Сабақтың тақырыбы: Қазақстан- достықтың киелі бесігі Сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі145,05 Kb.
#34951
түріСабақ
Құмжарған орта мектебі

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қазақстан – достықтың киелі бесігі»

Сыныбы: 6 – сынып

Өткізген: Қонысбаев Е.Қ.

2015 -2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан- достықтың киелі бесігі 
Сабақтың мақсаты: 


Білімділік: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелілік: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекілігі: «Ынтымағы жарасқан-Қазақстан» атты плакат, тақырыбы, слайд - суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.
Сабақтың барысы: 

Психологиялық даярлық.

Мұғалім:

Қайырлы күн, балалар!

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын.Ендеше, сендер де сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.

Олжас:

Әнұраным –жанұраным,

Айтар әнім -сөйлер сөзім.

Мәңгі бақи шырқалады.

Республикам Әнұраны!

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Мұғалім: - Біз сендермен Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.Әнұранның авторлары кім?

Лунара:Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев , Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Күндер өтті кешегі,

Жігер құм боп жасыған,

Несіне оны жасырам?

Әнұраным бүгінгі

Баға жетпес асыл ән

Мұғалім:- Еліміздің тағы қандай рәміздері бар? Ол туралы не білесіңдер?

Дият: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.

Назерке:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.Мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi.Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.



Әділбек:

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім -Әнұран, Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

Мұғалім: - Біздің әнұранымыз, елтаңбамыз, көк байрағымыз бар. Бұл нені білдіреді ?

Олжас:

Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата - бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ халқы талай зорлық, зобалаңды бастан кешірді. Ата-бабаларымыз «Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары ХХ ғасырдың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті.



Манас:

Туған ел- Қазақстан арайлы.

Бүгін саған әлем түгел қарайды.

Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның

Бейбітшілік таңы әр кез арайлы.

Әли:

Арайлы азаттықтың нұрын құшқан,

Шолпандай жарқыраған күншығыстан.

Тәуелсіз Қазақстан – туған елім,

Досы көп, бата алмайды бірде дұшпан.

Дият:

Тәуелсіздік –он бір әріп құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы,

Қаныменен атты таң боп алдан.

Мұғалім: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.  Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.  Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Мұғалім: Балалар Қазақ жастары 16 желтоқсанда нені талап етті?

Манас: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Әділбек: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі  туралы заң қабылданды.

Мұғалім: сонымен балалар биыл тәуелсіздігімізге неше жыл?

Оқушылар: 25 жыл!
Мұғалім: Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде көптеген ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға ат салысайық! Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. 
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз. 

Ендеше ең алдымен Әлидің өлеңіне құлақ салайық.


Әли: 
Ағайын - туған - бар адам. 
Адалдық үшін жаралған. 
Бар қымбат туыстық, 
Баянды болсын тыныштық!
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық

 

Мұғалім: Балалар,

 «Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді » - деген халық мақалын қалай түсінесіңдер?



 

Әділбек: Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, бәрі де бір ұлттың балаларындай, барлығы да бір-бірімен тең құқықта қарым-қатынас жасай алады, бірдей білім алады, бірдей еңбек етеді.

Манас: Елімізде тұрып жатқан адамдар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Осындай өмірге Қазақстанды мекендеген ұлттардың бірлігі, достығы, татулығы арқылы қол жеткіздік.

Олжас:Мұндағы әрбір адам қай ұлттың өкілі болмасын біздің елде тұратын барлық ұлттың тіліне, дәстүріне, әдет-ғұрпына сыйластықпен қарайды.


Мұғалім: Сонымен бұл мереке 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні.
Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі. 
Манас: Қырғыз, қазақ, өзбектер, 
Монғол, ұйғыр, дүнгендер, 
Армян, тәжік, грузин, 
Орыс пенен украин 
Терезесі тең жатыр .
Мұғалім: 
Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады. 
Мұғалім: 
Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады. 
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады. 
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не? 
Әли: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік. 
Лунара: Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды. 
Мұғалім: 
Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме? 
Олжас: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке - бейбітшілік» дейді. 
Дият: 
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін. 
Биік ұшып, самғасын. 
Тілегімді жерге жайсын, 
Қанаттары талмасын. – 

Мұғалім: Биыл жерлесіміз, атақты компазитор, профессор Ахмет Жұбановтың туғанына 110 жыл. Осы Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» атты әнін бәріміз бірге шырқайық.
Келесі ән: «Ақ көгершін» 
Назерке: 
Сәбилер зәресін бұлт алмасын, 
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын. 
Ақ көгершін аспанымда қалықтап, 
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын. 
Мұғалім: - Қанекей, балалар достық, ынтымақ туралы даналық сөздер білеміз бе?
1 - оқушы: Ынтымақ - достықтың бірлігі. 
2 - оқушы: Ырыс алды - ынтымақ. 
3 - оқушы: Достық күші - бірлікте. 
4 - оқушы: Достық түбі - береке, береке түбі - мереке. 
5 - оқушы: Ел бірлігі - ел теңдігі. 
6 - оқушы: Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді. 
Дият: 
Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан. 
Барлық ұлттың баласы, 
Достығымыз жарасқан.  
Ортақ бізге бір отан, 
Ортақ жердің байлығы. 
Еңбек ортақ, жыр ортақ, 
Ортақ бізге барлығы. 
Лунара: 
Елім менің, жарқыраған, жайнаған, 
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған 
Елім менің биіктігі шарайнам, 
Қыран құсы көгінде мың самғаған! 
 Мұғалім: Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: «бір халық,бір ел, бір тағдыр» деп атады.

     Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:


«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
      Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! -  деген болатын.

Олай болса президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ассамблеяда сөйлеген сөзін қысқаша видеороликтен тамашалайық.



Мұғалім: Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.

Көрініс.


Немересі атасына:

- Ата, неге біздің елімізде басқа ұлт өкілдері тұрады? Олар біздің елімізге қашан келді, келу тарихы қандай?

- Оны өздерінен сұрайық.

Слайд көрсету.Әр ұлт өкілдері өздерінің Қазақстанға келу тарихын айтып, ұлттық тағамын ұсынады.Өз өнерлерін көрсетеді.



Әділбек:Түріктер сталиндік репрессия кесірінен Грузияның оңтүстігі Месхет деген жерден Қазақстанға жер аударылған. Түрік мәдени орталығы 1991 жылы ақпанда құрылып, 1996 жылы Қазақстан Республикасының түрік қоғамы деп өзгертілді. Қоғамның филиалдары Қазақстанның оңтүстік аймағы мен оның аудандарында бар.

Түрік ұлттық орталығы өз қызметін мәдениет деңгейін көтеруге және өз ұлтының білімін көтеруге бағыттаған. Орыс, қазақ және түрік тілдерінде шығарылатын «Ахыска» атты Республикалық газеті жарыққа шығады. 2001 жылдың көктемінде түрік тілінде  шыққан «Тәтті бұлақ» атты бірінші көркем фильмін көрермендер көріп, жоғары бағалаған. Бұл көркем фильм Қазақстандағы түрік диаспорының салт дәстүрін, өмірін мен мәдениетін әңгімелейді. Қазіргі таңда түрік тіліндегі  «Қарыз» атты екінші  көркем фильмінің жұмысы аяқталуда деп күтілуде.


Алдарыңызға түрік ұлттык-мәдени орталығының өкілі қазақша өлең оқып берсін.

Әділбек:

Түркістан Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе,

Түрікке азаматта ел жеткен бе?!

Кең ақыл отты қайрат, жүйрік қиял,

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

Мұғалім: Өзбек ұлтының өкіліне сөз берейік.

Лунара: Өзбекті сарт деп те атайды. Ең алдымен өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой, қыз алып, қыз берісіп, тату-тәтті өмір сүрудеміз.Біздер, яғни өзбектерде ерлер жейде, шапан; әйелдер слан матадан тігілген көйлек, шапан киді. Бас киім ерлерде – тақия, жүн қалпақ, әйелдерде – орамал. Дәстүрлі аяқ киімі – тері етік, табаны жұмсақ мәсі, сыртынан галош киеді. Әйелдер мен қыздар бірінші баласы туғанша шаштарын көрсетпей ұсақ етіп өріп қояды (кейде 40 жасқа дейін), егде әйелдер екі бұрымнан өреді. Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы — палау. Басты сусыны шай, көбіне көк шай. Өзбектердің дастарханынан жеміс-жидектер,өрік-мейіз,жаңғақтар ,тандыр нан үзілмейді. Жүрегі кең, бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз, бөтен ой естіген емеспіз. Мен елімнің амандығын, осы бетпен алға жүре беруін тілеймін!

