Сабақтың тақырыбы: Азық- түлік дүкенінде



бет1/2
Дата29.01.2018
өлшемі154,42 Kb.
#36201
түріСабақ
  1   2
Қазақ тілі 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Азық- түлік дүкенінде

Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша оқушылардың өз ойларын қазақша жеткізуге баулу, тақырыпты өмірмен байланыстыру.

Міндеттері: Сабақ барысында қолданылатын жаңа сөздерді орынды қолдануға үйрету, қазақ тілін білуге, қазақша сөйлеуге қызығушылықтарын арттыру. Көпшілік орындарда өздерін сыпайы ұстап, әдепті сөйлеуге баулу.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, диалогтік оқыту

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілік: суреттер.

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі

• сәлемдесу, оқушыларды түгендеу


сұрақ-жауап

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Тақтада берілген сурет бойынша сөйлемдер құрату арқылы оқушылардың азық-түлік атауларын, олармен сөйлем құруларын тексеру.



ІІІ. Жаңа сабақ

1. Сабаққа қызығушылықтарын ояту. Интерактивті тақтамен жұмыс. 1-слайд. Екі қыз бала оқушылармен танысады.



2. Екеуі азық-түлік дүкеніне келеді. Сурет бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.

— Қыздар қайда келді?

— Қалай ойлайсыңдар, олар не сатып алады?



3. Қыздар не сатып алғандарын келесі суреттерден көріп сөйлем құрап, атап шығады.

4. Келесі суретте көрсетілген азық-түліктерді атайды.

5. Сергіту сәті. «Бинго» ойынын ойнату. Тақтада берілген суреттер оқушылардың дәптерде жазған азық-түлік атауларымен сәйкес келуі керек.

6. Жұмбақ шешу.

1) Қандай аппақ, балдай тәтті-ақ.


2) Ас атасы не?
3) Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да, қар емес,
Шешуін кім табады?

7. Үш қатарға әр түрлі дүкендер суреттері беріледі. Суреттер бойынша 5 минут ішінде 5-6 сөйлемнен әңгіме құрастыру қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет