Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Шапиева Жулдыз Жумашевна
|
Пән: қазақ тілі
|
Сынып: 10
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақстан – Президенттік Республика
|
Оқу мақсаты
(Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі)
|
Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар негізінде оқушыларға Қазақстан мемлекеті, тәуелсіздік жайлы мағлұмат беру. Қазақ тіліндегі сөйлеу үлгілері мен тілдік тапсырмалар арқылы публицистикалық стиль және
оның түрлерімен таныстыру.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: мемлекеті, тәуелсіздік жайлы ақпарат береді.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өз сөзімен Қазақстан мемлекетін сипаттайды.
|
Кейбір оқушылар орындай алады: тақырып аясында сыныптастарымен мемлекет жайлы сұхбаттасады, диалог құра алады, сөйлеу үлгілері арқылы тілдесімге келеді.
|
Алдыңғы білім
|
|
Жоспар. Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, «Мадақтар бұрқасыны» тәсілі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, диалог, «Құнды пікір» стратегиясы, «Екі жақты күнделік» тәсілі, ойсергек.
|
Сабақ кезеңдері (уақыт)
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Басы (Ой қозғау)
0-10
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы «Мадақтар бұрқасыны».Оқушылар 1 – 1,5 минут ішінде бір парақ қағазға ұстазынан естігісі келетін мадақсөздерді жазады,
оны оқып беретін көршісімен алмасады.
Қызығушылықты ояту
«Ой шақыру» әдісін пайдаланып,«Қазақстан мемлекеті», «Тәуелсіздік»
сөзіне ассоциаграмма құрастыртады.
|
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, қауіпсіздік ережелерінің мәтіні, қауіпсіздік ережелері салынған кесте.
|
Ортасы
(Мағынаны ашу)
10 – 25
|
Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.
Уысында ұстау, ен жайлау, билеп-төстеу, айбарлы, азаттық жолында,
бодандыққа түсу, түп-тамыры, заңды мұрагері, халық жағдайын
жақсарту, үкімет сағаты, министрлік сайты.
2. Мәтіналды жұмыс.
1-тапсырма.
Сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма. Кластер құрады, сөйлем құрайды.
3. Грамматика. Публицистикалық стиль түрлері
4. Мәтінмен жұмыс.
а) 4 – тапсырма. Мәтінді тыңдайды, оқиды, мәтіннің мақсаты, қолданылу аясын, стилі мен сипатын анықтайды, әрекеттерді білдіретін сөздерді табады.
ә) 5 – тапсырма. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіреді,
мазмұнын баяндайды.
б) 6 – тапсырма. Мәтінді оқиды, тұсаукесер жасайды, кестеде берілген сөз таптарын теріп жазады.
в) 7 – тапсырма. Қою қаріппен берілген сөздер мен сөз тіркестерінің
синонимдерін айтады, публицистикалық стильге ауыстырып айтады.
9 – тапсырма Диалог құрады.
10 – тапсырма Жақшадағы екі нұсқаның тиістісін жазады, «Мен білетін министрліктер» тақырыбына публицистикалық стильде шағын мақала жазады.
г) Сыр сандықтағы сөздер. Мағынасын талдайды, есте сақтайды.
Сергіту сәті. «Кім шапшаң!»
|
Ойын шарттарын орындайды.
|
|
|
Соңы 25 – 40
|
ІІІ. Ойтолғаныс «Құнды пікір» стратегиясы. Әр оқушы тақырып аясында өз
ойын айтады, сыныптастарымен мемлекет мәселелері жайлы ұсыныстарымен бөліседі.
IV. Бекіту. 10 – тапсырма «Оймоншақ» топтық жұмысын орындайды.
Үйге: 8 – тапсырма
|
|
Рефлексия 40 – 42
|
Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім? Не ұнады? Сабақтан алған әсерім
|
Жапсырмалар
|
Қорытынды бағалау
42 – 45
|
Бағалау парақшалары
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |