Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік



бет2/3
Дата07.10.2024
өлшемі96,9 Kb.
#205794
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
қазң 3-ші жаңғыруы қмж9

ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН.
Тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беру.
Тыңдалымның мақсаты қандай?
Мәтіннің негізгі ойын білдіретін қандай ақпараттар берілген?
Тыңдалымда көтерілген мәселе қаншалықты өзекті?
Мәтінде маңызды мәселе ретінде неге көңіл бөлінген?


ӘТН.
Стиль дегеніміз – өмірдің белгілі бір саласында қолданынылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдар жүйесі. Тіл қолданысына қарай стиль мынадай топтарға ажыратылады:
1. Сөйлеу стилі
2. Кітаби-жазба стиль
Сөйлеу стилі. Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады. Сөйлеу тілі диалогтен құралады.
Диалог репликалар (диалог үстінде қарсылық білдіру, құптау мәнінде айтылатын қысқаша жауап) тізбегінен тұрады да, қысқа тұжырымды болып келеді.
Сөйлеу тілінің ерекше бір түрі – монолог. Монолог – бір кісінің сөзі, ол күрделі ойға құрылып, әртүрлі тәсілмен жеткізіледі.


Тұңғыш Елбасының қанатты сөздерімен танысыңдар.
Үш тілді меңгеру, білу – жаһанданған әлемге жолдама алу.
• Кез келген мемлекеттің өзегі – оның бірегей мемлекеттік тілі.
• Үш тілділікті дамыту – қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20%-ы ағылшын тілін меңгерді.


4-тапсырма. Елбасының қанатты сөздерін негізге ала отырып, «Жаһандану дәуіріндегі үштілділік» тақырыбында «Қамшы тастау» ойыны арқылы сұхбаттасу. Сөйлеу стиліне тән репликаларды қолданыңдар.


5-тапсырма. Үлгіні негізге алып, үй тапсырмасын «WhatsApp» желісінде талқыланған диалогті жалғастырыңдар. Стилін анықтаңдар. Желіде сауатты жазу қаншалықты маңызды?
6-тапсырма. Жазылым.
Оқылым мәтініндегі сызбаларда көрсетілген мәліметтің ішінен өздерің үшін маңыздысын таңдап алып, өз позицияларыңды дәлелдеп, пікірлеріңді жазыңдар. Сөз саны – 80. Бұл жазбаларың қай жанрға жатады? Дәлелдеңдер.


Қорытынды.
Қазақстанның үшінші жаңғыруы жайлы не білдік?
Сөйлеу стилінің ерекшеліктері неде?
Үйге тапсырма:
7-тапсырма.
Елбасының Жолдауынан алынған үзіндіде айтылған ойға қатысты өз ұсыныстарыңды жазыңдар. Сөз саны 100-120.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет