Топтық жұмыс .«Ойлан- топтас- бөліс» әдісі - идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі,тапсырма карточка арқылы орындалады.
1топтың тапсырмасы. Төмендегі спорттық құралдардың (секіртпелер,конустар, обручтар, төсеніштер, гимнастикалық орындықтар) көмегімен эстафеталық ойындар құрастырып, оны көрсетіңіздер және ойындағы қиындықты анықтаңыздар.
Карточка 1.
Дескриптор: оқушы
спорттық құралдарды тиімді және қауіпсіз пайдаланады;
топпен бірігіп жұмыс жасайды;
қабілеттерін ойында көрсетеді;
бір-бірінің жұмыстарына әділ баға береді.
2топтың тапсырмасы. Төмендегі спорттық құралдардың (жеңіл атлетика барьерлері, фитбол доптары,тығыздалған доптар, конустар) көмегімен кедергілерден жүгіріп өту ойынын құрастырып, оны көрсетіңіздер және ойындағы қиындықты анықтаңыздар .
Достарыңызбен бөлісу: |