Сабақтың тақырыбы: Азаттық! Теңдік! Келісім! Ата заң, сенің жемісің



Дата04.08.2017
өлшемі144,6 Kb.
#22677
түріСабақ
Алматы облысы, Панфилов ауданы,

Үлкеншыған орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Оңалбаева Талшын Батырғалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Азаттық! Теңдік! Келісім!

Ата заң, сенің жемісің



Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, негізгі заң талаптары мен міндеттерін орындауға үйрету.

2. Оқушылардың дүниетанымын дамыту, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін арттыру. Мәнерлеп сөйлеу дағдысын қалыптастыру және щығармашылық қабілетін шыңдау.

3. Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиелерін сіңіру. Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы құзіретті ұрпақ тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ- жауап, көрнекілік

Түрі: ертегі сабақ

Көрнекілігі: нақыл сөздер, ҚР Конституциясы, Бала құқықтары туралы Конвенция, жадынама, суреттер

Барысы:

І. Кіріспе бөлім.


  1. Психологиялық ахуал.

Шаттық шеңбері

Шеңберге тұрайық,

Қолымызды ұстайық,

Керегені жазайық,

Уық болып иіліп,

Шаңырақты құрайық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

Үлкенге де – сіз, кішіге де – сіз,

Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз.


Мұғалім: аман – есенсіздер ме, құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар. 2 «Ә» сыныбының «Азаттық! Теңдік! Келісім! Ата Заң, сенің жемісің» атты ертегі сабағымызға қош келіпсіздер.

(осы кезде кенет құлақ тұндырар оқыс гүріл естіледі. Оқушылар таңданып жан- жағына қарап қалады. Сыныпқа бейтаныс қыз кіреді.)



  • Сәлеметсіңдер ме жердің тұрғындары, оқушылар! Еш қорықпаңдар, аспан әлемінен ұшып келген мен ғой! Мен – Жұлдыз ханшайымымын.

  • (балалар ғажайып қонақты лезде қоршап ұстап көріп жатады.)

  • Мен «Әділет»ғаламшарынанмын. Ол жақта жағдай мүлдем басқа, бірақ біз сендердің жерлерің туралы жақсы білеміз. Үнемі сендерді бақылаудамыз. Сендерде көз жасы көп төгіледі екен. Сонда қалай? Сендерде әділет, құқық заңдары жоқ па?

Мұғалім: - Ия, Жұлдыз ханшайымы, біздің елге қош келіпсіз, төрлетіңіз. Тура уақытында келдіңіз. Біздің 2 «Ә» сыныбы сіздің сұрақтарыңызға жауап бермек.

Өте ерте заманнан адамзат өмір сүргеннен жаман істер, тәртіп бұзушылықтар көп болыпты. Оларды тыю үшін әр заманның өз заңы болған екен. Алғаш қазақ елі «Қасым ханның қасқа жолымен, Есім ханның ескі жолымен» жүріп, Тәуке ханның бастауымен үш жүздің билері - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билер елінде әділет орнатқан «Жеті жарғыны» өмірге әкеліп, ел тыныштығын сақтаған.

«Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке», - деп Төле би бабамыз айтқандай, қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.

1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстанның тәуелсіздігін талап етті. Соның нәтижесінде біз егеменді ел болдық.

Біздің туған жеріміз, тіліміз бен дініміз, салт – дәстүрімізді, баршамыздың мүддемізді қорғайтын Ата Заңымыз - Конституциямыз бар.

Ата Заңымызға сүйене отырып, көп ұлтты Қазақстан бейбіт өмір сүріп, ғарыштап дамып келеді.



Бәрі:

Біздің алдағы мақсатымыз: өткен тарихымызды, өз құқығымызды біліп, міндеттерімізды орындап, білімді, тәртіпті азамат болу.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз құқықтарымыз жайлы әңгіме қозғамақпыз.

Тәрбие сағатымыз 5 кезеңнен тұрады.



Жоспары:

  1. Асқақтасын, Ата Заң

  2. Бала құқығы - асыл қазына

  3. Ой сергіту

  4. Жылдар жемісі

  5. Қорытынды

ІІ. Негізгі бөлім


  1. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

  2. Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

  3. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

  4. Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

  5. Біз бақытты баламыз,

  6. Өссін деп ой – санамыз,

  7. Үлкендерден үйреніп,

  8. Үлгі –өнеге аламыз.

  9. Ән айтамыз шалықтап,

  10. Би билейміз халықтап.

  1. Би: «Шашу»

  1. Асқақтасын, Ата Заң

  1. Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірі, денсаулығы, тыныштығы біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.

  2. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің Ата Заңы – Конституция қабылданды. Ата Заң – барлық құжаттардың қайнар көзі, бастауы

  3. ҚР Конституциясы 9 бөлім, 98 баптан тұрады.

  4. 1 бөлім Жалпы ережелер

  5. 2 бөлім Адам және азамат

  6. 3 бөлім Президент

  7. 4 бөлім Парламент

  8. 5бөлім Үкімет

  9. 6 бөлім Конституциялық кеңес

  10. 7 бөлім Соттар және сот төрелігі

  11. 8 бөлім Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

  12. 9 бөлім Қорытынды және өтпелі ережелер

  13. Ата Заңым – ардағым,

  14. Аялаған адамзаттың арманын.

  15. Жол бастайды болашаққа жасампаз,

  16. Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.

  17. Құқық – мемлекет шығарып, бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы. Құқық заңмен қорғалады.

  18. Ата Заңда жеке адамдардың құқығы мен еркі туралы айтылған.

  19. І. Бөлім 1- бап 1 – тармақ

  20. ҚР өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

  21. 3- бап 1 – тармақ

  22. Мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халық.

  23. Бәрі: 7 – бап 1 – тармақ

  24. ҚР – дағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі

  25. ІІ. Бөлім 14 – бап 1- тармақ

  26. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

  27. 15- бап 1- тармақ

  28. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

  29. 29- бап 1 – тармақ

  30. ҚР- сы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

  31. 30- бап 1 – тармақ

  32. Азаматтарды мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

  33. Бәрі: 34- бап 2 – тармақ

  34. Әркім ҚР – ның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

  35. 36 – бап 1 – тармақ

  36. ҚР –сын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

  37. 39- бап

  38. ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

  39. ІІІ. Бөлім 40 – бап 1 – тармақ

  40. ҚР – ның Президенті – мемлекеттің басшысы, ең жоғары лауазымды тұлға.

  41. Бәрі: Заң баршаға ортақ

  42. Ал бүгін, міне, жарқырап,

  43. Нұрын төкті алтын заң.

  44. Оқу оқып, білім ал

  45. Демал деген осы заң.



  1. Құқымыз бар өскенде,

  2. Оқуға, еңбек етуге

  3. Баруға да әскерге

  4. Мақсатқа игі жетуге.



  5. Құқым бар менің, сенің де

  6. Мектебіме келуге,

  7. Демалуға шаршасаң,

  8. Ауырсаң емделуге.



  9. Ата Заңым мерейім

  10. Мәртебең мен беделің.

  11. Ата Заңым өркендеп

  12. Өсіп өрлей беремін.

  13. Заңды есіне алады,

  14. Бізде үлкен, кіші де,

  15. Заңға сәйкес болады

  16. Атқарған барлық ісі де.



  17. Алса адамның мазасын,

  18. Бұзақы тартар жазасын.

  19. Әрі сыйлы, әрі әділ

  20. Ата заңым жасасын

  21. Бәрі:

  22. Міндетімді білемін,

  23. Тәртіп сақтап жүремін,

  24. Ата заңым тұрғанда

  25. Алаңсыз өмір сүремін.

  1. ІІ кезең. Бала құқығы – асыл қазына

  2. Жұлдыз ханшайым

  • Балалар, дүние жүзі елдерінің ортақ заңдары, ережелері бар ма?

  1. 1948 ж 10 желтоқсанда адам құқықтары жалпыға ортақ Декларациясы қабылданған.

  2. 1989 ж 20 қарашада «Бала құқықтары туралы Конвенция» қабылданып,

  3. 1995 ж желтоқсанда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Бала құқықтары туралы Конвенцияға» қол қойды.

  4. Бала құқықтары туралы Конвенциядан

  • Балалар өз ана тілінде сөйлеуге, өз салт – дәстүрін, дінін сақтауға құқылы.

  • Балалар қауіпсіз өмір сүруге құқылы

  • Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

  • Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

  • Бала жарық дүниеге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық құқық алуға құқылы;

  • Мемлекет әрбір баланың аман сау өсіп жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді:

  • Әрбір бала ата-анасына көмек беруге міндетті;

  • Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

  • Бала қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

  • Баланың тегін білім алуға құқылы;

  • Баланың өз ойын еркін білдіруге құқылы;

  • Балалар жеткілікті тамақтануға құқылы;

  1. Бәрі: - Әрбір бала өз құқығы мен міндетін білуі тиіс.

  2. Жұлдыз ханшайым

  3. Өздерің күнделікті өмірде қандай құқықтарыңды пайдаланып жүрсіңдер?

  • 1 қыркүйек мектепке келеміз;

  • Біз тегін білім алу құқығымызды пайдаланамыз

  1. Бәрі: Мемлекет бізді ақысыз оқытады, тегін оқулықтармен қамтамасыз етеді, тегін емделеміз

  2. Заңда құқықтарымыз бен міндеттерімізде қатар жазылған. Біз заңға бағынуға міндеттіміз.

  3. Оқушы құқықтары

  4. Мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуған;

  5. Қосымша білім алуға;

  6. Ғылыми жұмыстармен айналысуға. Кеңесулер мен конферецияларға,

  7. Олимпиадаларға, көрме және жарыстарға қатысуға;

  8. Мектеп басқаруға қатысуға құқылы.

  9. Оқушы міндеттері

  10. ҚР заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге;

  11. Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;

  12. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;

  13. Мұғалімдерге, тәлімгерлеріне құрмет көрсету;

  14. Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып, кішілерге көмек көрсету;

  15. Тапсырманы белгіленген мерзімінде тапсыру;

  16. Себепсіз сабақтан қалмау;

  17. Өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған саймандарды алып жүру;

  18. Сабақ басталуыдан 10 – 15 минут бұрын келуі міндетті

  19. Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдық тапсырмаларды орындау;

  20. Мектеп атағын аудандық, қалалық, және республикалық іс – шаралар да қорғау;

  21. Қоғамдық жерде өзін ұстау, мәдениетін көтеруге білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жүргізу;

  22. Мектеп формасын сақтау, мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану.

  23. Бұл заңдарда жасөспірімдер мен балаларды ерекше қамқорлыққа алу қажеттілігі туралы айтылған. Сендердің туғаннан бастап, ержеткенге дейінгі құқықтарың айқан көрсетілген.

  24. Балалар, сендерге арналған ерекше күндер белгіленген.

  25. Біліп жүрейік

  26. 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні

  27. 20 қараша – дүниежүзілік балалар күні

  28. Жұлдыз ханшайым

  29. Бұл керемет! Бүкіл дүние жүзі елдері сендердің құқықтарыңды қорғайды екен ғой. Өте жақсы.

  30. Сән – салтанат жасайық,

  31. Күй сандығын ашайық.

  32. Бұл мереке, ортада,

  33. Әннен шашу шашайық.

  34. Ән: «Балалық шақ»

  35. ІІІ. Ой қозғау

  36. Құқық туралы мақал – мәтелдердің жалғасын табу.

  37. Қолыңмен істегенді.... (мойныңмен көтер)

  38. Тек жүрсең...(тоқ жүресің)

  39. Білім гауһар - бағасы жоқ,

  40. Надандық кесел – ...(дауасы жоқ)

  41. Ұрлық түбі ... (қорлық)

  42. Біреуге ор қазба ...(өзің түсерсің)

  43. Заңның құрығы... (бәрінен ұзын)

  44. Өтіріктің құйрығы ....(бір-ақ тұтам)

  45. «Бәріміз берге» ойыны

  46. (қойылған сұрақтарға оқушылар хормен жауап береді)

  1. Біздің мемлекет – ҚР

  2. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі

  3. ҚР мемлекеттік рәміздері – ту, елтаңба, гимн

  4. Елордамыз – Астана

  5. ҚР кім басқарады? – президентіміз Н. Ә. Назарбаев

  6. Бізді қорғайтын заң – ҚР Ата Заңы - Конституция

  1. IV кезең. Жылдар жемісі

  2. 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР –ның тәуелсіздігі жарияланды.

  3. Өзіңдікі – еліде,

  4. Өзіңдікі жеріңде.

  5. Өзіңді – өзің еткен бақ,

  6. Тәуелсіздік төрінде

  7. 1991 ж 1 желтоқсанда ҚР тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев сайланды.

  8. Ел қалауы – НұрОтан

  9. Ел тірегі – Нұрсұлтан.

  10. 100 ге келіп елбасым

  11. Гүлдене бер Қазақстан!

  12. 1992 ж 2 наурызда ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

  13. 1992 ж 4 маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Гимні бекітілді.

  14. ҚР Мемлекеттік Туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков

  15. ҚР – ның елтаңбасы авторлары Жандарбек Мәлібеков, Шот –Аман Уалиханов.

  16. Гимн - Отан әні. ҚР мемлекеттік гимннің сөзі Ж. Нәжімеденов пен

  17. Н. Ә. Назарбаевтікі, әні сазгер – Ш. Қалдаяқовтікі.

  18. Барша халық таныған,

  19. Біздің үміт тілекті

  20. Шырқағанда гимнді

  21. Шаттық кернер жүректі.

  22. 1992 ж 7 мамыр Қазақстан қарулы күштері құрылды

  23. 1993 ж 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды.

  24. 1993 ж 15 қарашада ҚР халықаралық ұлттық ақшасы – теңге

  25. айналымға енді.

  26. Бәрі:

  27. Бар менің ұлттық өз теңгем,

  28. Байлығымыз кімнен кем.

  29. Елбасының көшімен

  30. Қазақстан гүлденген.

  31. 1995 ж 30 тамызда еліміздің Ата Заңы – Конституция қабылданды.

  1. Конституция – Ата Заң,

  2. Ақылдасып ел жасаған.

  3. Орындаймыз оны бәріміз,

  4. Әр сөзіне беріп аса мән.



  5. Бүкіл ел боп талқылап,

  6. Парламентте мақұлдап,

  7. Елбасымыз қол қойған.

  8. Әлемге әйгілі Ата Заң.

  1. 1995 ж 15 қыркүйекте Елбасы «ҚР астанасы» туралы заңға қол

  2. қойды.

  3. Бар менің жаңа астанам,

  4. Басып озған басқадан

  5. Әлемдік озық үлгілі

  6. Астанаммен мақтанам.

  7. 1996 ж Алматыда «Тәуелсіздік монумементі» ашылды.

  8. 1997 ж 11 шілде де ҚР тіл туралы заң қабылданды. ҚР

  9. мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

  10. Мемлекеттік мәртебе

  11. Алған ана тілім бар.

  12. Әр адамзат сол тілде,

  13. Сөйле де, жаз, білім де ал!

  14. 1998 ж 1 қаңтар «ҚР – да зейнетақымен қамтамасыз ету»

  15. туралы заң қабылданды.

  16. 1999 ж 10 қаңтар – Н. Ә. Назарбаев президент болып қайта

  17. сайланды.

  18. 2000 ж - «Мәдениетті қолдау» жылы

  19. 2001 ж - «Тәуелсіздік» жылы

  20. 2002 ж – «Денсаулық» жылы. Астанада «Астана – Бәйтерек

  21. монументі ашылды

  22. 2003 ж – Әлемдік дін басшыларының 1 съезі өтілді.

  23. 2004 ж «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

  24. 2005 ж Астанада орталық мешіті ашылды.

  25. 2006 ж – 13 жылдан кейін төл теңгеміз қайта басылды.

  26. 2007ж – 4 маусым ҚР – ның мемлекеттік рәміздері туралы

  27. Конституциялық заң қабылданды.

  28. 2009 ж ҚР – да екінші ұлттық халық санағы жүргізілді.

  29. 2010 ж 31 желтоқсан – 2011 ж 7 қаңтар аралығында Қысқы

  30. Азия ойындары өтті.

  31. 2011 ж 16 желтоқсан – Тәуелсіздікке - 20 жыл

  32. 2012 ж Қазақстан БҰҰ – на қабылданғанына 20 жыл толды.

  33. 2014 ж 17 қаңтар ҚР –ның президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан

  34. жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауын жариялады.

  35. Біздің еліміздіңмақсаты жарқын іспен күллі әлемді таңғалдырып Мәңгілік ел болу!

  36. Осы жылдарда барлық жетістіктерге біз мемлекетіміздің Ата Заңының арқасында қол жеткіздік. Біздің көп ұлтты мемлекетіміздің тыныштықта, бейбітшілікте және келісімде өмір сүруі – біздің Ата Заңымыздың арқасы.

  37. Қ – Қазақстан біздің Отанымыз

  38. А – асқақтасын Ата Заңымыз

  39. З – зайырлы, тәуелсіз, егеменді елміз

  40. А – асыл қазынасы адам және адам бостандығы

  41. Қ – қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

  42. С – саясатта келісімге берік

  43. Т – төсінде өрбіген жан- жануарлары,емге шипа суы, дәрілік өсімдіктері қаншама

  44. А – ақшамыз – тенге айналымда

  45. Н – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – көшбасшымыз

  46. Бәрі:

  47. Еліміздің көк туы мәңгі желбіреп, гүлдене берсін!

  48. Жұлдыз ханшайым

  49. Өте дұрыс, сендердің жерлеріңде әділет орнаған екен. Жер бетінде мәңгілік бейбітшілік болсын. Енді алаңсыз өз мекеніме қайтайын. Қош, аман болыңдар, қош!

  50. Бәрі: қош, сау болыңыз, Жұлдыз ханшайым.

  51. Оқу оқы, еңбек ет,

  52. Де мал!

  53. Досқа бер көмек,

  54. Отанды сүй,

  55. Адал бол!

  56. Өнегелі адам бол,

  57. Дейді алтын заңымыз,

  58. Бақыттымыз бәріміз.

  59. V. Қорытынды бөлім

  60. Бүгінгі сабағымызда құқық жайлы айтылған әрбір сөзді санамызда сақтап,міндеттерімізді орындап, білімді, тәрбиелі болайық.

  61. Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Елдігіміз мәңгілік болсын!

  62. Хор: «Атамекен» әні






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет