Мұғалім оқушылармен амандасады.
Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады: - басқыншылық ойындарда ойын кеңістігінде қандай бағдарлау дағдылары қажет? - жылдамдық пен үйлестіруді қалай дамытуға болады?
Мұғалім оқушылармен бірлесіп сабақ тақырыбын шығарады («Ойын кеңістікте түсінік және бағдарлау дағдыларын оқыту.»).
Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады.
Жетістік критерийлері мен оқу мақсаттары құрылып болған соң, мұғалім оқушыларды 3 баладан топтарға бөледі. Ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады.
Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады.
Мұғалім сыныпты 4 топқа бөледі де әр топқа тапсырмасы бар карточкаларды таратып береді. Оқушылар тапсырманы орындай бастайды. Бормен еденде 10 төртбұрыштардан тұратын сатыны салады. Әуенге сәйкес олар кезекпен сатының басынан видеодан көрген арнайы жаттығуларды орындай бастайды. Әр жаттығуды 5 реттен қайталайды. Жаттығуларды орындаған соң сұрақтар қойып, талқылау өткізіп, денсаулық және физикалық жай-күй не екенін түсінуіне ықпал етіңіздер.
|