Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік шаралары – деректерді резервтік көшіру және шифрлау.
Ақпаратты қорғау әдістері
Негізгі материал:
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ең бастысы – қауіпсіздік шараларын сақтау. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ақпаратты қорғаудың техникалық, программалық, ұйымдастырушылық шараларын қолдану маңызды.
Ақпаратты қорғаудың техникалықшараларына бейнебақылау мен дабыл жүйелерін, ақпараттың таралуымүмкін барлықжолдардыбұғаттап,алдыналатынқұралдардыжатқызуғаболады.Ақпараттықорғаудың программалық шаралары–белгілібірдеректердіңқолжетімдігінеқұпиясөзорнату,мәтіндішифрлау,файлдардыуақытшажоюменқауіптіпрограммаларданқорғауды қамтамасыз ету.
Ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық шараларына байланыс арналарын оларға қолжетімдік барынша қиын болатындай етіп тарату мен ұйымның қауіпсіздік саясаты жатады.
Қауіпті программалардың ақпаратқа тигізетін басты зияны – ақпаратты жойып жіберу немесе құпия ақпараттың кілтінжою.Осындайзардаптыболдырмасүшінмаңыздыақпа раттардыңрезервтіккөшірмесінсақтапқоюкерек.Егермұндай шаралардыжасамайтынболсақ,ондаөзфайлдарымыздықайта қалпына келтіре алмай, жоғалтыпаламыз.
Қандай файлдардың резервтік көшірмесін жасау маңызды екендігі жайында қарастырайық. Әрине, ең алдымен өзіміз үшін маңызды жеке файлдардың көшірмесін жасау қажет. Себебі, егер қандай да бір жағдай орын алатындай болса, онда әрқашан операциялық жүйені қайта орнатып, қажетті программаларды жүктей аламыз, ал жеке файлдарды қалпына келтіру мүмкін емес. Сол үшін де компьютердегі құжаттар, суреттер, бейнежазбалар мен кез келген жеке ақпараттардың резервтік көшірмесін жасау программасын жиі қосып отыру керек.
Сонымен қатар операциялық жүйе, программалар, жүйелік баптаулардың резервтік көшірмесін жасауға болады. Ақпараттардың резервтік көшірмесін сыртқы жинақтауыштардан бастап, қашықтағы серверлерге дейін сақтауға болады. Әрбір әдістің өз артықшылығы мен кемшілігі бар
Достарыңызбен бөлісу: |