Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы темір кені қорлары. Темір және оның
биологиялық, экологиялық маңызы.
Сабақтың мақсаттары:
а) Оқушыларға темірдің Қазақстандағы қорлары , темір және оның қосылыстарының маңызы туралы білім беру;
ә) Туған еліміздің табиғат байлықтарын, пайдалы қазбаларын тиімді пайдалану, ысырапшылдыққа жол бермеуге, экологияны қорғауға үйрету;
б) География,биология, химия пәндерін медицинамен байланыстыра
отырып, оқушылардың есте сақтау, ойлау, салыстыру қабілеттерін шыңдау;
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: география,биология, медицина
Көрнекіліктері: проектор арқылы слайдтар, карта
Сабақтың барысы:
.1. Өткен материалды пысықтау
Проектор арқылы темір және оның қосылыстары туралы өткен сабақта алған білімдері тексеріледі.
2. Жаңа материалды игеру.
а) Қазақстандағы темір кен орындары туралы география пәнінің мұғалімі Кенжин А.Д. тарқатады.
Қазақстан темір кені қоры жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады (16,6 млрд т). Темір кен орындары көбінесе Солтүстік Қазақстанда, мұнда барлық темір кені қорының 85%-ы шоғырланған. Әсіресе, Қашар, Соколов-Сарыбай кен орындарының маңызы зор. Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы үшқыш М.Сургутанов ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір аномалиясының әсерінен тұсбағар тілінің кенет ауытқығаны ұшқыштың көңілін аударды. Көп ұзамай, өте сирек кездесетін темір кені ашылды. Мұндағы кен жоғарғы сапалы және оның құрамындағы темірдің мөлшері 50-60%-ды құрайды. Шөгінді жыныстардан пайда болған рудалар Қостанай облысындағы Әйет және Лисаков кен орындарында кездеседі. Руда 30 м тереңдіктен ашық әдіспен ондіріледі. Кеннің құрамында таза темір 37-42%. Темір кенінің шағын кен орны Қарағанды (Кентөбе, Қаратас), Солтүстік Қазақстан (Атансор) облыстарында бар.
ә) Темір және оның қосылыстарының биологиялық маңызы мен қолданылуы туралы химия және биология пәндерінің мұғалімі
Жанасбекова К.Т баяндайды. (проектор арқылы слайдтар көрсетіледі.)
Адам денесінде темір құрамы 3 - 7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11 - 30 мг құрайды.
Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.
Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады. Өсімдіктер ағзасында темір 0,02 пайыз мөлшерінде болады. Темір жетіспеген жағдайда өсімдікте фотосинтез процесі дұрыс жүрмейді, хлорофилл түзілмейді, өсімдік жасыл түсінен айырылып, жапырақтары сарғайып хлороз деп аталатын ауруға шалдығады.
Жануарлар денесінде темір 0,01 пайыз шамасында болады. Жасушааралық зат алмасу үрдістеріне қатысады және темірдің орнын бұл үрдісте ешбір элемент алмастыра алмайды.
Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді.
Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюының алдын алуға тиісті.
б) Темірдің адам ағзасындағы ролі, ағзадағы мөлшері, қаназдық ауруы, оның алдын алу, дұрыс тамақтану, гигиена сақтау жөнінде ауылдық амбулатория дәрігері Теміржанова К.У кеңес береді.
Достарыңызбен бөлісу: |