Пәні: Қазақ тілі
7-бөлім: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары
|
Мектеп:
|
Күні: 18.02.2022 жыл
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6
|
Қатысқан оқушы саны:
|
Қатыспаған оқушы саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақ балуандары
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
6.2.1.1. мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.
6.4.4.2. етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтін мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтайды, түсіндіреді.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: жазба жұмыстарында етістік түрлерін қолданады.Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтайды, түсіндіреді.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал орнату.
«Олимпиада шамы» арқылы шеңбердегі оқушылар бір-біріне тілек айтады.
Топқа бөлу. Спорт түрлері атаулары бойынша 3 топқа бөлу.
«Жапандық спортшы», «Күрес өнер», «Қажымұқан»
«Ойтүрткі сұрақтары».
Спорт түрлері туралы қандай мәлімет білдіңдер?
Етістік деген не?
Сабақты етістік дегеніміз не?
Салт етістік дегеніміз не?
Өздік етіс дегеніміз не?
|
Оқушылар топтасады
|
ҚБ. «Басбармақ» әдісі
|
|
Негізгі бөлім
|
Қызығушылықты ояту
«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың назарын сабаққа аударту үшін және бүгінгі сабақтың тақырыбын айқындау үшін оқушыларға суреттер көрсету арқылы тыңдайтын мәтіннің мазмұнын болжату
«Жапандық спортшы», «күрес өнер»,
«Қажымұқан» суреттерін қатар қойып, қандай тақырыпта әңгіме қозғалады?, «Қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?» «Үш суретке не ортақ?»
1-тапсырма. ТЖ.«Дара диаграмма» әдісі бойынша «Қазақ даласының батыры» атты мәтінді оқыта отырып, негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтап, диаграмманы толтыру
Қазақ даласынның батыры
Тілдік бағдар.Өзгелік етіс
2-тапсырма. Жеке жұмыс. Оқылым мәтінінен етістіктерді тауып,оларды өзгелік етіске айналдырып жазыңдар
3 -тапсырма. «Болжау» әдісі арқылы мәтіннің бөлігін аудиожазбадан тыңдайды.Мәтіндегі көтерілген мәселені талдайды.
4-тапсырма.Тыңдалым мәтініндегі етістіктерді тауып,салт,сабақты етістіктерге топтап жазады.
|
Сабақ мақсатымен танысады
Дескриптор:
- мәтіннің мазмұнын түсінеді.
детальді ақпараттарды анықтайды
Қб «Шапалақ» әдісі
|
Қб. «Шапалақ» әдісі
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
Соңы
5 минут
|
Кері байланыс:«Ойды аяқта» оқушылар осы сабақта алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазу.
Үй тапсырмасы : 6-жаттығу Қажымұқан туралы деректерді негізге алып, «Батыр тұлғасы» тақырыбында сипаттамалық эссе жазу
|
Үйге берілген тапсырманы күнделікке жазады.
|
|
|