Сабақтың тақырыбы: Қазақстан
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сұрақты саналы түрде түсініп, толық жауап беруін талап ету.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілін, есте сақтауын дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей алу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Туған жеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі
Сабақтың әдістері: мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, аудару, даталарды түсіндіру, ойын, жаттау, жазу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, интербелсенді тақта, кесте, эл.құрал
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу.
Лексикалық минимум (3 мин)
Қазір қай жыл мезгілі?
Қыс айлары қандай?
Қазір қай ай?
Бүгін нешесі?
Аптаның қай күні?
Бүгін ауа райы қандай?
Сабақта кім жоқ?
Көңіл-күйлерің қандай? (смайлик арқылы көрсетеді)
Балалар, мен сендерге бүгін сәттілік тілеймін
ІІ. Жаңа тақырыпқа шығу; сабақтың мақсатымен таныстыру. (5 мин)
Интербелсенді тақтадан Қазақстан картасын көрсетіп, сұрақ қою: №1
Бұл не?
Бұл карта.
Бұл ненің картасы? Қай жердің картасы?
Бұл Қазақстан картасы.
Дұрыс. Сонымен, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
Әрине. Сабағымыздың тақырыбы - Қазақстан, - деп аталады.
Сабағымыздың мақсаты: жаңа сөздермен танысамыз, олармен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырамыз; қойылған сұрақтарға толық жауап береміз, лексикалық тақырып бойынша сөйлей алу дағдысын қалыптастырамыз.
Балалар, ҚАЗАҚСТАН дегенде көз алдарына не елестейді? Қандай сөздер ойға келеді? (интербелсенді тақтада карта суретінің жан-жағына сол сөздерді жазып тұрамын) №2 (3 мин)
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сөздік жұмысы: (10 мин)
Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру.
Отан – Родина
Елбасы – Президент
Елорда – столица
Жер – земля
Қала – город
Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:
а) мұғалім мәнерлеп оқиды;
ә) оқушылар дауыстап қайталайды;
б) оқушылар тізбектеп оқиды.
Сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру. («Білім кілті» жетондары)
Балалар, осы сөздердің ішінде қазақ тіліне тән дыбыс бар ма?
Ол қай дыбыс?
«Қ» қандай дыбыс?
Дауыссыз дыбыс
Қай түріне жатады?
Қатаң
Елбасы, елорда деген сөздер екі түбірден тұрады екен, бұл қандай сөздер?
Біріккен сөздер
Мәтінмен жұмыс: (5 мин)
Аудиотаспадан мәтінді (5-тапсырма 41 бет) тыңдату. (4.1.5)
Балалар, мәтінді мұқият тыңдаймыз.
Балалар, мәтіннен не түсіндік? («Білім кілті» жетондары)
ІV. Сергіту сәті: №3 (2 мин)
Оң қолымда «бес» саусақ
Сол қолымда «бес» саусақ
5-ке 5-ті қосамыз
Алақанды ашамыз
V. Жаңа сабақты бекіту: (10 мин)
1. Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырма 40 бет. Үлгі бойынша сөйлесу. (жұптық жұмыс). Бір жұпты жатқа сұрау.
2. Дәптермен жұмыс. №1 жұмыс дәптері 22 бет («Білім кілті» жетондары 3 жетон)
VI. Сабақтың қорытындылау: №4 (3 мин)
Сен қайда тұрасың?
Қазақстанның жері қандай?
Қазақстанның елбасы кім?
Қазақстанның елордасы қай қала?
VІI. Үй тапсырмасы: мәтінді мазмұндау. (5-тапсырма 41 бет) №5 (1 мин)
VІII. Бағалау. («Білім кілті» жетондарын санап баға қою) (3 мин)
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Қазақ тілінен ашық сабақ әзірлемесі
Тақырыбы «Қазақстан»
4-сынып
Өткізген: Калиева С.Т., қазақ тілі мұғалімі
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |