Атырау қаласы
№2 орта мектептің
Бейнелеу пәні мұғалімі
Агылепесова Нұржамал Ибрагимовна
Сабақтың тақырыбы. Қазақстанның сәулет өнері. Әсем Астана.
Сабақтың мақсаты.
а)Білімділік: Сәулет өнері тарихы жайлы мәліметтер беру. Қазақстан сәулет өнерінің дамуы туралы түсінік беріп, оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру, Отан туралы білімдерін толықтыру. ә)Дамытушылық: Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту. б)Тәрбиелік: Туған жердің табиғатын сүйе білуге, Қазақстанның болашағына деген сенім және елу елдің қатарына ұмытылуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиеттер, слайд т.б.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әнгімелеу,
Сабақтың түрі: жана сабақ
Сабақтың барысы.
Қызығушылықты ояту
Бейнелеу өнерінің түрлері
Ой қозғау
- Балалар, біздің Отанымыз қай мемлекет?
- Қазақстан дегенде көз алдымызға не елестейді?
Қазақстан- Қазақстанның бас қаласы Астана, Мемлекеттік тіл- қазақ тіліміз бар , Көп ұлттар тұрады, Кең байтақ жеріміз бар, Тұңғыш президенті бар-Н.Ә.Назарбаев, Пайдалы қазбалары көп, Тәуелсіз мемлекетпіз, Рәміздері бар ,Мәдениетіміз бар, Өнеріміз бар, Дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан ел.
Мағынаны тану
Тамыры тереңде жатқан сәулет өнерінің орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерінде де пайда болуы мәдениетіміздің озық үлгісі болып танылды. Орта ғасырда сәулет өнері дамыды. Төрт қабырғалы, өзіне тән ою- өрнектерімен безендірілді. Мысалы, Бабажа хатун кесенесі («Айша Бибі» кесенесі Тараз қаласы маңында). Көшпенді халық өзіндік сәулет ағымын өмірге әкелген. 9 – 14 ғ. Ғажайып қала құрылысын жаппай өркендетті. Кезінде шартарапқа әйгілі болған Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолының бойында бой көтеріп, талай ел саяхатшыларының таңдайын қақтырған. Ірі мәдени орталықтары болған қазақ жері сәулет өнерімен де әлемге белгілі болып отыр. 1994 жылы 6 шілде- астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды 1997 жылы 10 желтоқсан- Ақмола Қазақстанның астанасы.1998 жыл 6 мамыр-Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусым- ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы.Олай болса бүгін біз Қазақстанның бас қаласы Астананың көрікті жерлерін сырттай тамашалауға саяхатқа шығамыз.
2002 жылы Еуразияның кіндігі-Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған “Астана-Бәйтерек” монументі салынды.Бұл монумент қазақ елі тамырын мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі іспеттес.монументтің биіктігі 105 метр. Мұнда көркем галерея,үлкен аквариум, мейрамхана және 97 метр биіктікте қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын обсерватория –алаң бар.
Достарыңызбен бөлісу: |