Сабақ: Қазақстан тарихы Сынып: 8 Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Ұжымдастыру ұғымы, Қазақстандағы ұжымдастыру саясатының кезеңдері, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастырудың зардаптарына талдау жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Аштық, індет туралы айта отырып,оқушыларды әрқашанда өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, саяси саналылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға талдау жасау арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: топпен, жұппен, жеке жұмыс, тест
Көрнекілік: суреттер аштық туралы, Сталин, Голощекин порттреттері, видео, слайд
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты 3 топқа бөлу, ( Мұғалім әріптер жазылған түрлі түсті парақтарды ұсынады, топ басшылары өз тобына ұнаған түстерін таңдап алу барысында әріптерді құрастыру арқылы әр топтың атауы шығады)