Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның этномәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп, тапсырманы дұрыс орындауға баулу.
Дамытушылық: Ой -өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу .
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі,ағылшын тілі
Көрнекілігі: интерактивтік тақта
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
- Қайырлы күн,құрметті көрермендер,қонақтар,сайыскерлер!
Бүгінгі сайысымызға хош келіпсіздер!
Сайысқа екі топ,яғңи «Астана» және «Бәйтерек» топтары қатысып отыр.
Бұл ойында балалар өз білімдерін көрсетіп.санасының өскенін,сөз байлығының молдығын көрсетеді.Ендеше сайысымызды бастайық.
-Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!-демекші,әділ қазылармен таныстырып өтейін.
1.
2.
Сайыстың жоспары:
І кезең – Таныстыру.
ІІ кезең - Жедел жауап.
ІІІ кезең -Мақал-сөздің мәйегі
ІV кезең -Жұмбақтар әлемінде
V кезең -Қызықты ұйқастар
VІ кезең -Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы
VІІ кезең- Кім жылдам?
VІІІ кезең -Ән-көңілдің ажары
І кезең – Таныстыру.
І топ: « Астана»
Ұраны : Оқы да біл,ойна да күл.
ІІ топ «Бәйтерек»
Ұраны: « Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар»
І І кезең- Жедел жауап
І топ: « Астана»
1.ҚР-ның астанасы қай қала? ( Астана )
2.Төрт түлікті ата. ( жылқы,түйе,сиыр,қой )
3.Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата. ( салалас,сабақтас,аралас )
4.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? ( 42 әріп )
5. « Фольклор» сөзі қай тілден енген сөз? ( ағылшын )
6. Қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесің?
(қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат)
7. Үш биді ата ( Төле би,Қазбек би,Әйтеке би )
8. -ның,-нің,-дың,-дің,-тың,тің-қай септіктің жалғаулары ( ілік септік )
9. Күз айларын ата. ( қыркүйек,қазан, қараша )
10. Киіз үйдің басты бөліктерін ата. ( шаңырақ , кереге ,уық, есік )
ІІ топ «Бәйтерек»
1. ҚР-ның мемлекеттік тілі ( қазақ тілі )
2.Қазақ тілінде неше септік бар? ( 7 септік)
3.ҚР-ның рәміздерін ата. ( Ту,Елтаңба,Әнұран )
4. Көптік жалғауларын ата. (–лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер )
5.Қазақ ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесің?
(ертегілер,мақал-мәтелдер, жұмбақтар,жаңылтпаштар және т.б)
6. Абайдың шын аты ( Ибраһим)
7.ҚР-ның Тәуелсіздік күні ( 16 желтоқсан )
8. Көктем айларын ата. ( наурыз,сәуір,мамыр)
9. «Әдебиет»сөзі қай тілден енген сөз. ( араб)
10. Буын түрлерін ата. ( ашық,тұйық,бітеу )
ІІІ кезең -Мақал-сөздің мәйегі
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
І топ: « Астана»
1.Тазалық- жарым ырыс
2.Еңбек білім-өмір шырағы
3.Не ексең, денсаулық кепілі .
4.Отан - ормансыз бұлбұл.
5.Оқу –білім бұлағы, оттан да ыстық.
6.Отансыз адам- оздырады.
7.Жақсы сөз- соны орасың .
ІІ топ «Бәйтерек»
1.Тілге құрмет- қызыл тіл.
2.Тіл тас жарады,тас жармаса, елге құрмет.
3.Жеті жұрттың тілін біл, ұшқанда соны іледі.
4.Ұяда не көрсе, ақылы көпті дау алмайды.
5. Мектеп- кеме, жеті түрлі білім біл.
6.Досы көпті жау алмайды , білім- теңіз.
7. Өнер алды- бас жарады.
ІV кезең -Жұмбақтар әлемінде
Бұл кезеңде оқушылар жұмбақтардың жауабын шешіп,шешуін қазақ және ағылшын тіліне аударады.
І топ: «Астана»
1. Если б не было его,
Не сказал бы ничего.
(Язык)
2. Сердитый недотрога
Живет в глуши лесной.
Иголок очень много,
А нитки не одной.
(Еж)
3. Три глаза - три приказа,
Красный - самый опасный.
(Светофор)
4. Бьют его рукой и палкой -
Никому его не жалко.
А за что беднягу бьют?
А за то, что он надут.
(Мяч)
5. Очень быстрых два коня
По снегам несут меня -
Через луг к березке,
Тянут две полоски.
(Лыжи)
6. Бел, как снег, в чести у всех.
В рот попал - там и пропал.
(Сахар)
ІІ топ: «Бәйтерек»
1. Он большой, как мяч футбольный,
Если спелый - все довольны.
Так приятен он на вкус!
Что это за шар? ..
(Арбуз)
2.Белый камешек растаял,
На доске следы оставил.
(Мел)
3. Сидит дед, в шубу одет,
Кто его раздевает, тот слёзы проливает.
( Лук )
4. А ну-ка, ребята, кто угадает:
На десять братьев двух шуб хватает?
(Варежки)
5. Ежегодно приходят к нам в гости:
Один седой, другой молодой,
Третий скачет, а четвёртый плачет.
(Времена года )
6. В воде родится, воды боится.
(Соль )
V кезең – Қызықты ұйқастар
Шарты:Екі топтың әр мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
І топ: «Астана»
1.Жизнь-өмір,уголь - ... (көмір)
2.Число-сан,кровь - ... ( қан )
3.Молоко-сүт,жди - ... ( күт )
4.Человек-адам,шаг - ... ( қадам )
5.Таможня-кеден, пол - ... ( еден )
6.Зуб- тіс,дело - ... ( іс )
ІІ топ: «Бәйтерек»
1.Возьми-ал,мед - ... ( бал )
2.Рыба- балық,народ - ... ( халық )
3.Дверь- есік,колыбель - ... ( бесік )
4.Город-қала,ребенок - ... ( бала )
5.Лето-жаз,гусь - ... ( қаз )
6.Игра- ойын, шея - ... ( мойын )
VІ кезең -Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы
Әр топтың бір мүшесі белгілі бір тақырыпта қазақша өлең оқиды.Өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы,оқудың тазалығы бағаланады.
VІІ кезең – Кім жылдам? «Қазақстан»
Екі топтың топ басшылары шығып, белгіленген уақыт ішінде берілген сөзден мағыналы сөздер құрастыру керек.
VІІІ кезең -Ән-көңілдің ажары
Бұл кезеңде екі топтың қосылып орындауында «Анамның тілі-аяулы үні» әнін тамашалаймыз.
Қорытынды.
Білімнің мініп тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасында
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап,жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.
( Жеңімпаздарды марапаттау)
Қандай ұлттың болмасын ұлылығын, кісілік қабілетін, биік парасатын танытуда тілден артық күш жоқ. «Тіл – достықтың дәнекрі» дейді халқымыз. Достық – халықтар тұтастығының кепілі.Ендеше бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Байтерек негізгі мектебі
Сыныптан тыс ашық сабақ
«Тіл достығы-халық достығы»
Өткізген:қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі
Шайкенова А.Қ
2015-2016 оқу жылы
Ана тілім-әнім
Ана тілім менің
Әлдилеген әнім,
Ана тілім-демім,
Ана тілім-жаным.
Жанымнан да қымбат
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі-өнеге алам.
Ана тілім-анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Жарқыраған шамым.
( Қ.Қайымов )
Үш бақытым.
1.Ең бірінші бақытым-Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса ,мен бармын ,қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
2. Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей -кейде дұниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
3. Бақытым бар үшінші- Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,
Ойланбай –ақ кел -дағы от ал менен...
( М.Мақатаев )
Анамның тілі-аяулы үні
Әнін жазғандар:Ә.Тінәлиев
Сөзін жазғандар: Ш Смаханұлы
1.Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол : «Жаным,
Арайлы таңым»
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін маған.
Қайырмасы:
Анамның тілі-айбыным менің,
Анамның тілі-ай-күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
Достарыңызбен бөлісу: |