Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі Төменгі сөре және сөрелік екпін



бет78/159
Дата22.11.2023
өлшемі7,95 Mb.
#192818
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   159
Байланысты:
8 сынып ҚМЖ[1]

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы



Қазақтың халық ойындары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу

Сабақтың мақсаты



Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және
ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді талқылау
және бейімдей білу

Бағалау критерииі

Қазақтың ұлттық ойындары арқылы патриоттық сезімді оятып, әділдіктің әсерін ойын арқылы көрсетеді
• Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ажыратады және балама ұқсас ойындарды құрастырады
• Қазақтың ұлттық ойындарының атауларын атайды және қандай физикалық қасиеттерді дамытатынын анықтайды

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, жүрек қағысын(пульсін) тексеру. Сабақтың мақсатын түсіндіру .
Оқушыларды суреттер құрастыру арқылы топтарға бөлу. Әр топ өз беттерінше жалпы дене жаттығуын жасайды.
Алдынғы білім:
Берілген суреттер бойынша не ойлайсыз? Өткен тақырыппен байланыстырып көріңіз.





. Ойлан -талқыла
Әр топ кезекпен берілген суреттерге қарай отырып, қауіпсіздік ережелері сақталғаны\сақталмағаны туралы пікірлерін білдіреді.




Оқушы өз жұбын табады
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ


Ортасы

«Асық ату» және «Бес тас» ойынының ережесін түсіндіріңіз және білім алушыларды топқа бөлу арқылы ойындарды ережесімен ойнатыңыз. Асық ойыны— қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады.
«Соқыртеке» — ұлттық ойын. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.
Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың, не жігіттің көзін байлап, қолына бір метрдей жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ.
Қайда кеттің қалқа жан,
Жетектейтін өзің жоқ.
Қолға түскен құтылмас,
Қала бермек көзім боп,
деп таяғын өзі болжаған тықыр, дыбыс естілген жаққа қарай соза береді. Айнала трған ойнаушылар қашып жүріп:
Соқыр — соқырақ,
Оң көзіңе топырақ.
Топырағын алайын,
Тотияйын салайын
Саған бір ем табайын,
—деп келіп, «Соқыр текеге» тиіп қашып жүреді. Осылай ойнап жүргенде «соқыр текенің» қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі орын ауыстырады.
«Соқыр теке» мен оны түрткілеп қашып жүрушілердің өрісін мөлшерлеп сызып қояды. 

Әр топ кезекпен берілген суреттерге қарай отырып, қауіпсіздік ережелері сақталғаны\сақталмағаны туралы пікірлерін білдіреді.





Оқушылар тірек-қозғалыс дағдыларының не екенін түсінгендіктерін сипаттай және көрсете алады.

. Қазақтың ұлттық ойындары арқылы патриоттық сезімді оятып, әділдіктің әсерін ойын арқылы көрсетеді


• Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ажыратады және балама ұқсас ойындарды құрастырады
• Қазақтың ұлттық ойындарының атауларын атайды және қандай физикалық қасиеттерді дамытатынын анықтайды



Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет