Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс



бет6/170
Дата13.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#157988
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170
Байланысты:
6ҚМЖ472

Ортасы

Қызығушылықты ояту. Суретке қарап қай спорт түрі екенін анықтау. Мағынаны ажырату Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдeр арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Жеңіл атлетика спорттың ең көп тараған түрі және оны көпшілігі спорт патшайымы деп те атайды. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкіл Қазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпияда ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, т.б. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен ХХҮІІ Олимпиядалық ойындарда кедергілер арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді. Қысқа қашықтыққа жүгіруде төменгі сөрелік қалып қолданылады.Төменгі сөреде жүгірген кезде жүгіруші өзінің күшті деген аяғын 35-45 см көпіршекке қоюы тиіс. “Сөреге!» деген команда бойынша жүгіруші аяқтарын көпіршеге тіреп,кейінгі аяқтың тізесін бүгіп жерге тигізеді.Екі қолының жазылған саусақтарын бойына иық кеңдігіндей етіп тірейді.

1.Қолды тіреп тұрып,сөреден тез серпіліп шығу.
2 . Қолды тіреп тұрып,сөреден шыққаннан кейін 30 метрге дейін екпіндей жүгіру.
3.Төменгі сөрелік қалыпты үйрену
1)30-60 м-ге дейін шапшаңдықты үдете жүгіру,
2 )20-30 метр қашықтыққа бірден шапшаңдықпен жүгіру,
3 )60 метрге дейін ең жоғары шапшаңдықпен жүгіру.


Жүгіру техникасын меңгерту:
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын көрсету.
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникалары:
1. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын әдістерін үйрету. 
2. Төменгі сөреге тұру техникасын орындау.
3. Төменгі сөреден қозғалу немесе екпін алу техникасын орындау. 
4. Қысқа қашықтыққа жүгіру кезінде жылдамдықты барынша арттыруды орындау.
5.Сөреде орналасуын, жүгіріп шығуын қадағалау. Жаттығулардың орындалу әдісіне назар аудару.



Таңертенгілік жаттығу түрлерін көрсетеді;
Қауіпсіздік ережені сақтай отырып ,жаттығуларды белсенді жасайды;
Ойын ережесін сақтайды, топ арқылы ойындарды көрсетеді
Таңғы жаттығулар, қозғалыс, жүгіру, секіру, жүрек, бауыр, бұлшықет, ептілік

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»
Бағалау парақшасын толтырады.

Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық
Бос ойын кеңістігі, ысқырық, алаңның шекарасын сызуға арналған бор.



Сабақтыңсоңы



Оқушыларға қозғалыста демалыс жаттығу жасатып,сапқа тұрғызу.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:


-нені білдім, нені үйрендім.
–нені толық түсінбедім.
Үй тапсырмасы –кіші футбол комбинацияларына көңіл бөлу, шабуылдағы тактикалық комбинацияларды үйрену

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Оқушылардың ағзасын бастапқы қалыпқа келуін
қадағалау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет