Ақ Орда соңғы дамыған құрылыс әдісімен салынған жаңа резиденция. Президенттің жаңа резиденциясы-Есілдің сол жағалауындағы басты офистік ғимарат-367 шаршы метрді құрап, қазақстандық мәрмәр және гранитті пайдаланып салынған. Ғимараттың ең биік шыңы , шарықтаған қыранның бейнесін көрсеткендей 80 метрді құрайды.
Президент Ақ Ордасында екі елдің ел басшыларының кездесу залы немесе мәжіліс залы орналасқан. Ел басшыларының кездесу залы Алтын зал деп аталады. Ғимараттың құрылысы 2001 жылдың қыркүйек айынан басталды. Арнайы ашылу салтанаты 24.12.2004 жылы болды. Бұл ерекше ақтастан соғылған сарай бейбітшілік пен мемлекеттің қуатты бейнесінің символын береді.
“Хан Шатыры” сауда ойын-сауық орталығы 2010жылы шілденің 5-ші жұлдызында ашылды.Президент сарайынан бастау алған Бас қаланың ғажайып ғимараты Астана қаласының жаңа орталығының кіндігінде орналасқан.“Хан Шатыры”бірегей кешені жобасының авторы-танымал,ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. Жобаның ерекшелігі оның ішкі климаты ғимараттағы қазіргі заманғы автоматикалық құралдар арқылы қадағаланатынында болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |