Білімділік: Оқушыларға Қазақ елінің халық болып, ұлттық этникалық және антропологиялық негізін қалаған тайпалар туралы XIV –XVғасырларда қазақ жерінде қалыптасқан этнос этносаяси қауымдастықтардың Қазақ хандығының құрылуына негіз болғаны жөнінде білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып , өз ьетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру.Түрлі трек- сызбалар мен танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту, өткен және қазіргі оқиғалармен салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік: Бүгінгі ұрпаққа тәуелсіздік сыйлаған ұлы тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастыру, жас ұрпақтың бойында отаншылдық патриоттық сезімдерді қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, шығармашылық ізденіс жұмыстары, топтық жұмыс трек-сызбалары арқылы ауызша баяндау, АКТ, оқыту үшін бағалау.
Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар -----------------
Олар XV ғасырдың 50- ші жылдарында -------------------------- хандығынан көшіп келді. Моғолстан ханы ----------------- оларды қарсы алып, ------------------------------------өздерінің бойынан жер бөліп берді. Осы жерде Керей мен Жәнібек қазақ хандығының негізін қалады. Бұл оқиға -------------------------- болды – деп жазады тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати.
Қорытынды: «Ханның жақсы болмағы, Қарашаның елдігі. Қараша халқы сыйласа Алтыннан болар белдігі » Хан мен Президент қандай болуы керек деп ойлайсыңдар ?