Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.
Осыдан кейін жүгіру жаттығуларын орындап, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды.
Сынып оқушылары екі командаға бөлінеді. Командалар А және В сөре сызықтарының сыртына тізбекке тұрады. А және В сөре сызықтары, С-мәре сызығынан 10 м қашықтықта орналасады. Белгі бойынша командалардың бірінші номерлері бір уақытта сөреден шығып, С мәре сызығына жүгіреді. Бірінші болып келген жүгіруші, командасына 1 ұпай әкеледі. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін, топтарда түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысы талданады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
Ойын кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;
Ойын кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;
Оларды шешудің балама жолдарын ұсынады.
Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Берілген тапсырма кезінде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?
(Т, Ж, ҚБ) Тапсырманы орындар алдында бір келкі жылдамдық сақталу қажет екендігі және дұрыс тыныс алуға аса назар аударылу қажет екендігі айтылады. С ынып үш топқа бөлінеді. Топтар сөре сызығына бір ойыншыдан ораналасып, тізбектер құрады. Алаңның бұрыштарына төрт бұрышына жалауша, ал ортасында үлкен жалау қойылады. Әр топтап сөре сызығына бір оқушы шығады. Белгі бойынша жүгірушілер төрт туды жүгіріп өтіп, ортадағы жалауға қарай бағыт алады. Ортаға жеткенде жүгірушілер үлкен жалауға эстафеталық таяқшаларын тигізеді. Одан кейін ойыншылар өз топтарына қарай жүгіріп, эстафеталық таяқшаларын бастапқы позицияда тұрған екінші нөмірлі оқушыға тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |