Оқу
Өлеңді жаттау
Күні: 4.09.13ж
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің лексикалық нормалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тіліміздегі сөздердің лексикалық нормасы жайлы, әдеби нормаға жататын сөздер мен жатпайтын сөздер жайлы білім қалыптастыру
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбексүйгіштікке, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушылардың сөздердің мағыналарын, жасалу жолдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, ойын, тілін, сөздік қорын дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау, дәптермен жұмыс, ойтолғау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
Тіліміздегі сөздердің жасалу аясы бірдей емес. Олардың көпшілігі әдебиетте жиі қолданылады, ал көпшілігі қолданудан шығып қалған.
Лексикалық нормаға жатпайтын сөздер:
диалектизмдер
дөрекі, былапыт, жаргон сөздер
қазақ тілінде баламасы бар термин сөздер
Кез-келген термин сөздердің баламасы бола бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |