Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата08.09.2017
өлшемі67,76 Kb.
#31087
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысық білім, тілдерді дамыту және жастар саясаты басқармасы

Төлеби ауданы Ленгер қаласы

8 колледж МКҚК


Тақырыбы: Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері

Пәні: Қазақ тілі және әдебиеті



Мұғалім: Айтимбетова Ж.

Қазақстан Республикасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Төлеби ауданы Ленгер қаласы

8 колледж дің қазақ тілі және әдебиетінің



І біліктілік санаттағы оқытушысы Айтимбетова Жанар Рысбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – сөйлеу мәнерін қалыптастыру, қазақ тілінде сөйлеуші ретінде ұлттық шешендік үлгісін меңгерту, демократиялық қоғамның мүшесі ретінде сөз бостандығы деңгейінің табиғатын білу;

Тәрбиелік - адамгершіліктің заңдылықтарын сөйлеу үрдісінде сақтауға дағдыландыру, этика мен тілдің ара қатынасын тану, ұлттық қасиеттердің сөз арқылы танылуы мен сақтанылуын, әлемдік сөз этикетінің байланысын таныту, әлеуметтік барлық деңгейдің сөз мәнерін таныту;

Дамытушылық – есі мен жадын, тілін дамыту, ұлттық ойлау заңдылықтарын танып меңгерту, жан-жақты дамыған тұлға ретінде танылуы.

Әдіс- тәсілдері: көрнекілік, түсіндіру, талдау, кітаппен жұмыс, мәнерлеп оқу, көз жүгірту, проблемалық жағдаят туғызу.

Көрнекілігі: шешендердің суреттері, үнтаспа (шешендік сөз үлгілерінен үзінділер), кітап бұрышы (шешендік сөз жинақтары), сызба (сұрақ пен тапсырмалар), магнитафон.
Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру.

Қызығушылықты ояту сатысы (Ой қозғау. Ой толғаныс. Ой түрткі. Бет бұру).

Оқушылармен жүздесіп амандасу, түгелдеу.



Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Шешенге қандай талаптар қойылады?

  2. Шешендіктің отаны қай елдер болып табылады?

  3. Шешендік сөздердің сапаларына не жатады?

  • Ал, қазір «Көкпар» ойынын ойнайық, бұл ойында ең жылдам, ең тапқыр топ жеңеді.

  1. Кеше деген сөздің екінші буынын алыңдар.

  2. Пішен деген сөздің екінші буынын алыңдар.

  3. Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар.

Қандай сөз шықты, кім айтады? (Шешендік).

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибемен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп, шешендік сөз «тілге жеңіл, жүрекке жеңіл» тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал, құрлысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды.



«Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көз салсақ, қай халықтың болмасын қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.

Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз.

Шешендік сөз парасатты ойға, шұқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару, яғни, шешендіктің басты қасиеті – тапқырлық, шапшаңдық.



Ой толғаныс.

Жігіттер: - Ассалаумағалейкүм, би аға?

Шешен: - Уағалейкумүшсалам! Жол болсын, жігіттер!

Жігіттер: - Би аға, сізге сәлем беруге, өзімізді сынауға келдік.

Шешен: - Олай болса, менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер:

  • Тәттіде не тәтті? Қаттыда не қатты? Жұмсақта не жұмсақ?

1-жігіт: - Тәттіде бал тәтті. Қаттыда тас қатты. Жұмсақта мамық жұмсақ.

Шешен: - Ай, балам ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші.

2-жігіт: - Тәтіде ананың сүті тәтті. Қаттыда атаның жүрегі қатты. Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.

Шешен: - Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің! Жарайсың, балам. Мұратыңа жет, қатарыңның алды бол.

Міне, балалар, үш жүзге аты мәлім Төле би осылай сыннан сүрінбей өтіп бата алған, халқына қалаулы жан болған екен.


Ой түрткі
Ауыл ақсақалы

Ру басы
Шешен


Отағасы

Ел билеу ісінің тұтқасы
Шешендік сөздің мәнін қалай түсінеміз?


Дауға жауап

Шешендік сөз

Тарихи-әдеби мұра

Пәктікке пәрмен

Дәстүрге дәрмен

Тазалыққа нәр

Татулыққа тамыр



Бет бұру кезеңі.

Бес жолдан тұратын қорытындылау

  1. Зат есім: Шешен.

  2. Сын есім. Шешендік сөз.

  3. Етістік: Айтысады. Тартысады. Шешіледі.

  4. Сезіну: Шешендік сөз – ұлттық өнер.

  5. Синоним: Шешендік сөз – өнер падишасы.

Үйге тапсырма: «Шешендік сөз – өнер падишасы» тақырыбында шығарма жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет