Даму стратегиясы шегіндегі мақсаттар: Оқытылатын пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету, елтанымдық білімін кеңейту, білім беруді тұлғаның дамуына бағыттай отырып, оқушылардың интеллектілік мәдениетін, зерттей білу мәдениетін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, өткенді қайталау арқылы ой жаңғырту, іздестіру әдісі, картамен жұмыс, салыстыру, талдау, жинақтау әдістері.
Оқыту құрал-жабдықтары: Қазақстанның физикалық картасы, топырақ картасы, атлас, кескін карталар, сызбалар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын бақылау. Сынып оқушыларын түгендеу.
! Үй тапсырмасының орындалысын тексеру:
Топырақ дегеніміз не?
Топырақ құрушы факторларды атаңдар.
Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?
Топырақтың механикалық құрамына нелер жетеді?
Құрылымды топырақ деген қандай топырақ?
Өз өлкеміздің топырағы туралы не білеміз?
Достарыңызбен бөлісу: |