Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс



бет36/170
Дата13.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#157988
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   170
Байланысты:
6ҚМЖ472

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.



Сұраңыз: Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?
Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?


Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар келесі оқу тапсырмаларын орындайды:
Жоғарыдан бір қолмен беру. Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.


Б ір қолмен төменнен беру. Бастапқы жағдайда доп. жамбас тұсында, бір қолдың білезігінде болады, алақан жоғары қарап, саусақтар алға созылады. Аз ғана кезенуден соң алға айналуды бастайтын қозғалыспен орындалады. Білезік бірте-бірте ашылып, доп одан сырғанап түскендей болады. Ұшу биіктігі білезіктің қай мезетте ашылғанына байланысты болады. Қолды соза берген уақытта әр аттас аяқ алға адымдайды.


Қ ағып алу – баскетболшының допқа ие болуына себепші болатын тәсіл. Жақсы қағып алып басқа тәсілдерді тиімді орындауға әсер етеді. Қағып алуға дайындық қағып алудан кейінгі тәсілдің бастапқы жағдайында келтіретіндей допқа ие болуды қамтамасыз етуі керек. Екі қолымен қағып алу. Қағып алу үшін қолын екі жақтан допқа ұмсыну керек, нәтижесінде доп ұшып келетіндей жарты сфера жасалады.


Д опты орнында тұрып бір қолымен қағып алу. Қолына доп тиісімен допты қысып ұстап, не денесіне жақындатуы не келесі әдісті қолдана алатындай бағытта қозғауы керек. Қолды бүгу- доптың ұшу жылдамдығының амортизациясы қызметін қамтамасыз етеді. Доп қолға тигенде қатты соғылмауы керек, сондықтан қолды ертерек бүгу керек. Бір қолмен допты қағып алу, екінші қолмен допты қағып алуға мүмкіндік жоқ болғанда немесе қағып алғаннан кейін бір қолмен тәсіл жасау керек болғанда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет