Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары Дағды Айтылым және оқылым



бет51/164
Дата27.01.2023
өлшемі3,05 Mb.
#166586
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ

Сабақтың тақырыбы

Қайталау (1-тоқсан.2-бөлім.)
24-сабақ

Дағды

Айтылым

Оқыту мақсаттары

4.5.1.2.көптік/септік/тәуелдік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
3.5.1.3.мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану.
4.2.3.1.белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс берусөйлеу стилін сақтаудауыс ырғағын келтіріп сөйлеу.
4.2.4.1.жоспар, жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Тілдік міндеттер




Алдыңғы білім

Жақсы мен жаман

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Тапсырма бөлім бойынша өткен білімді қайталауға, жинақтауға арналған. Тапсырмалар оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сынып орындайды. «Кімді?,Нені? сұрақтарынының мағынасын түсінемін. Сұрақтарға жауап беремін» айдарында оқушылар шеңбер бойымен тұрады, мұғалім оқушыларға допты лақтырады, допты алған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі бір оқушыға допты ұсынып, сұрақ қояды. Сұрақтардың барлығы табыс септігінің сұрақтарымен байланысты. Тапсырманы орындау үшін «Допты қағып ал» әдісі қолданылады. Тақтада бірнеше суреттер ілініп тұрады оқушылар осы суреттерді пайдаланып, сұрақтар құрастырып айтады.
Тақтада (алманың кітаптың, әженің, қыздың, дүкеннің, атаның, мысықтың т.б.) суреттері.
Үлгі: Сен нені алдың? Мен кітапты алдым.

  1. Сен нені екіге бөліп бердің?

  2. Нені анаңа көрсетпейсің?

  3. Нені жыртуға болмайды?

  4. Суретте кімді салдың?

  5. Мектептен кімді көрдің?

  6. Кімді құрметтеу керек?

  7. Нені ұруға болмайды?

  8. Кімді жақсы көресің?

«Өзімнің және көптің атынан ұсынысымды жеткізе аламын» айдарында оқушыларға сөз тіркестері және бір үлгі беріледі. Оқушылар үлгіні пайдаланып ұсынысын айтады және көпшіліктің атынан айтады. Тапсырма ауызша жүргізіледі. Оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.
Үлгі: Мен үйіңізді жинап берейін/біз бақша суарайық.
Сөз тіркестері:ағаш отырғызу, үй сыпыру, ит пен мысықты күтіп бағу, тамақ пісіру, шай қайнату, шаң сүрту.



2 мин

Мұғ-Сынып

Доп, суреттер

Негізгі бөлім

«Өзімнен кішілерге кеңес бере аламын» айдарындағы тапсырмада оқушылар өзінен кішілерге кеңес берудің бірнеше нұсқасын ұсынады. Оқулықтағы үлгіні басшылыққа алады, өз мысалдарымен толықтырады.

  1. Сабақта телефон ...

  2. Көшеде құлаққап ...

  3. Көркем және таза жаз. Ешқашан дәптерді ...

  4. Теледидар көп қарама, кітап ...

  5. .....

  6. .....

  7. .....

Оқушылар бір-бірін «Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.

5 мин

Жеке

оқулық



«Өзгелерге ұсыныс жасай білемін, тілек білдіре аламын» айдарындағы тапсырмада оқушылар бір-біріне ұсыныс жасайды, тілек білдіреді. Тапсырма жұпта орындалады. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.
«Суретке қарап, өзіңе нұсқау бер» тапсырмасын орындауда оқушыларға суреттер көрсетіледі әр оқушы суретке қарай отырып,өздеріне нұсқау жазады. Тапсырма жазбаша орындалады. Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Мұғалім сыныпты аралап оқушылардың өздеріне арнап жазған нұсқауларын тексереді, ауызша кері байланыс береді.

5 мин

Мұғалім - сынып

оқулық




«Адамды сипаттайтын жағымды,жағымсыз қасиеттерді сипаттай аламын» айдарындағы тапсырмада оқушылар екі сызылған шеңбердің бойына адамның жағымды, жағымсыз қасиеттерін жапсырады. Жағымды, жағымсыз қасиеттер қорапшаның ішінде араласып жатады. Қандай да бір қасиет жазылған қағазды алған оқушы тез арада қай қасиетке жататынына қарай жапсырып үлгеруі керек. Бұл тапсырманы «Кім жылдам?» әдісі арқылы жүзеге асыруға болады.
Мұғалім оқушыларды жауаптарының дұрыстығына қарай «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

3 мин

Мұғалім-сынып




Қор. бөлім

Сабақты қорытындылау мақсатында адамның мінезін сипаттайды. Оқушының өз таңдауы бойынша анасының немесе досының мінезін сипаттап береді. Тапсырма ауызша орындалады. Оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырма жеке орындалады.


3 мин



Сынып-мұғалім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет