Сабақтың тақырыбы «Қазақ халқының би қимылдары»



Дата28.01.2018
өлшемі34,19 Kb.
#34443
түріСабақ
Хабиева Айнур Хамзиевна

Түзету ритмикасы пәнінің мұғалімі
Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған №15 мектеп-интернаты
БҚО, Орал қаласы
3- сынып

Сабақтың тақырыбы «Қазақ халқының би қимылдары»



Сабақтың мақсаты: Бимен айналсу дене саулығын түзеу арқылы, дене сымбатын жақсартып, бұлшық еттерін, сіңірлерін бекітіп, тез қимылдауға, әдемі қозғалыстар жасауға ықпал жасау.Биге үйрену арқылы дүние танымы кеңейту.

Түзете дамытушылық: Музыка әуеніне сәйкес өз қалауы бойынша қимылдар жасауға тапсырма алған баланың белсенділігін жіне елестету қабілетін арттырып, үйлесімді қозғалысын дамыту.

Тәрбиелік: Балалардың көңіл күйінің қалыпты болуына эстетикалық тәрбие беру және жағымды қылықтарға (достыққа, тәртіптілікке, татулыққа) тәрбиелеу.

Көрнекілігі: магнитафон, интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, ән, биология.

Сабақтың құрлымы

Ұйымдастыру кезеңі

-Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

-Өткен сабақтағы үйренген жаттығулармен би қимылдарды жасау

-Жаңа сабақта жаңа қимылдар үйрену

-Сабақты қортындылау

Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық әзірлік)

Мұғаліммен сәлемдесу. Поклон.



Жылыну жаттығулары. 4 минут Бубен соғысына қарай жүру және жүгіру «тез баяу»

Тыныс алу жаттығулары. 3минут (Майшам, шарик, шыбын, қоңыз маса)

Алдынғы сабақта өткен қимылдарды қайталау. 10 минут

«Мен қай музыка аспабында ойнаймын?»

Домбырада ойнау:

Домбыра екі ішекті, тоғыз перне,

Жарасар әшекейлеп айтсаң терме

Домбыра іші қуыс,сырты тақтай,

Бірақ та сөйлемейді өолым қақпай.

Сыбызғыда ойнау:

Сыбызғы түтік, әр тұсынан тесілген,

Үрлесе шеңбер, үні кетпес есіңнен. Ду ду ду, ду ,ду,ду.

Даңғырада ойнау:

Бум бум, тра та та

Бум бум тра та та

Қаға білсең даңғыраны,

Дауысы тауда жаңғырады.

Сергіту сәті: Логоритмикалық жаттығу( шапалақпен соғу) 5 минут

Ке ке ки, ке ке ки,кий,кекс, кипа, кит,коньки.

Де де ди,де де ди, день,дед, студень, бигуди.

Се се си,се се си, сев, седок, сезон, такси.

Хе хе хи, хе хе хи, пастухи,духи,стихи.

(Сөздерді ырғақты шапалақпен буынға бөліп айту.)

Сылдырмақпен ырғақ соғу, келесіде оқушы сол ырғақты сылдырмақпен соғып қайталап беру. Бұл жаттығу баланың есте сақтау қабілетін, ырғақты айыра білу қабілетін, зейінін дамытады.

Жаңа сабақпен танысу. « Қазақ халқының би қимылдары» 10 минут

Салт дәстүр –әр ұлттың тұрмыс тіршілігінде, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.Салт дәстүрдің ел арасында тәлімдік, тәрбиелік, халықтық маңызы зор.Қазақ халқы салт дәстүрге бай. Әдеп, ғұрып,ишара,ырым, тыйым,дағды бәрі осы салт дәстүр көрнісі.Зал ортасында екі сызық бойында тұрып қазақтың салт дәстүрлеріне арналған би қимылдарын үйрену.



(Қазақ халқының би қимылдары интерактивті тақтада көрсетіледі, сол арқылы оқушылар қайталайды)

Қошқар мүйіз би қимылы.

Екі қолды бастан асыра, саусақтарды бытырата екі жаққа ұстау.



Алқа

Екі қолды кеудеден қиғаштай орап, екі жанға бір біріне қарма қарсы ұстау. Саусақтарды бір біріне қаратып ұстау.



Сырға

Қолды құлақтың астынан кезек майыстыра лақтыру.Сырғасын көрсеткен кейіпте.



Шаңырақ

Екі қолды бастан жоғары көтеріп, алақанды бір біріне қабыстырып, үшбұрыштылау.



Өрнек

Қолды белдің тұсынан кезек алға қарай созу алма кезек. Дене айналып тұрганда, екі қол алма кезек алға артқа созылады.

Барлық би қимылдары «Ата толғауы» күйінің әуенімен жасалады.

Жаңа сабақты бекіту. 5 минут

Сабақ соңында оқушылардан үйренген би қимылдарының қандай мағана береді, қай жерде қолданылады сұрақ жауап алу. Қазақтың салт дәстүрлері жөнінде түсінік беру, зейін дамыту, тілдік моторикасын дамыту.



Сабақты қорытындылау.

Мұғаліммен қоштасу. Поклон

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет