«Допты жалғау және шығыршыққа тастау эстафетасы».
Ойында екі команда болады, ойыншылар баскетбол қалқанына қарсы тұрып бір лек түзейді. Ал, командадағы бір ойыншы қалқанға жақын жерге тобына қарсы қарап тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша лектегі бірінші тұрған ойыншылар қалқанға қарай бет алып допты алып жүреді, ортаңғы сызықтан асқан соң қалқанның қасында тұрған командаласына жалғайды ол өз кезегінде допты шығыршықта тастап кері алып қайтып лектің соңына орналасы, ал бірінші допты алып жүріп бастаған ойыншы қалқанның қасында қалады, солай ойын барлығы жасағанша жалғасады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді.
ҚБ: автокөліктер. (оқушылар ойын барысында автокөліктердің, ұшақтардың, мотоциклдердің суреттері көрсетілген қағаз қиындыларын жинайды және ол қиындыларда ынталандыру сөйлемдер жазылған).
Сабақтың негізгі бөлімінен соң оқушылардың жинаған қиындыларын мұғалім алып сәйкесінше кері байланыс береді.
Жоғарыдағы тапсырмаларға бағалау дескрипторлары:
1. тез әрі тура допты жалғайды;
2. жауапкершілік және көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді;
3. допты алып жүруді дұрыс орындайды.
Әр бір іс-әрекет үшін үлкен бос кеңістік.
Баскетбол доптары.
Ынталандыру сөйлемдері жазылған автокөліктер суреттерінің карточкалары.
Мобильді (интерактивті) тақта.
https://www.youtube.com/watch?v=de5fCK-CuTE
Сабақтыңсоңы
Рефлексия 1.Сәтті шыққаны .... 2.Келесі қадамда нені ескеру керек? Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды.
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.