"Өзбек биі" орындалады.

Мұғалім:Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Еңбек ортақ, жыр ортақ.

Ортақ бізге барлығы,

Байлықгың ең үлкені — халықтардың достығы.

Ортаға қазақ ұлтының өкіліне сөз берейік.

Олжас: Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен

Европа да, Азия да емеспін мен.

Аралықпын, жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тел өстім мен.

Қандай дүние жетеді балауына!
Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып
Қазақстан гербі де, жалауы да.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін


Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!
Мұғалім: Ортаға орыс ұлты шақырылады.

Әли: Алматы облысына қарасты Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезде біздің орталық өлке жұртшылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жок. Әрине, негізгі максатымыз - славян мәдениетін дамытуға, орыс тілін оқытуға, ұлттық салт-дэстүрімізді насихаттауға бағытталған. Біз елімізде ешқандай қақтығыс, төңкерістің болмағанын қалаймыз. Қазақстан әркашанда осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Басқа бізге түк керек емес.

Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп, ән салып, би билеп, той тойлаймыз. Біз үшін басты мәселе - өзара түсіністігімізді дамыту. Орыстардың негізгі сусыны квас пен бал болып табылады. Ұлттық тағамдары борщ, картофель, баранки және т.б.



Мұғалім: Грузин ұлтының өкілі

Біз грузин халқы,бұл мерекені ерекше леппен тойлап өтуге белсенді қатысамыз. Бүгінгі таңда Астана қаласында «Колхети» грузин мәдени-қоғамдық орталығы 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 

Жалпылама түрде алсақ, грузиндер мен қазақ халқының арасында кейбір салт-дәстүрлер өте жақын, көпшілігі мазмұндас, мәндес десек те болады. Сонымен қатар, тек өздерімізге ғана тән ерекше дәстүр-жоралғылары да жоқ емес. Мысалы, грузин халқы қонаққа барғанда көшеге киетін аяқ киімдерін шешпейді. Егер аяқ-киіміңізді босағаға шешіп қалдырсаңыз, үй иелерінің көңіліне кірбің түсуі мүмкін. 
Ал қазақ ұлтына ұқсастығы – етті қолымен жейтіндіктері. Сондай-ақ, біздер кәуап пен өзге де ұлттық тағамдары хинкалиді де қолымен жейміз. Грузин ұлтының дастарқанында міндетті түрде болуы тиіс ас мәзірлерінің бірі – кинза, көк пияз, базилик, ақжелкен, тархун сынды көкөністер болып табылады. Ал дастарқан басында асабаның сөзіне құлақ түру заңдылық. Дәстүрге сай, асабаны үй егесі таңдайды. Қыз алып қашу көнеден келе жатқан салттың бірі болғанымен, қазіргі кезде бұл рәсім қыз бен жігіттің немесе тараптардың өзара келісімімен жүзеге асады. Ал жастардың үйлену тойында жас келінге күйеу жігіттың туыстарының әрқайсысы алтыннан сый жасау жазылмаған заңдылыққа айналған. 
 

Мұғалім: 
Әр ұлттың өз ұлттық тағамдары бар бүгін бізге келген әр ұлттар өз ұлттық тағамдарын алып келіпті. Тамашалайық: 
Ұлттық тағамдарды ұсыну. 


Назерке: 
Республикам менің, Республикам менің, 
Айбатым! Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын! 
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын, 
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын! 
Әділбек: 
Тілегі бір, Жүрегі бір, 
Достармен біз біргеміз. 
Туыс барда құрыштан да, 
Берік біздің іргеміз! 
Лунара: 
Жер – анамыз жасайды тарлық кімге, 
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде. 
Қайталанып, жаңарып айтылады, 
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- 
ӘН: «Әрқашан күн сөнбесін»

Қорытынды:
Мұғалім: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай. 


«Қазақстан- достықтың киелі бесігі» атты мерекелік тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар! 
Каталог: uploads -> doc -> 0bbd
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bbd -> Сабақ тақырыбы :Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшелігі. Сабақтың мақсатты
0bbd -> Тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген Елбасы Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет