Сабақтың тақырыбы: Қазақ елі менің Отаным Мақсаты



бет1/2
Дата20.10.2022
өлшемі17,43 Kb.
#153982
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
25 қазан


Сабақтың тақырыбы: Қазақ елі менің - Отаным
Мақсаты:
- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.
Көрнекілкі:
Қанатты сөздер, Ту, Елтаңба, ұлы тұлғалардың суреттерін.
Барысы:
Мұғалім: 25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанатты бастаймыз.( Әнұран ойналады) Туған жеріміздің тұғыры биік болсын!
Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Елбасы Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында экономикалық өсу байқалып, ұлтаралық өзара татулық, азаматтық келісімнің сақталуына ерекше мән берілуде. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси – қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.
Отан, Отан!!! Сен болмасаң нетер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!
Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы – демократиялық ел ретінде таниды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ол жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлыңы айқын сезінеді. Біз туған мемілекетіміздің тәуелсіздгін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.
Балалар тақтада хроника берілген ,сол бойынша қағаздарды таңдап алып тақтадағы ілініп тұрған сандармен сәйкуестендіреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет