Қаназдықтың (анемияның) алдын алу
Қаназдық – бұл қандағы қанның қызыл торшалары мен гемоглобин санының азаюы. Анемияның барлық белгілері эритроциттердің өзгерісімен және азаюымен сабақтас.
Қанда эритроциттер, сондай-ақ эритроциттердегі гемоглобин жетіспегенде организмде оттегінің тасымалдануы қиындайды. Қаназдық негізінен темір, В12 витамині және фолий қышқылы тапшылығында орын алады.
Адам өміріне көбірек әсер ететін үш нәрсе: ауа, су және тағам. Сондықтан қаназдықтың алдын алу үшін осы үш құрамдас бөлікті реттеген жөн.
Дұрыс теңестірілген тағам организмге қажетті пайдалы заттардың негізгі көзі. Сол себепті тағамды таңдау маңызды. 1 келі етте 6 мг темір болады, оны жармалармен және көкөністермен бірге қолдану темірдің сіңуіне көмектеседі. Ас ішкенен кейін бірден шәй және кофе ішуге болмайды. Өйткені олардағы танин темірдің қанға сіңуіне бөгет әрекет етеді.
Бал, жаңғақ, жемістер мен көкөністер, темірге бай минералды сулар аса пайдалы.
Шамаға сай дене жаттығулары, таза ауада серуендеу қаназдықтың алдын алудағы қолдан келетін тірліктер.
Демек, үш қарапайым ережені – тамақтануды, тыныс алуды және қозғалысты ұдайы есте ұстау қаназдықтың алдын алуға елеулі ықпал етеді.
3. Жаңа материалды бекіту таратпа материалдар мен проектор арқылы орындалады.
№1 « Кім жылдам ?” (берілген формулалардың индекстерін қойып шығу қажет)
ҒеО ҒеО
Ғе(ОН) Ғе(ОН)
Ғе(СІ) Ғе(СІ)
|
№3 тапсырма. Ғе (ІІ) және Ғе (ІІІ) оксидтерінің қайсысында темірдің мөлшері көп?
№4 тапсырма. Пирит (FeS2) және сидерит (FeCO3) қосылыстарының қайсысының құрамында темір көп?
4. Қорытындылау
5. Сабақ қорытындыланады, үйге тапсырма беріледі, оқушы білімі бағаланады
Достарыңызбен бөлісу: |