Барлық оқушылар: меторологиялық элементтер мен құбылыстарды түсініп сипаттай алу, оларды өлшейтін құрал-жабдықтармен танысу, өлшем бірліктерін анықтау.
Басым бөлігі: метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттау, зерттеу маңыздылығын анықтау.
Кейбір оқушылар: метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық карта жасау.
Бағалау критерииі
оқушылар метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың маңызын түсінеді, климаттық картада қолданылатын шартты белгілерді анықтайды.
- температура, қысым, жауын-шашын және желге байланысты өзгерістерді өлшей алады, шартты белгілерді қолдана отырып, кез-келген аймақтың ауа-райын сипаттайды.
- метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың өзара байланысын анықтайды;
- метеорологиялық элементтері мен құбылыстары туралы деректер негізінде шартты белгілерді қолданып синоптикалық карта жасайды.