Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы отбасы күні Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет7/7
Дата04.01.2022
өлшемі290,69 Kb.
#109571
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дуйсембаева Б.Б.

ҚБ "Жапондық бағалау" әдісі

Жинақтау

ТЖ 5-тапсырма "Тұжырымдамалық карта" әдісі арқылы алған білімдерінен қорытынды әзірлейді


отбасы құндылық

тары

Бағалау критерийі:

- оқушылар кластермен жұмыс жасайды;

- отбасы құндылықтарын анықтайды;

-отбасы құндылықтарын саралайды



Дескриптор:

- оқушылар кластермен жұмыс жасай алады;

-отбасы құндылықтарын анықтай алады;

-отбасы құндылықтарын саралай алады



ҚБ "Бас бармақ" әдісі арқылы бағалау


http://armanpv.kz/?book=162












http://armanpv.kz/?book=162








Сабақтың соңы

Бағалау


10 мин

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

бүгін сабақта қуантқаны.....

мен өзімді.....үшін мақтар едім.

маған ерекше ұнағаны.....

сабақтан соң маған........келді.

бүгін маған..........сәтті түсті.

қызықты болғаны.....



менің түсінгенім......

Кері байланыс

"Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы кері байланыс жасайды
Үйге тапсырма 122-бет, 5-тапсырма





Саралау


Бағалау


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Ықшамсабақты жоспарлау кезінде оқу бағдарламасы, ұзақ мерзімді жоспар және саралаудың 12 түрі негізге алынып жасалынады. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау "шаттық шеңбер"құру арқылы оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын орнату, топтағы оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады. Мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін қолжетімді тапсырмаларды орындауға бағытталады. Әрбір оқушыға саралау әдістері мақсатқа жетуге көмегін тигізеді. Ықшамсабақтағы тапсырмалар ең бірінші оқу бағдарламасында берілген мақсатқа сүйене отырып, оңайдан күрделіге қарай сараланып, яғни, Д.Брунердің спиральды қағидаты негізінде жасалынады. Ықшамсабақтың жоспарын құруда тапсырмалар нақтылы, өлшемді, қолжетімді SMART мақсатқа негізделген және дағдының 4 түрі ескерілген. Тапсырмалар оқушылардың деңгейіне қарай алынған. Ең бастысы Б.Блум сатысымен жүзеге асып отырды. "ТВ шоу", "АВС" әдісі бойынша тапсырма орындауда түрлі деңгейде жауап күтіледі және қабылданады. Бұл "Нәтиже немесе жауап бойынша саралауда" көрініс табады. Оқушылардың барлығы тапсырманы орындау кезінде өз ойларын ортаға салып, тақырыпқа сай пікірлерін жеткізеді. Жұптық жұмыс жасау кезінде оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау барысында оқушылардың бір-бірімен жұптасып жұмыс жасауына қолдау көрсетеді. Тапсырма бойынша саралауда "Тұжырымдамалық карта" әдісі арқылы оқушылар топта шығармашылықтарына сай кластерді толтырады. Кейбір оқушылар кластер толтыру барысында нақты дәлелдермен ойларын қағаз бетіне түсіреді. Саралаудың осы түрін қолдану өте тиімді, себебі баршаға бірдей тапсырмалар дайындалады. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді, топта талқылайды және соңында оқушылар жұптарының жұмыстарын тексере отырып бір-бірін бағалайды. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау "миға шабуыл" әдісі арқылы қоғам қайраткері Зейнеп Ахметованың отбасы туралы пікірін тыңдап, негізгі ойын саралайды. Бұл саралау арқылы отбасы құндылықтары туралы толғанып, салт - дәстүрлерімізге деген қызығушылықтары оянады.

Бағалау - оқушылардың оқу процесінде қаншалықты табысты екенін анықтау. Бұл табысты айқындау үшін ықшамсабақты жоспарлағанда әрбір тапсырмаға негізделіп жасалған бағалау критерийі мен дискрипторы негізінде оқушылар бір-бірлерін, топтарын бағалап отырады. Сабақты жоспарлауда мынадай бағалау түрлерін қолданылады:

"Смайлик" әдісі арқылы топтық жұмыстың жұмысын бағалайды.

"Шапалақ" әдісі арқылы бір - бірін бағалайды.

"Өзара бағалау" әдісі тапсырманы орындаған соң оқушылар бір-біріне жұмыстарын тексере отырып, өзара бағалау жүргізеді.

-"Жапондық бағалау" әдісі көмегімен оқушылар топтың жауабын жұмыс барысында бағалайды.

- "Бас бармақ" әдісін мұғалім оқушы нені түсінгенін үшін қолданылады.

Сабақ соңында "Аяқталмаған сөйлем" әдісі арқылы рефлексия жасалады. Бұнда оқушылардың сабақтан алған әсері, ұнаған жерлерін көрсетіп жазады. Кері байланыс "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы оқушылар осы сабақтан 2 ұнаған тұсын және 1 тілегін жазады.

Жоспарда алынған барлық бағалау түрлері оқушыларды оқу мақсатына және оқу жетістігіне жеткізеді деп күтіледі.




Жоспарланған ықшамсабақта оқушылардың денсаулығына, қауіпсіздік ережелеріне баса көңіл аударылады. АКТ қолдану және топтағы, жұптағы қауіпсіздік ережесі де қатаң сақталады. Оқу ортасы оқушы қажеттілігіне сай құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет