Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары Дағды Айтылым және оқылым



бет53/164
Дата27.01.2023
өлшемі3,05 Mb.
#166586
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ

Сабақтың тақырыбы

Қуыршақтар (1-тоқсан.2-бөлім.)
25-сабақ

Дағды

Айтылым және жазылым (грамматика)

Оқыту мақсаттары

4.5.1.2.көптік/септік/тәуелдік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
4.5.1.3.өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану.
4.5.1.5.сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жәй және құрмалас сөйлемдер құрастыру.

Тілдік міндеттер

Осындай, ұрыншақ, сотқар, қызғаншақ, жалқау

Алдыңғы білім

Қайталау

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға жаңа сөздер ұсынылады. Оқушылардың назары оқулықтағы жаңа сөздерге аударылады. «Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді тиімді меңгерту үшін жұмыс жасайды. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертеді. (жомарт, қызғаншақ, сотқар, жалқау еңбекқор)

2 мин

Мұғ-Сынып

Қуыршақ, жаңа сөздерді меңгертуге қажетті суреттер

Негізгі бөлім

«Есте сақта» айдарындағы тапсырмада оқушыларға жіктік жалғауларының ережесі ұсынылады. Мұғалім жіктік жалғауларын қолданыстық тұрғыдан түсіндіреді.Мысалдар келтіреді. Бірнеше сөздерді ауызша жіктейді.



5 мин

Жеке

Жіктік жалғауына қатысты ереже



«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар жіктік жалғауына байланысты білімдерін бекітеді. Оқушыларға кесте беріледі, оқушылар кестедегі жалғауларды ережеге сәйкестендіреді.




...мын

...мін

...пын

...пін

...бын

...бін

тәрбиелі



















ақылды



















көңілсіз



















жомарт



















Үміт



















Алмаз



















Келесі тапсырмада оқушылар көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, өз мысалдарын ойлайды.Бұл тапсырма оқушының қисынды ойлауын, жіктік жалғауын дұрыс қолдана білуге дағдыландырады.
ә) Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қой. Өзің мысал ойлап жалғастыр.
1. Мен күшті..., мықты... . Ауыр затты көтере аламын.
2. Мен ақылды... . Кітап оқи аламын.
3. Мен еңбекқор... . Үй жинай аламын, тамақ пісіре аламын.

5 мин

Мұғалім - сынып

Жіктік жалғауларына қатысты кесте сызылған флипчарт

«Жаз» айдарындағы тапсырмада оқушылар суреттегі кейіпкерлерді сөйлетеді. Тапсырма жазбаша орындалады. Тапсырма оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға, жазбаша сауаттылықтарын арттыруға бағытталған. Оқушыларға үлгі ұсынылады, оқушылар үлгіні басшылыққа ала отырып, өз сөйлемдерін құрастырып айтады. Мұғалім оқушыларды «Басбармақ» әдісі арқылы, оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

3 мин

Мұғалім-сынып

оқулық

Қор. бөлім

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар өздерінің ойыншық кейіпкері туралы айтып береді. Оқулықта берілген үлгіні басшылыққа алады.
Мұғалім оқушыларға псықтау сұрақтарын қояды.
Сендердің қандай сүйікті ойыншықтарың бар?
Ойыншықты сендерге кім сыйлады?
Сен ойыншығыңмен сөйлесесің бе?
Рефлексия. «Білім ағашы» оқушылар бүгінгі сабақта үйренген үш нәрсені стикерге жазып білім ағашына жапсырады.


3 мин



Сынып-мұғалім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет