Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары Дағды Айтылым және оқылым



бет57/164
Дата27.01.2023
өлшемі3,05 Mb.
#166586
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ
Ашық тәрбие сағаты, Ата-ана 9 Б
Сабақтың тақырыбы

Шегіртке мен құмырсқа (1-тоқсан.2-бөлім.)
27-сабақ

Дағды

Оқылым (грамматика) және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1.бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.
4.3.4.1.мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен?, не үшін?) құрастыру және оған жауап беру.
4.2.6.1. айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.

Тілдік міндеттер

сауықшыл, мұңды, өлеңшіл

Алдыңғы білім

Жаман жолдас

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «Миға шабуыл» ретінде мұғалім сұрақ қояды. Балалар, қандай еңбекқор жәндіктерді білесіңдер? Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін мұғалім оқушыларға құмырсқалар мен қант туралы видеоны көрсетеді. Балалар видео не туралы? Құмырсқа қандай жәндік? Оқушылар видео желісі бойынша құмырсқалардың еңбекқорлығы, ұйымшылдығы туралы айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады, кері байланыс береді. Мұғалім шегіртке мен құмырсқа туралы мысалды таныстырмас бұрын оқушыларға шыбынның ызыңын, масаның даусын және шегірткенің шырылын естіртеді. Оқушылар осы дыбыстардың қандай жәндіктерге тән екенін табады. Оқушылар тапқан соң мұғалім тақтадан араның, шыбынның және шегірткенің суретін көрсетеді. Енді сабақтың тақырыбын ашу үшін тек шегіртке мен құмырсқаның суретін қалдырады.

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім сабақтың мақсатын айтады.

2 мин

Мұғ-Сынып

«Құмырсқа мен қант» туралы видео,
Жәндіктердің дауыстары, шегіртке мен құмырсқаның суреттері

Негізгі бөлім

«Есте сақта» айдарындағы тапсырмада оқушыларға өткен шақтың жұрнақтары қолданыстық тұрғыдан түсіндіріледі. Етістіктер өткен шақта айтылған кезде сөздерге –ып, -іп,-п жұрнақтары жалғанады.
Үлгі:




Өткен іс-әрекет
бар+ып+ты

бару
жалыну
сұрау
көру
билеу

-ып/-іп/
-п

-ты
-ті

барыпты
жалыныпты
сұрапты
көріпті
билепті




5 мин

Жеке

Өткен шақтың жұрнақатары жазылған плакат немесе электоронды нұсқасын интерактивті тақтадан көрсетсе де болады.



«Көрсет және айт» айдарындағы тапсырмада оқушылардың назары оқулықтағы суреттерге аударылады. Оқушылар сурет бойынша өзара әңгімелеседі. Тапсырма жұпта орындалады. Әр жұп өз бетінше мәтінді болжайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, кері байланыс береді.




Топтық жұмыс

оқулық

«Оқы» айдарындағы тапсырмада оқушылар «Шегіртке мен Құмырсқа» әңгімесін оқиды. Мәтінді алдымен сыныптан бір оқушы оқиды. Оқушылар мұқият оқиды. Бір оқушы оқып болған соң, әр топтан оқушылар рөлге бөліп оқиды. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған.

5 мин

Мұғалім - сынып

оқулық

«Кел, сөйлесейік» айдарында оқушылар әңгіменің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап береді.
1.Шегіртке жазда не істепті?
2.Неліктен олай істепті?
3.Шегіртке күзде не істепті?
4.Неліктен олай істепті?
5.Шегіртке қыста не істепті?
6.Неліктен олай істепті?

3 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар




«Сөйлемдердің дұрыс/бұрыс екенін айт» тапсырмасында әңгіменің мазмұнына сәйкес мәліметтердің дұрыс/бұрыс екендігін тексеріп айтады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.







дұрыс

бұрыс

1

Құмырсқа сауықшыл болыпты.







2

Шегіртке еңбекқор болыпты.







3

Шегіртке қыста би билепті.







4

Шегіртке құмырсқаға тамақ беріпті.







5

Шегіртке мен құмырсқа дос болыпты.













Жеке жұмыс

Дұрыс/бұрыс кестесі сызылған парақша

Қор. бөлім

Оқушыларға суретті графикалық органайзер беріледі. Оқушылар сурет бойынша (жыл мезгілдері) бір сөйлемнен айтып шығады. Суреттер ретсіз беріледі. Оқушылар суреттерді ретімен орналастырып мәтіннің мазмұны бойынша айтып шығады. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Сабақтың қорытынды бөлімінде топтарға «Венн диаграммасы» беріледі. Әр топ өз бетінше «Венн» диаграммасын толтырып, құмырсқка мен шегірткені салыстырады. Тапсырманы орындап болған соң, ортаға шығып қорғайды.

3 мин



Сынып-мұғалім

Графикалық оранайзер, суреттер, желім, түрлі түсті маркерлер, «Венн диаграммасы»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет