырлардың тақырыбы не туралы екенін анықтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Қорқыт ата туралы монолог айта алады алады, мұғалімнің көмегімен ғалымға баға бере алады, шығармаларының мазмұнын салыстыра алады және атап өтеді.

Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы бойынша дәйексөз келтіреді, өз ойын пайымдай отырып, сын айта алады.


Бағалау критерийі:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашады, негізгі мәселені анықтайды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы


Сәлемдесу. 1. Аңыз дегенді қалай ұғынамыз?

2. Қорқыт ата туралы не білеміз? (оқушылар білімен ортаға салу)

Оқушыларға берілетін қосымша мәліметтер

Аңыз әңгімелер.

Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.

Кейіпкерлері. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.

Аңыз әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.

Бағалау Әткіншек әдісі арқылы орындалады



Сабақтың ортасы



Жұптық жұмыс

Қорқыт атаның нақыл сөздерінің қазіргі мақал-мәтелдермен ұқсастықтарын табу. № Қорқыт атаның нақыл сөздері Қазіргі қазақ мақал-мәтелдері

1 Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас, Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес. Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер

2 Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі. Жақсы бала әкесінің есіктегі басын төрге сүйрер, Жман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрер.

3 Жат баланы қанша сақтасаң да ол ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Кісі баласы кісендесең де тұрмайды. Ер – туған жеріне, Ит – тойған жеріне

4 Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі. Өтірікшінің шын сөзі де зая.

5 Ажал жетпей өлмек жоқ. Ажал жетпей жан шықпас.

6 Бас аман болса, бөрік табылады. Бас аманның малы түгел.


Сабақтың соңы




Практикалық кезең. Оқушылармен орындалатын жұмыстар

І топқа Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» күйінің шығу тарихын баяндау және Қорқыттың «Менмен, тәкаппар адамды Тәңірі сүймейді»,

«Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға Тәңірі бақ бермейді»,

«Күлді қаншама үйгенмен төбе болмас»,

«Қара есектің басына жүген таққанмен-тұлпар болмас»... деген нақыл сөздерінің мағынасын ашу

ІІ топқа «Тарғыл тана» күйінің шығу тарихын баяндау және Қорқыт атаның

«Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі;

Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;

Көңілі пасық ерде дәулет болмас;

Анадан өнеге көрмеген қыз; Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді»-деген нақылсөздерінің мағынасына талдау жасату

ІІІ топқа Қорқыттың «Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар. Дәулетсіз ұлың болса, атаның көрі болар. Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас, Ұлатадан көрмейінше, саапр шекпес. Ежелгі дұшпан дос болмас»- деген нақыл сөздерінің мағынасына талдау жасату және «Әуппай» күйінің шығу тарихын баяндату.

Үйге тапсырма.Қорқыттың өмірбаянын өз бетімен оқып. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/qorqyt-ata-kitaby сайтынан тест сұрақтарына жауап беру.







Сабақ : 3

Мектеп: 211

Күні: 09.09.2019

Мұғалім: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Енисей,Талас, Орхон ескерткіштері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/А. 8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау;

ӘТН. 8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.



Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Мәтін мазмұнын түсінеді, бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды.



Оқушылардың көпшілігі

Ежелгі түркі жазуларының өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік береді



Оқушылардың кейбірі

Мәтін бойынша барлық сұраққа дұрыс жауап бере алды.

Шығарма идеясына өмірден 3 мысал келтіре алады.


Жетістік критерилері

Орхон – Енисей жазба ескерткіштері жөнінде жазба ескерткіштері жөнінде, Қазақстанда өмір сүрген түркі тайпалары жайында мағлұмат алады

Осыған дейін меңгерілген білім

«Елу жылда ел жаңа» мақалына көзқарасын білдіріп, эссе жазды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Сабақ басы

Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу.

Сұрақтар:

Көне түркі ескерткіштері туралы не білеміз?

Олар қайдан табылған?

Қандай жырларды жатқызасыздар?

Басты тақырыптары қандай?

Оқу мақсатымен танысады;



Сабақ ортасы


Жаңа тақырыпты меңгеру

Орхон ескерткіштері дегеніміз - осы тарихи тұлғаларға арнап жасалған жәзулар. Түркілердің ежелгі мекені - Орхон өзенінің аңғарынан табылған. Мұндай тарихи тастар бұрын қәзақ жерінде көп болған, бірақ түрлі жаугершіліктер кезінде жойылып кеткен.

Орхон ескеркіштеріндегі жазулардың негізгі мазмұны - ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу.

Орхон жазулары мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты қазақтың эпостық жырларымен үндес, ұқсас.

Орхон жырларының құрылысы жағынан қазіргі өлеңнен біраз айырмашылығы бар. Онда арагідік болмаса, ұйқас кездесе бермейді. Дыбыс үндестігі, сөз қайталаулар ішкі ырғаққа құрылады.

Сөздікпен жұмыс: Тауғаштар-қытайға қараған түркі тайпалары

Тоңықұқ-алғашқы заң шығарушы деген мағынада

Кітаппен жұмыс: Орхон ескерткішін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

2. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.

А) Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады

Ә) Айтылым. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазу үшін 3-тапсырманы орындатады.

В) «Сыр сандыққа» сөздер.

Кестені толтырыңдар:



Орхон- Енисей ескерткіштерінің әріп таңбалары

Таңбалар

Мәні

Таңбалар

Мәні




Аа, Ее




НИ ни




Бб




НТ нт




Бь Бь




НЧ нч




Ғғ




Оо Уу




Гг




Өө Үү




Дд




Пп




Дь дь




Рр




Зз




Рь рь




Ыы Іі




Сс




Йй




Сь сь




Ққ




Тт




Кк




Ть ть




Сабақ соңы


Бірнеше сөздер беріп, жаңа сөздерден синк- вейн құрастыртады.

Синквейн құрастырады. Мысалы: шаш

Жазу дәптерімен жұмыс.

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды баға- ны өзі қояды.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.

Ішкі және сыртқы шеңбер» техни- касы бойынша өзара бір-бірін баға- лайды.

Мұғалім түрлі желім қағаздар таратып бе- реді

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?


Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?



Сабақ:№6

Мектеп:211

Пән: қазақ әдебиеті




Күні : 13.09.2019

Мұғалім: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Қорқыт Ата нақыл сөздері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А/И1. Әдеби шығарманың композициясы

8.А/И1. Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.




Сабақ мақсаты:

Көркем шығарманың композициясын жан-жақты талдайды.

Бағалау критерийі:

Шығарманың құрылымын жан-жақты талдайды.

Дескрипторлар

  • Шығарманың сюжеттік желісін анықтайды;

  • Өз көзқарасын дәлелдеу үшін үзінділерді орынды қолданады;

  • Жырдағы қазақы ұғымдардың маңызын түсінеді;

  • Жуан, жіңішке сұрақтардың жауабын табады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту

«Көңілді әуен»

Оқушылар ортаға шығып шеңбер бойымен тұрады. Көңілді әуен ойнала бастағанда, мұғалім қалпақ береді. Оқушылар әуен ырғағымен қалпақты жылжыта отырып, бастарына киеді. Әуен тоқтаған кезде, кез келген оқушы басында қалпақ қалып қойған оқушыға жыр бойынша сұрақ қояды. Оң жақта тұрған оқушы сұраққа жауап береді.




Сабақтың ортасы


Мағынаны тану

Оқушылар сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

Мұғалім оқушыларды Қорқыттың нақыл сөздері жазылған парақшалар арқылы 4 топқа бөледі:

1-топ.

Тәңiрге сыйынбаған адамның тiлегi қабыл болмайды.



2-топ.

Сулар қанша тарам-тарам болып, тасып аққанмен, теңiздердi толтыра алмайды.



3-топ.

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман.



4-топ.

Ата даңқын шығарып, өзiнiң тегiн қуған балаға ешкiм жетпейдi.


1-тапсырма ЖЖ.

  • Оқушыларға Қорқыт атаның нақыл сөздері таратылады. Топ жұпқа бөлініп, сөздерді «Фишбоун» бойынша нақыл сөздерде көтерілген мәселе, негізгі түсініктері, себептерін талдап жазады.

Басы – үзіндіде көтерілген мәселе;

Үстіңгі сүйектер – негізгі түсініктері;

Астыңғы сүйектер – себептері;

Құйрығы – мәселенің шешімі.


  • Жұптар өз жұмыстарын аяқтағаннан кейін келесі жұптың жұмысымен танысады.

  • Топ «Карусель» әдісімен басқа топтардың жұмысымен танысып шығады.


1-топ.

Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктерге байланысты  нақыл сөздері:

  • Алла, алла демейінше іс өнбес, қадір тәңірі демейінше, ер байымас.

  • Баба малынан не пайда, баста дәулет болмаса.

  • Қонақ келмеген қара үйдің құлағаны игі.

  • Жалған сөз бұл дүниеде болмаса игі.

  • Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.

  • Тәкаппарды тәңір сүймес.


2-топ.

Қорқыт атаның  ана  туралы   нақыл   сөздері:

  • Ана — ердің серігі, батырдың бағдаршысы, ұрпақтың ұлы анасы.

  • Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман.

  • Анасыз қыз ақылға жарымас, әкесіз ұл сыйға жарымас.

  • Ананың көңілі балада  болар.

  • Ұлдың кімнен туғанын ана білер.

  • Қыз анадан көрмейінше, үгіт алмас.    


3-топ.

Тәлім-тәрбиеге байланысты қанатты сөздері:

  • Қыз ақылды ескермес-ана үлгісін көрмесе,

Ұл жарылқап ас бермес-әке үлгісін көрмесе.

  • Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман.

  • Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ.

  • Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.

  • Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген  көп артық.


4-топ.

Туған жер, елге арналған қанатты сөздері:

  • Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі.

  • Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды.

  • Ат қиналмай, жол шалмас.

  • Ат жемеген ащы шөптің біткенінен, бітпегені игі.

  • Су тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды.

  • Құстың қонар жерін су білер, 

Малдың барар жерін ну білер.

Сабақтың соңы


3-тапсырма Ж.,ТЖ.

«Жуан және жіңішке сұрақтар»

Топтар барлығының пікірлерін тыңдағаннан кейін жырдың композициясы бойынша өзге топтарға қоятын «Жуан және жіңішке сұрақтар» сұрақтар құрастырады және басқалардың сұрақтарына жауап береді.



Қалыптастырушы бағалау.

Үйге: Нақыл сөзді жаттау






Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дананың сөзі – ақылдың көзі

Мектеп: 211



Уақыты: 16.09.2019

Мұғалімнің аты-жөні: А.Тұрсынбай

Сыныбы: 8

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Қорқыттың нақыл сөздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • үзіндіні не мақсатпен таңдағанын түсіндіре алады;

  • үзіндіге сүйене отырып көзқарасын дәлелдейді.

  • үзінділерді мақсатты түрде іріктейді, таңдайды.

Бағалау критерийлері

көркем шығармалардан үзінділер таңдайды;

өз көзқарасын дәлелдеу үшін оларды орынды қолданады.



Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Сабақтың басы


1. Жаттығу-тренинг

«Бір сөзбен» жаттығуы. Бір оқушы өз қалауымен сыртқа шығады. Қалған оқушыларға «Қорқыт – қобыз» әнінің екі тармағы таратылады. Олар оның әр сөзін бір-бірден бөліп алады. Сыртта тұрған оқушы ішке кіргенде барлығы дауыстап, өздеріне берілген сөзді ғана айтады. Ол қандай өлең жасырылғанын тауып айтуы керек.

2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

3. Ойқозғау. Бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші «Қорқыт ата кітабы» мазмұнында батырлық жырлармен қатар даналық сөздер жинақталған.

4. «Кластер» құру.

қанатты сөздер бата-тілек


афоризмдер өсиет сөздер


Қорқыт ата кітабы

адамгершілік

құндылықтар

ұрпақтар сабақтастығы


тәлім-тәрбие салт-дәстүр



Сабақтың ортасы


Т. Оқушыларға Қорқыт атаның нақыл сөздері таратылады. Нақыл сөздермен танысып, оқып шыққаннан кейін оларды тақырыптық ерекшелігіне қарай топтастырады.
5. «Пирамидалық талқылау» стратегиясы

Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен

танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын сынып алдында қорғайды.
6. Қорқыт ата нақылдарының тақырыптары:


  • ата салтын қастерлеу;

  • жалпыадамзаттық, адамгершілік құндылықтар;

  • отбасындағы ананың рөлі.


Дескриптор

  • нақыл сөздерді қайталап оқып шығады;

  • тақырыбына қатысты ойын жинақтайды;

  • жеке пікірін жазады;

  • ортақ пікірді тұжырымдауға ат салысады;

  • сынып алдында қорғайды.


7. «Серпілген сауал»

- ... (оқушының аты) жауабы туралы не ойлайсың?

- ... (оқушының аты) жауабын кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?

- ... (оқушының аты) естігендеріңнің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?



Сабақтың аяғы



8. Рефлексия «Көңіл-күй себеті»

Оқушыларға түрлі смайликтер таратылады. Өзіне ұнаған смайликтің артындағы пікірді аяқтап, себетке салады. Нәтижесінде, өзінің дамуындағы оқу әрекетінің маңызын түсінеді.

Тапсырма қиын болды, сондықтан ............................................................................

Тапсырма мен үшін жеңіл болды, себебі...................... ............................................

Тапсырма түсінікті болды, бірақ мен ..............................................................................




Бөлім: Дананың сөзі - ақылдың көзі

Мектеп: 211

Мерзім: 18.09.2019

Мұғалімнің аты-жөні: А.Тұрсынбай

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:






Сабақтың тақырыбы

Ахмет Йасауи «Даналық кітабы»

Адамгершілік, имандылық, ұлттық болмыс






Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар

Т/Ж. 8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Сабақ мақсаты

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық тұрғысынан ашу

Бағалау критерийі

  • әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіреді

Құндылықтар

имандылық

Алдыңғы білім


Ахмет Йасауи «Даналық кітабы»

Пафос, ұлттық мүдде туралы алған білімді кеңейту



Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Сабақтың басы



Қызығушылықты ояту

1-тапсырма. TED әңгімелері (talks)

төмендегі тақырыпшалар бойынша 3-5 минуттық TED әңгімелерін (talks) топта дайындау тапсырылады.



Ахмет Йасауи сақтандырған 5 нәрсе:

1. Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол.
2. Менмен, тәкәппар болма.
3. Дүние - мүлік үшін арыңды сатпа.
4. Арамдықтан аулақ бол.
5. Еріншек болма.

2-тапсырма. 9-хикметтен берілген үзінділерді өздері құрастырған TED әңгімелерімен (talks) салыстырады, имандылық қағидаларымен байланыстырады.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын бірлесіп талқылайды.



Сабақтың ортасы


Мағынаны тану

  1. Мұғалім оқушылардың пафос ұғымы бойынша түсінік береді.

Пафос (гр. pathos — сезім,құмарлық), құлшыныс, құштарлық, асқақтық, қуатты сезім мен терең шабыт мағынасында қолданылған. Ежелгі грек әдебиетінде Пафосты қаламгердің шығармашылық ойының сын-сипатын айқындауда, туындыларында заман бейнесінің бейнеленуі дәрежесін бағалауда негізгі көрсеткіш ретінде таныды. Пафос арқылы ақын-жазушының қоғамдық-әлеуметтік идеалын анықтау да қалыптасты. Көркем шығарманың идеалы мен оның Пафосының тығыз байланыста болатындығы осы екі ұғымды бірде ыңғайлас, бірде қарама-қарсы сапада қарастыруға негіз болды. Пафос қаламгердің “соты” мен “үкімі” деген де көзқарас бар. 

  1. Әдеби-теориялық ұғымды шығарма мазмұнымен байланыстырады.


1-тапсырма. Оқушылардан оқулықта «Даналық кітабынан» берілген өмірдің мәні мен ақиқат туралы үзінділерді оқу тапсырылады. Оқушылар Йасауи сақтандырған бес нәрсе негізінде шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Әдебиетшілер - хикметтердің тақырыбы мен идеясын талдайды, идеясымен автор көзқарасымен келісіп-келіспейтіндіктеріне пікір білдіреді.

Тарихшылар – тарихи кезеңге қатысты сөздер мен сөз тіркестерін, өлең жолдарын теріп жазып, тарихпен байланыстырады, авторлық пафоспен келісіп-келіспейтіндіктеріне пікір білдіреді.

Этнографтар – шығармадағы ұлттық және адами құндылықтарға зерттеу жүргізеді, автор көзқарасымен келісіп-келіспейтіндіктеріне пікір білдіреді.

Лингвистер – автор қолданған көркем тіркестерді теріп жазады, автор қолданысына пікір білдіреді.

Топтық бағалау.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіреді


TED әңгімелерін (talks) топта дайындайды

сабақ тақырыбына қатысты тақырыпшалардың мағынасын ашады

TED әңгімелерін (talks) 9-хикметпен салыстырады

имандылық қағидаларымен байланыстырады

әдеби-теориялық ұғымды түсінеді

өмірдің мәні мен ақиқат туралы үзінділерді оқиды

Йасауи сақтандырған бес нәрсе негізінде хикметтердің идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады

авторлық пафос, идея мен көзқарасқа ғалым тұрғысынан пікір білдіреді



Сабақтың соңы


Рефлексия

Бортты журнал

Болжам жасау арқылы тақырып бойынша бұрыннан не білемін?, бұл туралы не білуім керек? сұрақтарын талдап, оқушылар журналда берілген сұрақтарға жауап беріп, жаңа ақпарат бөлімін толтырды, жұп болып бір-бірінің жұмыстарын тексерді.



«Даналық кітабы» бойынша бұрыннан не білдім?

«Даналық кітабы» бойынша бүгін не білдім?




  • мәтіннен

  • сабақтан

  • сыныптасымнан

  • мұғалімнен






Үй тапсырмасы

  1. «Даналық кітабының» Есенбай Дүйсенбайұлы аударған нұсқасынан ұсынылған үзінділерден адамгершілік, имандылыққа қатысты әрекеттерді тізбектейді.

  2. Ұсынылған үзінділерден адамгершілік, имандылыққа жатпайтын жат әрекеттерді теріп жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет