Балалар! Төменде берілген тапсырмаларды орындаңдар. 1-тапсырма.Берілген тарихи оқиғаларды хронология бойынша ретімен орналастыр.
Қайта құруды жеделдету тұжырымына сәйкес 1985–1987 жылдары қазіргі заманның талабына сай алға басуға ұмтылыс жасалды.
КОКП-ның Бас хатшысы М.С. Горбачев «Күшті орталық және күшті республикалар» деген ереже ұсынып, өзін сталиндік үлгідегі озбыр орталықтың нағыз қолдаушысы ретінде көрсетті.
1985 жылғы сәуірде партия қоғамды демократияландыру және оны жариялылық негізде қайта құруды, халық алдында жауапкершілікті өзіне алды: ғылыми-техникалық серпінділікті жеделдету арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұжырымдамасы жарияланды.
Бірақ М.С. Горбачев елдегі қоғамдық-саяси жүйені түбірімен қайта құрумен шұғылданудың орнына сыртқы саясатпен айналысты.