Шығарма үзінділерімен жұмыс жасай отырып, шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді мәнерлеп оқи алады.
Тапсырма
1-тапсырма.Ж/Ж. Топқа берілген өлең үзіндісін дауыстап мәнерлеп оқу үшін жұпқа бөлініздер. Жұпта отырып дауыстап оқиды. Егер жұбыңыз талапқа сай оқымаса , дұрыс оқу жолдарын керектігін үйретіңіз. Мысалы: (екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауыс т.б.) Әр жұп өз қалауларыңыз бойынша мәнерлеп оқи алады деген оқушыны ұсыныңыздар. (Әр топтағы оқушылар жұпта өздеріне берілген үзінді бойынша жұмыс жасайды.)
2-тапсырма. Жеке жұмыс. Шығармадағы кейіпкер бейнесін ашу үшін «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Пікір. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғауы бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дәлел. Толғаудағы кейіпкер /ақын/ мінезін ерекшелеп тұрған сөз бен суреттемелерге 2-3 мысал тауып, бір сөйлеммен дәлелдеңіз.