Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау



бет4/8
Дата03.02.2017
өлшемі12,33 Mb.
#8669
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

V. Қорытынды:Бұл бөлімде үйден дайындап келген оюларын
тапсырады. (5 минут)

Үйгетапсырма: Ою - өрнектің күрделі тігу. (1 минут)
Бағалау парағы: Әр топты бағалай отырып, қай топтың жеңіске жеткенін айтамын. (2 минут)

Күнделікті сабақ жоспары №17



Пәні: технология

Күні:13.01.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы:Машина тігістерінің түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: машина тігістерінің түрлерімен таныстыра отыры, тігістерді орындау технологсын үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде жүргізуге ықпал ету, жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту.

Тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:сарамандық, СКТ технологиясын қолдану.

Материалдық-техникалық жабдықтар:плакаттар, мата қиындылары, бор, сызғыш, ине, жіп, тігін машинасы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезің.

Сабаққа қатысуды бақылау. Жұмыс киімін және сабаққа дайындығын тексеру.

2.Өткен материалдарды қайталау.

1. ою-өрнектің неше түрі бар?

Жауап:4 түрі бар

2.Ою - өрнектер кімнің қандай бөлшегіне орналасады?

Жауап: алдыңғы өңір жиектеріне, жеңіне, етегіне т.б.

3.Жаңа тақырыпты мазмұндау.

Тігін машина түрлері. Тігін машиналары-қол машинасы, аяқ машинасы және тоқ машинасы болып бөлінеді. Орындайтын операцияларына қарай универсалды және арнайы тігін машинасы бір операция орындайды, мысалы, жиек торлайды.

Тігін машинасын жұмысқа дайындау.

1.Үстіңгі жіпті сабақтау.

2. Астыңғы жіпті сабақтау.

3.Жіптің тартылуын реттеу.



4.Тігістің ұзындығын реттеу. Техника қауіпсіздігінің ережесі.

-Тігін машинасымен жұмыс істеген кезде денені тік ұстап, басты сәл ілгері еңкейтіп отыр.

- Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек.

-тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақын жақындамаңдар.

Тігіс түрлері.Тігістің бөлшектің орналасуына қарай: біріккен тігіс, шеттік тігіс, әрлеу тігістеріі деп бөлінеді.

Біріккен тігістер.Алдыңғы бойға, бүйір қиықтары мен артқы бойға, қиықтары мен жең қиықтарына жүргізіледі.Біріккен тігіс түрлері: қайып тігу, бастыра тігу, жапсыра тігу.

Шеттік тігістер.Шеттік тігістермен бұйым немесе бөлшек шеттерін, жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысын тігеді.

Әрлеу тігістері.Бөлшектерді және бұйымды түгелдей әрлеуге арналған. Алдыңғы және артқы бойдағы бедер сызықтыры, белдемше және әр түрлі қатпарлар үшін қолданады.

Тігістерді орындау технологиясы.

Қайып тігу:


  1. Екі бөлшектің оң жағын беттестір.

  2. Бөлшектерді инешелермен тігіс сызығы бойынша түйреп, біріктір.

  3. Бөлшектердің сызығы бойынша машинамен тігіс жүргіз.

  4. Тігісті бастыра үтікте.

Бастыра тігу:

1.Бөлшектерді бір-бірімен беттестір.

2.Бөлшектерді инешелермен тігіс сызығы бойынша түйреп, қыстыр.

3.Бөлшектерді машина тігісімен біріктір.

4.Тігісті теріс жағынан жатқыза үтікте.

5.Үш қабат матаны оң жағына бастыра тігіс жүргіз. Тігісті үтікте.



5.Сарамандық жұмыс.

1. Мұғалім тігістерді орындау технологиясын көрсетеді.

2.Оқушылар жоғарыда айтып кеткен ретімен тігістерді орындайды.

3.Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қателерді түзеу.



6.Қорытынды.

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеріп, ерекше қателерді талдау. Баға қою. Үйге тапсырма беру.

7.Жұмыс орнын жинастару.

Күнделікті сабақ жоспары №18



Пәні: технология

Күні:20.01.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы:Машина тігістерінің терминологиясы.
Сабақтың мақсаты: Машина тігісінің түрлері мен терминологиясы туралы білім беру.Басталған жұмысты жауапкершілікпен, шыдамдылықпен, ұқыптылықпен орындауға үйрету, тазалыққа баулу
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сарамандық жұмыс.
Сабақта күтілетін нәтиже:
1) Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
2) Ойлау, есте сақтау қабілеті артады.
3) Сабаққа қызығушылығы артып, білімін толықтырып отырады.

Сабақтың көрнекілігі: нұсқау карта, түрлі - түсті қиындылар, мата қиындылары.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, сызу. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру: 1мин.
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Оқушы білімін тексеру. ( өткен тақырыпты қайталау) 10 мин. 
1) Ең алғаш тігін машинасының жобасын ұсынған кім? 2) Тігін машинасының түрлерін ата?
3) Астыңғы жіп реттеуіш құрылысын айтып беріңіз?
4) Үстіңгі жіп реттеуішін атап беріңіз?
5) Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдарды ата?
2. Сөзжұмбақ шешу.(I. Қызығушылықты ояту.)
1) қазақша клей атауы. 2) табиғи талшық;
3) Тігін құралы. \қайшы\ 4) әжелердің киімі;
5) тігу құралы; 6) өлшем алу құралы;
ІІІ. Жаңа сабақ (II. Мағынаны ашу)  Баяндау 5 мин. 1. Машина тігістері дегенді естуіміз бар ма?
2. Қандай тігіс түрлерін білеміз?
3. Күнделікті қолданып жүрген тігіс атауларын айтыңдаршы?
ІV. Сарамандық жұмыс. 15 мин. Машина тігістерінің орындалуы.

  • ТҚЕ-ні сақтау.

  • Машина тігістерін орындау;

Сарамандық жұмыстың мақсаты: оқушыларға тігін машинасындағы тігістің жасалу жолдарын орындату және қол тігісіне баулу. V. Сабақты қорытындылау .Бекіту 3 мин. ( Ой толғаныс).
1. Қол тігістерін ата?
2. Әжелеріміз кесте тігу кезінде қандай тігісті көп қолданған.
3. Тақтадан машина түрлерін көрсету және айырмашылығын түсіндіру.
1. Қолжетекті. 2. Аяқжетекті. 3. Электржетекті.

VI. Оқушыларды бағалау. 1 мин. VII. Үйге тапсырма: 
Күнделікті сабақ жоспары №19

Пәні: технология

Күні:27.01.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы:Машина тігістеріне қойылатын талаптар.
Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларды әртүрлі тігіс түрлерімен және тігін машинасында жұмыс жасаудың техникалық талаптарымен таныстыру;

2) Әртүрлі тігістерді орындау технологиясының ерекшеліктерімен таныстыру;

3) жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, еңбектенуге, жолдасының еңбегін бағалауға, шыдамдылыққа үйрету.
Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап, пікір алмасу, практикалық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: нұсқау карта, түрлі - түсті қиындылар, мата қиындылары Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру: 1мин.
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Оқушы білімін тексеру. ( өткен тақырыпты қайталау) 10 мин. 
1) Астыңғы жіп реттеуіш құрылысын айтып беріңіз?
2) Үстіңгі жіп реттеуішін атап беріңіз?
ІІІ. Жаңа сабақ (II. Мағынаны ашу)  Баяндау тігіс жасап көрсету 5 мин.
1. Қандай тігіс түрлерін білеміз?
ІV. Сарамандық жұмыс. 15 мин. Машина тігістерінің орындалуы. Тапсырманы орындауда оқушыларға төмендегідей бағыт бағдар беремін.


  • Тігіс түрлерінің орындалуын тексеру.

  • Техника қауіпсіздік ережесін сақтау.

  • Машина тігістерін орындауда қойылатын талаптарды сақтау.

  • Үлгірімі жақсы оқушыларға қосымша тапсырмалар беру ( қос тігіс орындау)

V. Сабақты қорытындылау .Бекіту 3 мин. ( ББҮ).
Білдім. Білгім келеді. Үйрендім.
VI. Оқушыларды бағалау. Оқушылар жасаған тігістеріне байланысты жекелей бағалау 1 мин.

VII. Үйге тапсырма: 

Күнделікті сабақ жоспары №20



Пәні: технология

Күні:03.02.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы:Тігін машинасын жұмысқа дайындау .
Сабақтың мақсаты:  1) оқушыларды тігін машиналарының түрлерімен , тігін машинасын жұмысқа дайындауға үйрету.

2) тігін машинасы айлабұйымдарының ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.



3) еңбек пен тұрмыс гигиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: нұсқау карта, түрлі - түсті қиындылар, мата қиындылары.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру:
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Оқушы білімін тексеру. ( өткен тақырыпты қайталау) 10 мин. 
түсіп қалған сөздер тәсілі бойынша тексеремін.
ІІІ. Жаңа сабақ (II. Мағынаны ашу)  ой шақыру 5 мин.
ІV. Сарамандық жұмыс. 15 мин. Тігін машинасын жұмысқа дайындау.

V. Бекіту 5 мин.

  • Қандай тігіс түрлерін білесіңдер?

  • Біріккен тігістер қандай жағдайда қолданылады?

  • Шеттік тігістер мен әрлеу тігістері қандай жағдайларда қолданылады?

VІ. Сабақты қорытындылау.

  • Тігістің енін, тігімнің түзулігін тексеру.

  • Қателіктер мен оның себептеріне талдау жасау.

  • Баға қою. Бағалау критерийлері арқылы бағалау.

Оқушы білімін тексеру. Сарамандық жұмыс. Бекіту

Жасыл джетон 3 ұпай 8-9 балл жинаған бала 5 алады.

Сары джетон 2 ұпай 4-7 балл жинаған бала 4 алады

Қызыл джетон 1 ұпай 0-3 балл жинаған бала 3 алады.

Үйге тапсырма: Әрлеу тігісін орындау.

VІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру.


Машина тігістері дегеніміз- бір немесе бірнеше қабат материалды тігім арқылы қосқанда, ...............алынады.

................ - бұл бөлшектердің жіппен жалғасқан орны.

................ - инешаншымдардың қайталану қатары, ал инешаншымдар - бұл иненің екі шаншымы арасындағы жіптер.

Машина тігістерінің өзі үш бөлікке бөлінеді соның ішінде біз киім бөлшектерінде киімдерді ..................... тігістер бөлігімен жұмыс жасаймыз.

Біріктіруші тігістер бөлшектің ............... жағында жатады. (Мысалы: бүйір, иық, және де басқа бөлшектерді біріктіруде)


Біріктіруші тігіс ...... - ке бөлінеді:
1. Қайып тігу.
2. Жабсырып тігу.
3. Өбістіріп тігу.
4. Тұйықтап тігу.
1. Қайып тігу – киімнің иық, бүйір және басқа да қиықтарын өзара біріктіруде .................. бүрмелер мен қатпарлар біріктірілетін екі бөлшектің үстінде орналасады. Бөлшектің оң жақтары ішке қаратылып беттестіріліп, қиылған шеттері теңестіріледі де қайып тігіледі.



Тігістің ені - сетінегіш матадан 1, 5 см, ал сетінемейтін матада .......см болады.


2. .................... тігу – орындау барысында ашық қиықты және жасырын қиықты болып бөлінеді.

3. ..................... тігу – киімнің астараралық маталарын өзара бекітілетін матаның шеттерін түйістіре қойып, әр шетінен 0, 5 см аралықта жапсырып басты тікелей тігеді.

• Машинаның айналасына шаш ілініп кетпес үшін шашты жинақы ұстау н/е ................ тағу керек;

•Машина табанының астына матаны бекітпей оны оралған жіппен жүріске жіберуге .....................

•Жұмыс кезінде қолды дұрыс ұстау керек, дұрыс ұстамаудың әсерінен саусақты инемен .................. алуы мүмкін;

•тігу кезінде матаны ........................... болмайды, ине сынып кетуі мүмкін;


•тігін машинасында жұмыс істеген кезде қозғалыстағы бөлшектерге жақын.................... керек;

•бұйымдарды сырып тігер алдында тігіс бойында .................. мен.............. қалмағанын тексеру керек;

•жұмыс басталар алдында реттік бұрғысының орнықтылығын иненің ине тесігіне тура келуін ....................... жөн;

•кәсіптік үстелдің аяқ жағында резеңке төсеніш төселу ................;

• машинаның айналу маховигі жүріп тұрған кезде қасында .............., ине - жіптер жатпауы керек;

• тігін машинасына қажетті құрал – жабдықтар арнайы қорапшада жатуы .................


«Кім ұшқыр»

( мақал - мәтелдердің жалғасын табу)
1. Бүгінгі істі…........ қалдырма.
2. Жеті рет өлшеп,…........... кес
3. Ақыл көпке жеткізер, Өнер............ жеткізер.

4.Өнер қуып ой түзе.

Жұмыс..............................

5. Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт...............
6. Өнерліге..............

7. Өнерлі адам......

Күнделікті сабақ жоспары №23



Пәні: технология

Күні:24.02.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы:Тұрғын үйдің сипаттамалық ерекшеліктер.
Сабақтың мақсаты:  1) Білімділік:Тұрғын үй бөлмелері туралы жалпы түсінік беру. Үй бөлмелерінің тазалығы, оны күту туралы айта отырып, ертедегі басапана мен қазіргі таңдағы үй жайларды салыстырмалы түрде оқыту.

2) Дамытушылық:Оқушылардың өз беттерінше ізденулерін қалыптастыру, дамыту.

3) Тәрбиелік: оқушыларды сабақ үрдісінде ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, үнемділікке, халықтық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың өту түрі:Салыстырмалы сабақ.

Сабақтың әдісі:топтық оқыту, сұрақ-жауап, тірек сызба әдістері.

Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба, Венн диаграммасы, «Жылжымалы қағаздар», үй жиһаздары кітапша, Сен білеің бе? энциклопедия т.б.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру:
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу

- Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Оқушы білімін тексеру. («Түсіп қалған сөз» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау).

Машина терминологиясы 
Қауіпсіздік ережелерін қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ  Сұрақ-жауап 5 мин.

1. Ата-бабаларымыз мекен еткен киіз үйді тігу туралы айту.

2. Киіз үй жасайтын кәсіпорындар біздің елімізді бар ма?

3. Қонақ үйлер қалай аталған?

4. Қазіргі таңда қолданылып жүрген тұрғын үйлердің орналасуы және тұрғызылуы туралы сенің ойың?

5. Тұрғын үй бөлмелерін атай аласың ба?

6.Бір бөлмеге сипаттама бере қойыңдар.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру

А) Үй бөлмелері

Б) Үй бөлмелерінің тазалығы.

1. Киіз үйдегі

Қазіргі тұрғын үйдегі жиһаздар

2.Үйдің ішкі бөлмелері



V.Венн диаграммасын толтыру.

Қазіргі және ерте кездегі үйлерді салыстырады.



IV.Үйге түсетін жарық көздеріне тоқталып өту

Ә) «Шаңырақ» тобына сұрақ:

Осы жарықтардың қай түрі ертеде қолданылған?

Б) Пәтер тобына сұрақ:

Сендерде қай түрі қолданылған?

VII.Сабақты пысықтау «жылжымалы» қазағдар үлестіріледі.



Нені білдім?

Нені білгім келеді?

1.

2.

1.

2.


VIII.Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бағалау. Бағдаршам әдісі арқылы.

Үйге тапсырма.

Өздері тұрған үйдің сызбасын сызып келу.

Күнделікті сабақ жоспары №24

Пәні: технология

Күні:03.03.2015

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Ас үй, жатын бөлме, асхананың ішкі көрінісін дайындау.

Сабақтың мақсаты:  1) Білімділік: Ас үй, жатын бөлме, асхананың ішкі көрінісін дайындай білуге тәрбиелеу.

2) Дамытушылық:Оқушылардың өз беттерінше ізденулерін қалыптастыру, дамыту.

3) Тәрбиелік:оқушыларды эстетикалық талғамға, зейінділікке, мұқияттылыққа, қажетті сәтте шеберлікпен орындай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі мен сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:Слайд,жіп, қағаз, желім, қайшы, ою, мата т.б.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру:
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу

- Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Оқушы білімін тексеру.
I топ 1. Тапсырма :Еске түсіру.

  « Композиция дегеніміз не? .»



II топ 1. Тапсырма :Еске түсіру.

  Түс туралы не білеміз?



ІІІ. Жаңа сабақ  

I топ 2. тапсырма;сурет салу. топтастыру

II топ 2. тапсырма;сурет салу. топтастыру

IV.Практикалық жұмыс.

I топ 3.тапсырма: шығармашылық жұмыс.

«Әсемдік әлеміне» атты шығармашылық жұмыс.

Таратылған құралдар бойынша  ас үй бөлмесіне әсемдік жасауларын ойлап, құрастыру.

II топ 3.тапсырма: шығармашылық жұмыс.

«Әсемдік әлеміне» атты шығармашылық жұмыс.

Таратылған құралдар бойынша балалар бөлмесіне әсемдік жасауларын ойлап, құрастыру.

V.Сабақты пысықтау «жылжымалы» қазағдар үлестіріледі.


Нені білдім?

Нені білгім келеді?

1.

2.

1.

2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет