Сабақтың тақырыбы: Аққу,шортан һәм шаян Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Халидуллина Гулзира 2014-2015 оқу жылы



Дата04.06.2017
өлшемі44,41 Kb.
#17535
түріСабақ
Бекітемін:

Мектеп директоры: Ізтұрғанова Ж.А.

Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №8 жалпы білім беру орта мектебі»мм



Қысқа мерзімді сабақ жоспары:

Ана тілі (4-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Аққу,шортан һәм шаян

Дайындаған:Бастауыш сынып мұғалімі

Халидуллина Гулзира

2014-2015 оқу жылы

Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №8 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Халидуллина Гулзираның 4-сыныпта ана тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары.

2014-2015 оқу жылы



Сынып

4-сынып

Мерзімі

08.10.2014 ж.

Тақырыбы

Аққу,шортан һәм шаян

Мақсаты

Мысалды оқи отырып татулықтың қадірін біледі,сөйлеу мәдениетін түсінеді,бірлікке ,ынтамақтастыққа топтасады.

Күтілетін нәтиже

Мысалды өмірмен байланыстырады.әр кейіпкерге сипаттама береді,рөлдерде ойнайды

Қажетті құралдар

АКТ,маркер, стикер,плакат,ББҮ.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,сабаққа дайындық барысын қадағалау.Сабақ алдында бір-біріне сәттілік тілейді. Аққу,шортан,шаянның суреттерімен топтарға бөлінеді.

І-топ Аққу

ІІ-топ Шортан

ІІІ-топ Шаян



«Ой қозғау»

І-топ Аққу қандай құс?

ІІ-топ Шортан қандай балық?

ІІІ-топ Шаян жайлы не білесіңдер?



Оқушылар топтарға бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.

Әр топ өз аттарын қорғайды.



3-минут

6-минут


Топтарға бағалау парақшасы үлестіріледі

Оқушылар бірін -бірі бағалайды..

Смайликтермен бағалау


Білу

Үй тапсырмасын сұрау. Интерактивті тақтадан үй тапсырмасына байланысты сұрақтар беріледі.

«Қызығушылықты ояту»(«Тарту» өлеңі.)


Балалар, бұл - жол басы даналыққа,
Келіңдер: түсіп, байқап, қаралық та
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
- Бұл өлең қалай аталады және оның авторы кім?

- А. Байтұрсынұлы. Ол кісі туралы біз не білеміз?


- Мысал дегеніміз не?

Оқушылар сұрақтарға толық жауап беріп,ойларын жинақтайды,қорытынды шығарады.

Оқушылар өлең А.Байтұрсыновтікі екенін айтады.Оның қысқаша өміріне,өлеңдері мен мысалдарына тоқталады.



6-минут

6-минут


Бірін-бірі бағалау,смайликтермен бағалау.


Түсіну және қолдану

Сергіту сәті



Оқулықпен жұмыс.Мысалды түсініп оқып,талдайды.Дәптермен жұмыс (сөздік жұмысы жүргізіледі)

Ал, балалар, тұрайық,


Қане, қанат жазайық.
Аққу болып ұшайық,
Көлде жүзген балықтай,
Жүзіп, жүзіп алайық,
Қане, айналып, қарайық.
Шығармашылықпен жұмыс

І-топ Мысалдағы негізгі ойға қатысты мақал-мәтелдер жазады.

ІІ-топ Аққу,шортан,шаянның жақсы қасиеттерін айтады.

ІІІ-топ Сахналап қойылым көрсетеді.



Оқушылар мысалды мәнерлеп оқиды.

Қимыл-қозғалыс жасайды.

Оқушылар шығармашылық тапсырмаларды топпен ақылдаса отырып орындайды.


6-минут

2-минут


10-минут

Бірін-бірі бағалайды.



Анализ

Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтар қорытынды сұрақтар қойылады:1 - топқа: Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
2 - топқа: Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады?
3 - топқа: Мысал бізді неге шақырады?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп,ойларын жинақтайды,сабақты қорытындылайды.

7-минут

Смайликтермен бағалау

БағалауҮйге тапсырма

Әр топ өз тобын бағалайды.Топ басшылары қорытады.

Топтар өз тобын және басқа топтарды бағалайды.

5-минут




Рефлексия

ББҮ

Оқушылар стикерге сабақ бойынша пікірін жазып, жапсырады.

3-минут





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет