Сабақтың тақырыбы Ауа райы және метеорологиялық элементтер


Бағалау. Жарайсыңдар, өте жақсы! Смайликтер арқылы



бет3/4
Дата22.11.2023
өлшемі1,77 Mb.
#192960
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Ауа райы және метеорологиялық элементтер

Бағалау. Жарайсыңдар, өте жақсы! Смайликтер арқылы.
«Әткеншек» әдісі.
Тапсырма №2
Атмосфералық қысым, температураға байланысты өзгерісі және жел өрнегін салуға арналған есептарді шығарады.
1-мысал. Ең жоғарғы тәуліктік температура +30ºС, ең төмен температура +20ºС болса, тәуліктік ауа амплитудасын анықтаңдар.
2-мысал. Сағ.1-де +5ºС; 7-де -2ºС; 13-те +10ºС; 19-да +9ºС болғанда тәулік ішіндегі орташа температура мен ТА анықтаңдар, ауа температурасының өзгеру графигін сызыңдар.
3-мысал. Теңіз деңгейіндегі атмосферадағы температура +19 °С болса, 4700 метр биіктіктегі нүкте температура қанша?
4-мысал. +30ºС 17г су болған жағдайда салыстырмалы ылғалдықты анықтаңдар?
5-мысал. Тау басында атмосфералық қысым 530мм, ал тау етегінде атмосфералық қысым 760мм болса таудың биіктігі қанша?
6-мысал. Жел өрнегін салу. Оңтүстік- батыс желі бір айда 4 күн;
батыс желі 7 күн; шығыс желі 1 күн; оңтүстік-шығыс желі 5 күн;
солтүстіктен 3 күн соқса, тымық күндер саны қанша?
Критерий:
- температура, қысым, жауын-шашын және желге байланысты өзгерістерді өлшей алады, шартты белгілерді қолдана отырып, кез-келген аймақтың ауа-райын сипаттайды, есептейді.
Дескриптор: Білім алушы
- температураның тәуліктік өзгерісін есептейді;
- температураның биіктікке байланысты өзгерісін есептейді;
- тәуліктік амплитуданы есептейді;
- атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруін есептейді;
- жел өрнегін сызады;
«Смайликтер» арқылы бағалау, өзара бағалау.
«Бірге ойлаймыз» әдісі
Тапсырма №3 .Көрсеткіштерді қолданып климатограмманы талдаңыз.

Критерий: - метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың өзара байланысын анықтайды;
Дескриптор: Білім алушы
- Орташа айлық температурасын анықтайды;
- Орташа айлық жауын-шашын мөлшерін атайды;
- Температурасының амплитудасын есептейді;
- Қорытынды жазады (суық және ыстық айлары туралы, жауын-шашын көп түсетін мерзімі және т.с.с)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет