Запорожье орта мектебі
Ашық сабақ
Өткізген: ДанияроваГ.Г.
2015-2016 о.ж
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері мен көлдері
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға өзен және көлдермен таныса отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратамыз. Табиғи судың таралуы жайлы білеміз.
- Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық ізденістерін дамыту.
- Табиғатта су өте көп болғанымен , суды қорғауға экологиялық тәрбие беру.
Сабақ түрі:жаңа сабақ.
Әдістері: сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, іздену, жинақтау.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, өзендер мен көлдердің суреттері, венн диаграммасы, кесте,слайд, сөзжұмбақ.
Сабақ барысы:
Психологиялық ахуал
Күн мен сені сүйемін.
Саған басымды иемін,
Жылу бер, шуақ бер.
Мейірімді қуат бер.
Операциялық - орындаушылық кезең.
Сөзжұмбақ
Балалар, мына «Сөзжұмбақты» дұрыс шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
Қатты қара түсті зат (көмір)
Қонақжай халық (қазақ)
Адамды адам еткен (еңбек)
Майлы, қоймалжың сұйық зат. (мұнай)
Физикалық картада су қандай түспен боялған (көк)
Тілсіз жау (өрт)
Жер бетіндегі ауаның 1 жерден 2 - ші жерге ауысуы (жел)
- Бүгінгі тақырыбымыз « Қазақстанның көлдері мен өзендері»
-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты өсы тақырыпты ашу.
-Ол үшін сендерге қандай үй тапсырмасы берілді?
Мәлімет оқу-
Өзен деген не? Жылғалар бір-бірімен косылып өзен құрайды.
Көл деген не? Жер бетіндегі табиғи ойпаттарды көл дейді
Осы анықтап алайық
картада бейнелеу
Венн –диаграмма
өзен көл
Слайды өзен (оқушылардың өздік жұмыстары) Әшім Ә,Сеймұханбетова Д
Слайды көл Бугубай Д ,Кабылдин А, РахимбековаМ
Карта арқылы жұмыс (өзен,көлдерді табу,белгілеу кескінгі картаға)
Шығармашылық жұмыс
І топ Өзеннің суретін салу
ІІ топ Көлдің суретін салу
ІІІ топ мақал – мәтел
Поэзия минуты (өлең шұмақтары)
ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезең.
Өзен қалай пайда болады?
Өзеннің басталатын жері қалай аталады?
Өзеннің сағасы деген не?
Өзен физикалық картада қалай бейнеленеді?
ірі өзендерді атайық.
(Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу)
Көл деген не?
Көлдердің көлемін қандай болады?
Көлдердің суы қандай болады?
Дүние жүзіндегі ең терең көл?
Көл физикалық картада қалай бейнеленеді?
«Керісінше ойлау стратегиясы»
1. Егер су болмаса нендей жағдай болар еді?
2. Арал теңізінің суының денгейі қалпына келсе қандай жағдай болар еді?
3. Егер Балқаш көлінің суының ластануын тоқтатуға бола ма?
Үй тапсырма
Қазақстан көлдері.
Картаны және оқулық мәтінін пайдаланып кестені толтырыңдар.
Көлдің аты
|
Көлемі
|
Тереңдігі
|
Шығу тегі
|
Құятын өзендер
|
Ағып шығатын өзендер
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тірлік тамам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз, қадірін, - деп сабағымды аяқтаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |