Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Спринттік жүгіруді жетілдіру


- Кеудені дұрыс ұстап, қолдың дұрыс сілтеу және дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау



бет4/193
Дата15.11.2022
өлшемі7,08 Mb.
#158294
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Байланысты:
9 сынып ҚМЖ

- Кеудені дұрыс ұстап, қолдың дұрыс сілтеу және дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау;
- Қол мен аяқты айқастыра кең адымдап және қысқа адымдап жүгірту;
Төменгі сөреден шығу техникасын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп біржарым табан санап алып, қолды сөре сызығының үстіне қойып, итерілетін аяқты алдыға қойып, екінші аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, салмақ қолға түсіп тұрады.
Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың  негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа Жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) Жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс,марафондық  сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Біздің заманымыздан.бұрын 776 жылы 1-ші Олимпиялық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болып, ол “стадидром” деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған. 17 ғасырдың орта кезінен бастап,  Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды. Олар көбіне,алыс қашықтықтарда сынға түсті.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде желаяқтар жарысы туралы аңыз, әңгімелер бұрыннан белгілі. Ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың соңына таман жетті. Ресми жарыстар, негізінен 20 ғасырда өтті. Жүгіруден қазақ жастары арасында бірінші болып Ғұсман Қосанов 17-ші Олимпиялық ойындарда (1960, Рим қаласы) 4*100 метрлік эстафеташылар бәсекесінде күміс жүлдегер атанды. Ал қысқа спринттік қашықтыққа жүгіруші Әмин Тұяқов 1966 ж. Еуропа кубогін еншіледі. Сонымен қатар (1966 – 2000 жылдар аралығында), С.Исамбаев, Ә.Байтықов, Е.Жамбылов, Б.Күреңкеев КСРО жарыстарында әр түрлі қашықтықтарда жүгіріп, елеулі табыстарға қол жеткізді. Кедергімен жүгіруден 2000 жылы  О.Шишигина Сидней Олимпиядасының алтын медалін жеңіп алды.

Дескриптор:

  1. 30 адымдық мәреге белгіленген уақытта келді.

Аяқ алысы шапшаң.
Қауіпсіздік ережесі мен жүгіру техникаларын қатаң сақтады.

  1. 30 адымдық мәреге белгіленген уақыттан сәл кешігіп келеді.

Алғашқы сөреден шығу жылдамдығы баяу.
30 адымдық мәре сызығына жетпей шаршап келеді.



  1. 30 адымдық жолақ бойы баяу қозғалады.

Өз жолағынан шығып кетті.
Физикалық қасиеттері баяу дамыған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет