Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылындағы
№102 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Жәмила Абжалалова
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың батыр қыздары
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Абжалалова
|
Сынып: 7
|
Пәні: қазақ тілі
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
7.Т/А4. Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау;
7.О4.Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
7.Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу.
|
Сабақ мақсаты
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген мәтінді оқиды, тапсырмаларды орындайды. Мәтіннің тақырыбын анықтайды, көркемдігін ажыратады.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды, мәтін құрылымын сақтай отырып, сипаттап жазады.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Тапсырмаларды орындайды. Мәтіндердің тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы арқылы негізгі ойды анықтайды; құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды. Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазады.
|
Бағалау критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады, ынтымақтастықта болады. Мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды, мәтін құрылымын сақтай отырып, сипаттап жазады.
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, кеспе қағаздар және топқа бөлу парақшалары, қосымша тапсырмалар, стикер, слайд.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, «Қар кесегі», бірлесе тыңдау, әңгімелеу, түсіндіру, талдау, сипаттау, «Бес саусақ», «Топтық кластер», т.б.
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдебиет, тарих
|
Алдыңғы оқу
|
Отан оттан да ыстық
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |