Сабақтың тақырыбы: Аяқтың бұлшықеттері


Жамбас белдеуінің артқы топтағы бұлшықеттері



бет2/8
Дата25.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#105529
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
f6764ab6-cd44-4b66-b26f-030df6d763b2-Анатомия,-физиология-ЛД205-практика-282407 (1)

Жамбас белдеуінің артқы топтағы бұлшықеттері.
1. Үлкен бөксе бұлшықеті m. gluteus maximus.

Мықын сүйегінің сыртқы бетінен, құймышақтан, сегізкөзден, жамбас, кеуде фасциясынан басталып, сан сүйегінің үлкен бұдырына бекиді.



Қызметі: Санды сыртқа айналдырады, жазады. Тұлғаны тік ұстауға қатынасады.

2. Жамбастың орта және кіші бұлшықеті m. gluteus medius, minimus.

Үлкен бөксе бұлшықетінің астында орналасқан. Олар мықын сүйегінің сыртқы бетінен басталып, сан сүйегінің үлкен ұршығына бекиді.



Қызметі: Санды денеден алыстатады.

3. Алмұрт тәрізді бұлшықет m. piriformis.

Жамбас астауында құймышақтың алдыңғы бетінен басталып, одан отырықша тесік арқылы шығып, сан сүйегінің үлкен томпағына бекиді.



Қызметі: Санды сыртқа айналдырады.

4. Сыртқы жапқыш бұлшықеті m. obturatorius externus.

Жапқыш тесігінің сыртынан басталып, сан сүйегінің үлкен ұршығына келіп бекиді.

Қызметі: Санды сыртқа айналдырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет