Сабақтың тақырыбы: «Autocad жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу»



бет4/28
Дата03.01.2022
өлшемі413,5 Kb.
#108735
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Ашык сабак откизуге арналган гой бул

Келесі нүкте немесе Алып тастау [Отменить]:

(Specify next point or [Undo]:)

Бұл сұрау бір командамен кезекпен бірнеше кесінді сызып, экранда сынық жол жасауға болатынын көрсетеді. Экранда үшінші нүктені көрсетіңіз.Мұнда келесі сұрау былай болады:



Келесі нүкте немесе [Замкнуть/Отменить]:

(Specify next point or [Close/Undo]:)

Мұнда Отменить (Undo) опциясына қосымша Замкнуть (Close) опциясы пайда болады. Егер бірнеше опциялар болса, онда "/" таңбасымен бөлінеді. Пернетақтада жоғарғы немесе төменгі регистрде 3 (С) енгізгенде, және пернесін басқанда AutoCAD кесінді сызады, ол алдыңғы кесіндінің соңынан біріншінің басына жүргізілген.

Егер үздіксіз кесінді сызбай, тек ОТРЕЗОК (LINE) командасын аяқтағыңыз келсе, онда пернесін басыңыз, ол әрқашан циклдік операциялардың соңын білдіреді. Әрине, пернесін екінші нүктені енгізгеннен кейін де басуға болады. Онда үшінші кесінді салынбай және ОТРЕЗОК (LINE) командасы аяқталып, ал командалық жолда AutoCAD жүйесінде кез келген команданың дұрыс аяқталуын білдіретін Команда: (Command:) жолы шығады.

ОТРЕЗОК (LINE) командасынан шығудың тағы бір тәсілі бар. Графикалық экранда тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы, сонда бағыттаушының орнында контекстік мәзір пайда болады. Контексттік мәзір — бұл жұмыстың келесі қадамын таңдауға көмектесетін, қолайлы құрал-сайман. Ол кез келген уақытта тышқанның оң жақ батырмасын басқанда шығады. Контекстті мәзірдің мәні орындалып жатқан командаға байланысты.

Сонымен, ОТРЕЗОК (LINE) командасы арқылы бір немесе бірнеше бірінен соң бірі орналасқан кесінділер салуға болады. Команданы пернесінің немесе Замыкание Сlose опциясын енгізумен тоқтатуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет