Класы :
|
7 «Ә»
|
Күні:
|
13.12.17ж
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ауырлық күшіне есептер шығару
|
Сабақтың мақсаты:
|
Масса, салмақ, ауырлық күшіне сандық-сапалық есептер шығару
|
Бағалау критерийлері:
|
Масса, салмақ, ауырлық күші ұғымдарын ажырата біледі;
Күштің өлшем бірлігін, ауырлық күші мен салмақтың формуласын есте сақтайды;
Ауырлық күші мен салмаққа күнделікті өмірден мысал келтіре алады.
|
Алдыңғы білім:
|
Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші және салмақ
|
Ресурстар:
|
Оқулық, презентация, кеспе қағаздар
|
Сабақ барысы:
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі - 2 минут
|
Класта психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды түгелеп, назарларын саббаққа аудару.
|
Сабақ құралдары мен оқулықтарын дайындау.
|
Практикалық бөлім
|
Тапсырма: Төменде келтірілген белгілеулер қандай физикалық шамаларға сәйкес келеді?
Бағалау: оқушының жауабын смайликтер арқылы «Талпынысың жақсы» немесе «Керемет-жарайсың» белгісімен бағалайды.
|
Көрсетілген бағыттарда жүріп отырып және белгілеулерге сәйкес шамаларды тауып «бағалауға» қол жеткізеді.
|
II.1. «Лабиринт ойыны» - 3 минут
|
II.2. «Сәйкестендір» ойыны - 5 минут
|
Тапсырма: Физикалық шамаларға өлшем бірліктерін сәйкестендір.
Бағалау: оқушының жауабын смайликтер арқылы «Талпынысың жақсы» немесе «Керемет-жарайсың» белгісімен бағалайды.
Күш
|
|
Н/кг
|
|
|
|
Салмақ
|
|
Н
|
|
|
|
Еркін түсу үдеуі
|
|
Кг
|
|
|
|
Тығыздық
|
|
Н
|
|
|
|
Масса
|
|
Кг/м3
|
|
|
|
Көлем
|
|
м3
|
|
Берілген физикалық шамаларға өлшем бірліктерді сәйкестендіреді
|
II.3. «Аудармашы» ойыны – 5 минут
|
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Жылдамдық
|
Скорость
|
Veloсitу
|
Көлем
|
Объем
|
Volume
|
Масса
|
Масса
|
Mass
|
Температура
|
Температура
|
Temperature
|
Уақыт
|
Время
|
Time
|
Күш
|
Сила
|
Ғorce
|
Серпімділік
|
Упругость
|
Elasticity
|
Гук заңы
|
Закон Гука
|
Hooke's law
|
Деформация
|
Деформация
|
Deformation
|
Пластикалық (серпімсіз)
|
Пластичный
|
Plastic
|
Тығыздық
|
Плотность
|
Density
|
Ауырлық күші
|
Сила тяжести
|
The force of gravity
|
Салмақ
|
Вес
|
Weight
|
Серпімділік күші
|
Сила упругости
|
Elastic force
|
Қатаңдық коэффициенті
|
Коэффициент жесткости
|
The stiffness coefficient
|
Еркін түсу үдеуі
|
Ускорение свободного падения
|
Acceleration of free fall
Аcceleration of gravity
|
Үйкеліс күші
|
Сила трения
|
Тhe friction force
|
Үйкеліс коэффициенті
|
Коэффициент трения
|
The coefficient of friction
|
Оқушыларға физикалық терминдер жазылған кеспе қағаздар таратады.
|
Егер кеспе қағаздағы термин қазақ тілінде болса, орыс және ағылшын тіліндегі аудармасын айтады. Кеспе қағаздағы термин орыс тілінде жазылған болса, термин қазақ және ағылшын тілдеріне аударады. Ал, егер термин ағылшынша берілсе, қазақша және орыс тіліндегі аудармасын айтады.
|
II.4. «Кім жүйрік?» топтық ойын – 15 минут
II.5. «Cуреттер сөйлейді» топтық ойын – 5 минут
|
Класс оқушыларын 3 топқа бөледі. Әр топқа 2 есептен үлестіріледі.
1.Денеге әрекет ететін ауырлық күші 10кН. Ол дененің массасын қандай?
2. Жүктің массасы 10кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді?
1. Сендер бір планетада болып, ондағы бір дененің массасын және оған әрекет ететін ауырлық күшін есептедіңдер делік. Нәтижелері: m=150г, F=0,57Н. Сендер қандай планетада тұрсыңдар?
2. Массасы 40кг баланың Айдағы салмағын анықтаңдар.
1. Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.
2. Үстелдің үстінде компьютер тұр делік. Үстелдің массасы 5 кг, компьютердің массасы 12 кг болса, онда осы жүйенің жерге түсіретін ауырлық күші неге тең болады?
3 топқа 3 сурет үлестіріледі.
Тапсырма: берілген суреттерге қарап, физикалық терминдерді қатыстырып қысқаша баяндау.
|
Әр топтан екі оқушы тақтаға шығып, есептерінің шығарылуын түсіндіреді.
Бағалау: топтық бағалау. Тақтаға шыққан оқушыны өзге топ оқушылары бағалайды.
Әр топтан 1 оқушы шығып сурет бойынша сөйлейді. Бағалау: басқа топ оқушылары әрбір ұтымды, әрі орынды пайдаланылған терминдерге байланысты топ жұмысын бағалайды.
|
III. Қорытынды бөлім – 5 минут
|
Рефлексия - «Менің көңіл-күйім баспалдағым»
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
Үй тапсырмасы - § 15-20 қайталау
3.5-жаттығу (1.2)
Бағалау – оқушылардың сабаққа қатысымын бағалау («Біліміңді толықтыр!», «Талпынысың жақсы!», «Керемет-жарайсың!»).
|
Оқушылар «Көңіл-күй баспалдағына» өз стикерлерін жабыстыру арқылы, сабақ барысындағы көңіл-күімен бөлісіп, өз ойларын білдіреді.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Негіздеме
Желтоқсан айының 13-інде 7 «Ә» класына «Ауырлық күшіне есептер шығару» тақырыбында практикалық сабақ өткізіледі. Айтылған тақырыпқа сабақ жоспарын құру барысында, оқушылардың теориялық білімін есеп шығаруда тиімді пайдалана алуды дамытуға аса мән бердім. Сабақ жоспары «Оңайдан қиынға» ережесі бойынша құрылды (физикалық шамалардың белгіленуі → шамалардың өлшем бірліктері → терминдердің аудармасы→ есептер шығару → физикалық құбылыстарға күнделікті өмірден мысал келтіру) және сабақ кезеңдері логикалық реттеліп, өзара байланыстырылды. Сабаққа, тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жеке жұмыстармен қатар, топтық жұмыстар да болады. «Лабиринт» және «Сәйкестендір» ойыны кезінде оқушылар өткен тақырыптарды еске түсіреді. Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды. «Аудармашы» ойыны кезінде оқушылар тілдік сауаттылығын дамытады. «Кім жүйрік?» кезеңінде оқушылардың ойлау, есте сақтау белсенділігі дамиды, шапшаң ойлауға, формулаларды тиімді пайдалануға бейімделеді. «Суреттер сөйлейді» кезеңі оқушыларды ғылымның әлеуметтік рөлін түсінуге тәрбиелейді, ғылыми дүниетанымын кеңейтеді, оқушылар өз білімдерінің тұрмысқа қажет екендігін түсінеді, физикалық құбылыстарды бақылауға және түсінуге үйренеді.
Өз сабағымдағы оқушылардың жауаптарын бағалау арқылы оқушылардың өз-өзін реттеу мен өз-өзіне сыни тұрғыдан қарауға бағыттаймын. Қалыптастырушы бағалауды пайдаланып, оқушының күнделікті білім сапасын бақылап, оқушының білім алудағы қиындықтарын жоюға тырысамын. Сонымен қатар, топтық жұмыстардан кейін оқушылардың өзін-өзі бағалау әдісін қолданамын. Сыныптастарын бағалау балаларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірін тыңдап, бағалап үйренеді және тәуелсіз оқуға
ықпал етеді.
Сабақты қорытындылау үшін, «Менің көңіл-күйім баспалдағым» рефлексиясын пайдаланамын. Рефлексия нәтижесінде алынған «Көңіл-күй» баспалдағына қарап оқушылардың сабақтағы көңіл-күйімен және тақырыпты игеру деңгейімен танысамын. Соған сәйкес, қорытынды бағамдау сұрақтарына жауап аламын.
Достарыңызбен бөлісу: |