Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әдеби тіл және мемлекеттік тіл туралы түсінік қалыптастыру, «Тіл туралы»



бет86/118
Дата05.02.2022
өлшемі1,35 Mb.
#20203
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   118
Сабақтың типі: Білім сынау сабағы
Сабақтың түрі: Диктант
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, өзіндік жұмыс


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі


ІІ. Диктант жазуға дайындық


ІІІ. Диктант жаздыру

Кенен Әзірбаев


Өздеріңе таныс «Бозторғай» әнін Кенен 11 жасында шығарған. Шешесінен 7 жасында жетім қалған. Жалшылықта жүріп, аспандағы бозторғайға осылайша мұңын шаққан еді. Бірде бала қойшы көрші ауылда той болып жатқанын естіді. Жайып жүрген қойын досына тапсырады да, Көкшолағымен тойға кетіп бара жатқандарға қосылады. Жол-жөнекей Шәлипа деген қызбен айтысады. Байдың қызы оны менсінбейді. Осы жолы Кенен «Көкшолақ» әнін шығарады.
Осыдан бастап ол «бала ақын» аталып, жиын-тойларда өнерімен көзге түседі. Сүйінбай, Бөлтірік, Сарбас сияқты арқалы ақындардың шығармаларынан, өздерінен өнеге алады. Оның мектебі де, университеті де өмірдің өзі, халық ауыз әдебиеті болады.
Кенен Әзірбаев – ең алдымен әнші, ақын, халық сазгері. Оның әндері халық арасына кең тараған. Кенен –айтыс ақыны. Он алты жасынан-ақ белгілі ақындармен айтысқа түскен.
(120 сөз)
Тапсырма:
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау:
1-топ:
Өздеріңе таныс «Бозторғай» әнін Кенен 11 жасында шығарған.
2-топ:
Бірде бала қойшы көрші ауылда той болып жатқанын естіді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет